Білім беру ҧйымдарында



бет110/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

Ҥш тілде білім беру
Мақсатты тілдер тілді деңгейлік оқытуға сәйкес оқытылады, яғни шетел тілдері мақсатты тілдер ретінде CEFR шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігі бойынша Тілдерді оқытудың деңгейлік моделі негізінде оқытылады.
48-кесте. Тілдерді оқытудың деңгейлік моделі



Оқу пәндері







Сыныптар







5

6

7

8




9

1

Қазақ тілі (Т1)







Оқыту тілі







2

Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2)







В1-В2







3

Орыс тілі (Я1)







Оқыту тілі







4

Орыс тілі және әдебиеті (Я2)







В1-В2







5

Ағылшын тілі (L3)




А2







В1




6

Француз тілі (L3)




А1







А2




7

Неміс тілі (L3)




А1







А2




Тілдерді деңгейлік оқыту тӛрт қызмет түрі бойынша: тыңдау,
сӛйлеу, оқу және жазу дағдыларын дамытуды кӛздейді.
Ҥш мақсатты тілді оқытудағы әдіснамалық кӛзқарас келесіге негізделген:

  1. Коммуникативтік тәсіл грамматикалық ережелерді ӛзге тілде қарымқатынасқа түсу барысында ғана қолдануға бағыттайды. Коммуникативтік құзыреттілік тілді әртүрлі мақсаттар мен функциялар үшін қолдана білу, әр түрлі типтегі және сипаттағы мәтіндерді оқи алу, түсіну және құрастыра білу, лексикалық және грамматикалық база шектеулі болса да қарым-қатынасқа түсіп, сӛйлесе алу дегенді қамтиды.

Коммуникативтік тәсіл, ең алдымен, тілдік құрылымдардың дұрыстығына емес, диалогты дамытудың ықтимал нұсқаларын ұғыну, жалпы коммуникативтік мақсатқа жету, бейнелеп айту дағдысын дамыту сияқты параметрлерге негізделеді. Мұндай оқытуда мұғалім кӛмек беруші ретінде болады.
Осылайша, білім алушы тіл туралы білімді ғана емес, сонымен қатар қоғамда ӛзін үстауды, оқытылатын тіл елінің мәдениетінің нормалары сияқты әлеуметтік-мәдени компонентті де меңгереді. Бұл оған тіл
тасымалдаушыларымен сӛйлесу барысында оларды дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді.

  1. Мәдениетаралық-коммуникативтік тәсіл. Тілдерді оқыту барысында тұлғаның мәдениетаралық қарым-қатынасқа қажетті қасиеттерін дамытуға кӛңіл бӛлінеді. Бұл тәсіл бірнеше міндетті шешуге:

  • оқытылатын тіл елінің ӛзіндік ерекшелігі, мәдениеті, дәстүрлері туралы түсінік қалыптастыруға;

  • білім алушының когнитивті тәжірибесін кеңейтіп, құндылықтық бағдар жүйесін қалыптастыру үшін қажетті, ӛз еліне, туған ӛлкесіне деген сүйіспеншілікті, ұлттық мәдениетке, тілге деген құрметті тірбиелеуге;

  • оқытылатын тілде ӛз ӛлкесінің мәдениеті, дәстүрі, тарихы туралы ақпаратты тарату үшін жағдай жасауға;

  • мәдени-білім беру кеңістігінде ӛзін-ӛзі тұлға ретінде кӛрсету мүмкіндігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Білім алушылардың коммуникативті дағдыларын тиімді қалыптастыру үшін педагогтерге тӛмендегідей ҧсынымдар беріледі:

  1. Интерактивті оқу ортасын қалыптастыру қажет. Әрбір мұғалім білім алушылармен, сондай-ақ білім алушылардың ӛзара қарымқатынастарында олардың коммуникативтік қабілеттерін дпмыта түсу үшін ӛзінің педагогикалық құралдарын, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын қайта қарап шыққаны абзал.

