Білім беру ҧйымдарында


«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ АЯСЫНДА КЕЛЕСІ ПӘНДЕР ОҚЫТЫЛАДЫ



бет88/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ АЯСЫНДА КЕЛЕСІ ПӘНДЕР ОҚЫТЫЛАДЫ:
«Қазақ тілі», «Русский язык», «Қазақ әдебиеті», «Русская литература», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Русский язык и литература», «Родной язык», «Ҧйғыр/Ӛзбек/Тәжік әдебиеті», «Шетел тілі ».
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)
«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» оқу пәндерін оқытуда оқу процесін ҧйымдастырудағы ерекшеліктер
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған.
Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға тӛндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялар, оларды жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар:

  1. қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау;

  2. тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау;

  3. тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сӛйлеу мәдениетін, ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру;

  4. тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа прагматикалық кӛзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық бағдарын сабақ барысында күшейту.

«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа негізделіп құрастырылды. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді.
Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/ сайтынан алуға болады. Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары). Білім мазмҧнын ҧйымдастырудағы ерекшеліктер:
5-9-сыныптарда оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты кӛрсетілді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:

  1. 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

  2. 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

  3. 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 5) 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сӛйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның қолданыстағы бағдарламадан ерекшелігі қазақ тілін функционалдықкоммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, тӛрт дағдыға негізделген:

  1. тыңдалым және айтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормаларын сақтау.

«Тыңдалым және айтылым» бӛлімі оқушылардың тӛмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

  • берілген ақпаратты түсіну;

  • негізгі идеяны және түрлі жағдайлар тұрғысынан мәтіндегі кӛптеген кӛзқарастарды анықтау;

  • тыңдалған материалға жауап беру;

  • жасырын мәтінді анықтау, болжау;

  • қоғамдық және іскерлік жағдайлардағы тіл мәдениетін түсіну және іске асыру;

  • тыңдаушылардың назарын аудару үшін әдеби тәсілдерді пайдалану;

  • тыңдалған материалды бағамдау;

  • мультимедиа ресурстарын пайдалана отырып, сӛйлеу және тыңдау.

«Оқылым» бойынша:

  • жазбаша ақпаратты түсіну;

  • мәтіннің негізгі идеясы мен құрылымын анықтау;

  • мәтіндегі лексиканың ерекшеліктерін түсіну;

  • сұрақтарды тұжырымдау және бағамдау;

  • мәтіннің түрлері мен стилін анықтау;

  • әртүрлі оқылым стратегияларын пайдалану; - түрлі ақпарат кӛздерінен қажетті ақпаратты алу; - мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау.

«Жазылым» бойынша:

  • ӛз кӛзқарасын білдіре отырып мәтін жазу;

  • тиісті стильді пайдалана отырып, алуан түрлі тақырып бойынша мәтін жазу;

  • жоспар құру;

  • ӛзіндік стильде мәтін құру;

  • тыңдалым, оқылым және аудиовизуалды материалдар негізінде шығармашылық жұмыс жазу;

  • түрлі жанрда мәтін құру;

  • мәтіндерді салыстыру;

  • мәтіндерді түзету және түрлендіру;

  • оқырманның қызығушылығын оятып, сендіріп жазу; - эссе жазу.

«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бӛлімі аясындағы бӛлімшелер оқушылардың тӛмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

  • орфографиялық норма;

  • орфоэпиялық норма;

  • лексикалық норма;

  • грамматикалық норма;

  • пунктуациялық норма.

Оқыту мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары туралы ӛзара ой бӛлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты кӛрсететін 4 бӛлімнен тұрады және олардың жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған. Оқу мақсаттарымен жҧмыс жҥргізу жолдары:

  • оқу жоспарында кӛрсетілген оқыту мақсаттары оқушыларды, тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған;

  • мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта бір немесе екі коммуникативтік әрекетті негіз етіп алады, ал басқа коммуникативтік әрекеттер жанама түрде қолданыла береді. (Мысалы, тыңдалым/ айтылым, оқылым/ жазылым);

  • әрбір әрекет бірнеше оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сабақ жоспарын құру барысында коммуникативтік әрекеттің барлық түрін бір деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі жанама түрде дамытыла береді. Мұғалім орта мерзімді жоспарда ұсынылған лексикалық тақырыпқа бӛлінген оқу мақсаттарының орын тәртібін сабақ түрі мен әдістерінің қажеттілігіне қарай ӛзгерте алады.

Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қызықты болатын, ӛмірмен байланысты лексикалық тақырыптар ұсынылды. Мысалы, «Ғарышты игеру», «Қызыл кітапқа енген жануарлар», «Энергия ресурстары» , «Туризм. Экотуризм», «Театр», «Заң» бӛлімдеріне қатысты лексикалық тақырыптар оқушының белсенді сӛздік қорын байытуға, алған білімін күнделікті ӛмірде қолдана алуға, ӛз ойын ашық, еркін жеткізе білуге мүмкіндік береді.
Бағдарламада әртүрлі оқыту сатыларында ӛмірлік маңызды міндеттерді шешу үшін қажетті дағды мен қабілеттерді бірізді және кезеңдік дамыту жүреді.
Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысуды жүргізу, түйіндеме, мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін тигізеді.
Бағдарлама мазмұнына түрлі санаттағы мәтіндермен жұмыс істеу түрлері енгізілді. Мысалы, оқылымның «Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану» оқу мақсатын жүзеге асыру үшін 5-сынып оқушылары ауызекі сӛйлеу және жазба стильдегі мәтіндердің айырмашылықтарын таныса, одан жоғары сыныптарда әртүрлі стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын анықтайды. Оқу мақсаттарын жүйелі түрде жүзеге асырудың нәтижесінде оқушылардың мәтінді талдау дағдысы қалыптасады. Білім алушы табиғат пен қоршаған ортаны тануда, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесіп қалатын табиғи құбылыстардың сырын ашуда, ой бӛлісуде, пікір алмасуда тілді құрал ретінде пайдаланып, грамматикалық заңдылықтар мен формаларды дұрыс қолдана білуге үйренеді. Білім алушылар грамматиканы дәстүрлі «жаттанды» әдіспен емес, ӛмірмен байланысты мәнмәтінде меңгереді. Ол оқу бағдарламасында сӛйлеу әрекеті түрлері бӛлімінен бӛлек «Әдеби тіл нормалары» бӛлімінде кӛрініс табады.
Грамматика бӛлек қарастырылмай, лексикалық тақырыптар аясында әдеби тілдік норма арқылы функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқытуға бағытталған. Грамматикалық бірліктердің мәтінді құруға қатысуда қандай функционалдық мағыналық қызмет атқарғанын таныту міндеті жүктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет