15. «Мемлекеттік ҧйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бҧйрығы
Жаңа НҚА педагогтердің жалақысын есептеу ережесін анықтайды. «Тӛтенше жағдай кезеңінде есептеу тәртібі» тармағын қамтиды.
16. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тҧлғаларды аттестаттаудан ӛткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бҧйрығына ӛзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 202 бҧйрығы
2-тарау. 3-тармақ. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдар атқаратын педагогтерді аттестаттау (бұдан әрі – педагог) мынадай кезеңдерді қамтиды: педагогтер ҥшін: Ұлттық біліктілік тестілеу;
біліктілік санатын беру (растау) рәсімі;
білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары үшін:
біліктілік бағалау;
қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау. білім беру ұйымдарының басшылары үшін:
Ұлттық біліктілік тестілеу;
біліктілік бағалау;
қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.
басшы лауазымына конкурстық тағайындау ӛткізу тәртібі
басшы лауазымына конкурстық тағайындау тәртібі.
2-тарау. 4-тармақ. Педагогтерді аттестаттау бес жылда кемінде бір рет, білім беру ұйымдарының басшыларын – «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет ӛткізіледі.
2-тарау. 11-тармақ. Ұлттық біліктілік тестілеу келесі тест тапсырмаларынан тұрады: 1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:
«Мектепке дейінгі педагогика және психология» - отыз тапсырма;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
2) Жалпы орта білім беру педагогтері үшін:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма; «Оқу пәнінің мазмұны» - жетпіс тапсырма; Бастауыш білім беру педагогтері тестілеуді: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), әдеби оқу, математика пәндері бойынша тапсырады.
Арнайы пәндер бойынша педагогтер:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма; «Қызмет бағыты бойынша» - жетпіс тапсырма; Ӛндірістік оқыту шеберлері:
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма;
«Қызмет бағыты бойынша» - отыз тапсырма; 4) Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
«Психология негіздері» - отыз тапсырма;
«Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма; 5) Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
«Оқу пәнінің мазмұны» - жетпіс тапсырма; «Педагогика, оқыту әдістемесі» - отыз тапсырма.
6) Білім беру ұйымдарының басшылары үшін: «Заңнаманы білу» бағыты бойынша - 80 (сексен) сұрақ;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі - 20
(жиырма) сұрақ;
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі - 20 (жиырма) сұрақ;
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы - 20 (жиырма) сұрақ;
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы - 10 (он) сұрақ; «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының
Заңы - 10 (он) сұрақ;
«Басқару құзыреті» бағыты бойынша - 20 (жиырма) сұрақ.
2-тарау. 26-т. 6-т-ша. Жоғары оқу орындарының және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін жұмысқа алғаш рет қабылданғанда:
«Оқу пәнінің мазмұны»:
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 60%;
«Педагогика, оқыту әдістемесі»:
«педагог-модератор» біліктілік санаты - 30 % .
3-тарау. 63-т. Білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларын (бұдан әрі – аттестатталушы) аттестаттау портфолио негізінде біліктілік бағалауды және қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жалпылауды ғана қамтиды.
64-т. Аттестатталушы аттестаттау кезінде алғаш рет кез келген біліктілік санаттарына ӛтініш бере алады. Әрі қарай - бірізділікті сақтай отырып береді.
3-тарау. 89-т. Білім беру ұйымдарыбасшыларыныңорынбасарларын аттестаттаунәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
ӛтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды; ӛтініш берілген санатты растаумен аттестатталды; ӛтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады. 93-т. Білім беру ұйымдарының басшыларынаттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: ӛтініш берілген біліктілік санатына аттестатталды; ӛтініш берілген біліктілік санатына ротациямен аттестатталды;
ӛтініш берілген біліктілік санатына растаумен аттестатталды;
ӛтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады;
еңбек шартты бұзуымен ӛтініш берілген біліктілік санатына аттестатталмады.