  2. Интенцияларды пайдалану.

Инте нция (лат. intentio «ниет, ынта») – сананың бір затқа немесе ойға бағытталуы, сӛйлеудің белгілі бір стилінде, монологтік немесе диалогтік формада сӛйлеу қҧруға коммуникативті
ниеті.




Оқытуды ҧйымдастыру тҧрғысынан бҧл – инновациялық әдіс , яғни оқу процесінің технологиясын ӛзгерте алатын осындай әдістер мен дидактикалық қҧралдардың қолданылуы.
Мазмҧны жағынан - бҧл мағынадан формаға ӛту жолы.

Интенция – сӛйлеудің бастапқы негізі: бір жағынан – пікірге алғышарт, екінші жағынан ол – пікір құрылатын база. Демек, оқытудың барлық кезеңдерінде интенция жетекші орын алады және үнемі мұғалімнің назарында болады.
Интенцияны пайдаланудың тиімді болу шарттары: жұмыс басталмас бұрын мұғалім:

  • сұрақ қою арқылы (Сен не мақсатпен сӛйлейсің?) ;

  • нұсқау беру арқылы (Сҧхбаттасушыға оның уәдесі туралы есіне салу ҥшін әдепті тҥрде сҧрақ қой);

  • кеңес беру арқылы (Басқалардың іс-әрекеттерін жақсы бағала) коммуникативті ниетті анықтап алады, яғни, кез келген формада, бірақ міндетті түрде алдымен интенция, содан кейін сӛйлеу іс-әрекеті тіртібі сақталуы тиіс. белгілі бір ниетті (интенцияны) сӛзбен жеткізе білу, яғни, білім алушылардың ӛз бетінше мәтінге де, иллюстрацияларға да, жағдайларға қатысты да сұрақтар қоюы.

Ниет (интенция) әртүрлі жағдайларда жүзеге асырылады. Жаттығуларды орындау барысында кӛркем мәтін немесе дайындалмаған бала диалогі болса да, әртүрлі сӛйлеу тіртібі негізінде бір ынта жатқанына білім алушылардың назарын аударып отырыңыз.
Педагог бір ғана емес, бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтарды қоюға тырысуы керек.

  1. Грамматикалық модельдерді пайдалану, бҧл ӛзінің коммуникативтік ниетін нақты сӛйлеу әрекетіне ауыстыруға кӛмектеседі. Модельдің сӛйлемдердің типтік мәндерін жеткізе алу қабілетіне ие болу мүмкіндігі – бұл қарым-қатынасты мағынадан формаға үйретудің ең қысқа жолы.

  2. Мұғалімдердің скаффолдинг стратегиясын қолдануға тырысуы керек, яғни білім алушыны терең пәндік мазмұнмен, сондай-ақ ауызша және жазбаша сӛйлеудің дамуына ықпал ететін мазмұнмен қамтамасыз ету керек. Академиялық тілді біртіндеп енгізіп, қосымша нұсқаулар мен тапсырмалар ұсынған жӛн. Тапсырманы орындауды бастамас бұрын «ой қозғау» («миға шабуыл») тәсілін, «қабырғаға қарап оқу», тұжырымдамалық карталарды, сӛздер жазылған кестелерді белсенді қолдануға болады. Ұсынылған жаңа білімді бұрын оқылған тақырыптармен және тілмен байланыстыру керек.

  3. Білім алушылардың ӛзін-ӛзі бағалау құралы ретінде иллюстративті дескрипторларды пайдалану.

  4. Пән мазмұны мен тілді оқыту үшін тҥпнҧсқа мәтіндерді, артефактілер мен материалдарды, ал сӛйлеу қызметінің негізгі түрлерін (сӛйлеу, тыңдау, оқу және жазу) дамыту үшін сӛйлеудің әртүрлі жазбаша және цифрлық кӛздерін қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет