Білім беру ҧйымдарында


Қашықтан оқыту форматындағы сабақтарды (консультацияларды) ҧйымдастыру тәртібі



бет48/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

Қашықтан оқыту форматындағы сабақтарды (консультацияларды) ҧйымдастыру тәртібі
Балалар ата-аналардың қалауы бойынша кезекші топтарға бара алады немесе қашықтан оқи алады.
Қашықтан оқыту форматында тәрбиеленушілерге бейнесабақтар ӛткізу ата-аналар қауымдастығының сұраныстарын және әлеуметтік тапсырысты орындауды, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы тәрбиеленушілердің ата-аналарын консультациялық қолдауды қанағаттандыруға бағытталған.
Мектеп (шағын орталық болған жағдайда) және мектепке дейінгі ұйым басшылары ата-аналардың (балалардың заңды ӛкілдерінің) хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында және ересектер тобы, мектепалды тобы балаларына қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша:
-қашықтан оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтер, балалардың ата-аналары/заңды ӛкілдері) ересектер тобы, мектепалды тобы балаларын қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы сабақтың басталу күнін кӛрсете отырып хабардар болуы;

  • қашықтан оқытуды ӛткізу үшін әр отбасында қолжетімді байланыс түрлерінің, ғаламтор-ресурстардың тізімін анықтау;

  • «Сауат ашу негіздері», «Математика негіздері»,«Қоршаған ортамен танысу» бойынша (күніне бір сабақ) қашықтан кіріктірілген сабақ кестесін құруы;

  • педагогтердің демонстрациялық материалдарды, дидактикалық ойындарды және т.б. кеңінен қолдана отырып, қашықтан оқыту

сабақтарының конспектілерін (бейнесабақтармен оқыту) әзірлеуі;

  • ата-аналармен кері байланысты қамтамасыз ету;

  • топтардың контингентін бекіту, сабақ кестесін, жұмыс кестесін, күн тәртібін жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Басшының орынбасарлары, әдіскерлер:

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын ересек, мектепалды жастағы балалардың меңгеруіне бағытталған қашықтан оқытуды ұйымдастырады;

  • педагогтермен бірге ересек, мектепалды жастағы балаларды қашықтан оқытуды қамтамасыз етеді;

-жұмысты ұйымдастыру туралы барлық қашықтан оқытуға қатысушылардың (педагогтер, балалардың ата-аналары/заңды тұлғалар) белсенді ақпараттандырылуына ықпал етеді;

  • қажет болған жағдайда балаларды қашықтан оқыту нәтижелерімен бейне талқылау педагогтермен ӛткізеді;

  • ҰБДҚ мәліметтерін, тәрбиеленушілердің ауысуы, педагогтерінің сапалық құрамы, материалдық база, техникалық персонал және т. б. туралы ақпарат базасын толтырады;

  • сабақ кестесін құрады;

  • педагогтердің қызметін ұйымдастырады;

  • тәрбиеленушілердің ата-аналарына жеке консультация беруді жүзеге асырады;

  • тәрбиеленушілердің ата-аналарын (заңды ӛкілдерін) білім беру платформасы, сабақ кестесі туралы хабардар етеді.

Педагогтер:

  • әдіскерлермен және басқа да педагогтермен бірге жас топтарына перспективалық жоспар құрастырады;

  • сабақтарды ӛткізу жоспарын құрады;

  • демонстрациялық материалдар (слайдтар, бейне, аудио, кӛрсетуге арналған заттар (ойыншықтар, муляждар, тұрмыстық заттар және т. б.) дайындайды;

  • бекітілген кестеге сәйкес қашық форматта сабақтар ӛткізеді;

  • ата-аналармен кері байланыс орнатады;

  • ата - аналар үшін топтық, жеке бейне және аудио консультациялар ӛткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет