Білім беру ҧйымдарында


Орта мектепте қашықтан оқытуды ҧйымдастыру бойынша халықаралық тәжірибе



бет25/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

Орта мектепте қашықтан оқытуды ҧйымдастыру бойынша халықаралық тәжірибе
Барлық дерлік елдер үшін қашықтан оқыту нысанына кӛшу пандемия жағдайында қажет болды. Қытайдың, Францияның, Ұлыбританияның, Латвияның, Эстонияның, Әзірбайжанның орта мектептері мұғалімдерінің сұхбаттарын талдау қашықтан оқытуды ұйымдастырудың ерекше ерекшеліктері мен жалпы сәттерді бӛліп кӛрсетуге мүмкіндік берді.
Францияда мектеп бағдарламалары мұғалімдерге сыныптағы оқытуды қашықтан ұйымдастыру формасына кӛшіруге мүмкіндік берді, ӛйткені оқу, жазу, жобалау кӛлеміне қойылатын талаптар әрқашан оқушының дербестігін, бастамашылдығын және шығармашылық жұмысын болжады. Бұл елдегі бастауыш білім берудің негізгі бағыттары - математика, табысты қарымқатынас, француз тілінде дұрыс сӛйлеу және жазу және эстетикалық тәрбие. Сондықтан пандемия жағдайында бастауыш мектепте қашықтан оқыту кӛптеген жобалар мен шығармашылық жұмыстарды кӛздеді. Барлық лицейлердің қашықтан оқытуға ӛз кӛзқарастары болды, сондықтан қашықтан оқытудың форматы, режимі мен формалары да әртүрлі сипатқа ие болды. Алайда, барлық оқыту дербес ұйымдастыру дағдыларын дамытуға бағытталған.
Қытайда сабақтарды бейнежазбаға түсіруге қатаң тыйым салынып бақыланды, оқушының күн тәртібіне ерекше назар аударылды. Күн сайынғы кестесінде таңғы ас пен үзілістер болды. Сондай-ақ, Қытайда әрбір мектептің ӛз оқу күнтізбесі бар және кейбір мектептерде оқу жылы шілде айының ортасына дейін созылады.
Латвияда мектептер қашықтан оқытуды ұйымдастыру бостандығына ие болды.
Эстонияда бірнеше жыл бойы бір күн қашықтан оқыту тәжірибесі сыналған, яғни барлық мектептер аптасына бір рет қашықтан оқу мүмкіндігіне ие болды. Сәйкесінше, бұл елде қашықтан оқытуға кӛшу жеңіл және едәуір икемді ӛтті.
Әртҥрлі елдер мектептерінің зерделенген тәжірибесін жинақтай отырып, қашықтан оқыту форматы пандемия жағдайында халықтың ӛмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі нақты шараларға байланысты екенін ескертеміз.
Қашықтан оқыту кезеңінде пәндер бойынша арнайы ұйымдастырылған телевизиялық сабақтар болған жоқ, тек қолда бар бейне ресурстарды толықтыру ретінде ғана жүзеге асырылды. Сонымен бірге, Қазақстандағыдай, кӛптеген елдерде мұғалімдерге күн тәртібін ұйымдастыру, сабақты жоспарлау, бағалау, тапсырмаларды таңдау және сабақ уақытын реттеу бойынша ұсыныстар берілді.
Мектеп сабақтарын ұйымдастыру және жоспарлау мәселелерінде, оқыту мен бағалау процесін жүзеге асыруда кӛп еркіндік берілді. Айырмашылықтар мектептің оқу бағдарламасын таңдауымен байланысты болды. Қашықтан оқыту пәндік міндеттерді жеңілдетуге бағытталған. Педагогтерге шығармашылық тапсырмаларды жоспарлау және ӛздігінен оқу, жазу дағдыларын дамыту, ақпарат кӛздерімен және рефлексия материалдарымен жұмыс жасау ұсынылды. Оқушыларға мұражайлардың виртуалды кӛрмелеріне, ғылыми зертханаларға, спектакльдерге, фильмдерге бару ұсынылды. Осылайша, нақты ӛмірмен байланысты жүзеге асырды.
Жоғарыда аталған елдердің педагогтері де танымал цифрлық платформалар арқылы оқушылармен байланыс орнатуға талпыныс жасады. Сонымен бірге педагогтердің пәндер бойынша сандық ресурстарды пайдалану құқығы болды.
Сонымен қатар, келесі ортақ мәселелер кӛрініс тапты: оқу бағдарламасын қашықтан игертуді жүзеге асыру, кері байланысты ұйымдастыру, бағалау, балалардың ынтасының болмауы және ӛзіндік жұмыс. Кӛптеген орта мектептерде интернет пен цифрлық платформалар бойынша қиындықтар туындады. Бұл мәселе техникалық қамтамасыз ету тұрғысынан да, оқушылардың компьютерлік сауаттылығы тұрғысынан да, педагогтердің үйреншікті оқытуын ауыстырудан да кӛрініс тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет