«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқушыларды кітап оқуға баулу, сӛйлеу тілін дамыту мақсатында жазғы демалыс кезінде оқитын оқу бағдарламасына қосымша кӛркем шығармалардың тізімі ҧсынылды. Кӛркем шығармалардың тізімі оқушылардың жас ерекшелігі мен келесі сыныпта оқылатын және оқулықта үзіндісі ғана берілетін шығармалар ескеріліп жасалды. Жаңа оқу жылының басында жазда оқыған шығармалары бойынша «Оқушы күнделігі», «Мен оқыған кітап» және т.б. тақырыптарда кӛрме ӛткізуге болады. Кӛрмеге әр оқушы ӛзі оқыған туынды бойынша шығармашылық жұмысын ұсынады. Жұмыс фотоколлаж, эссе, жарнама, сурет т.с.с. түрде жасалуы мүмкін. Оқушылардың жұмысын арнайы сарапшылар талдап, қорытындысын шығарады.
«Оқырман күнделігі» тақырыбындағы іс-шарада оқушы оқыған шығарманың мазмұнын:
сұрақ қою;
тірек сӛздерді жазу;
оқиғаның түйінін жазу;
оқиғаны суретке түсіру түрінде дәптерге түсіреді. Назар аударыңыз!
Балалар ҥшін оқуға арналған шығармалар тізімі Әдістемелік нҧсқау хаттың қосымшасында берілген.