Тәрбиелеу-білім беру процесінің негізгі міндеттері:
мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік, танымдық, шығармашылық біліктер мен дағдыларды, әлеуметтендіруді қалыптастыру мен дамыту;
тәрбиелеу-білім беру процесіне қауіпсіз білім беру ортасын құру;
тәрбиеленушілердің мектепте оқуына табысты дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құру;
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұлттық дәстүрлер мен жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген руханиадамгершілік дағдыларын қалыптастыру.