Жҧмыс оқу жоспары мен журналда оқытылатын Шетел тілі кӛрсетіледі. «Неміс тілі» және «Француз тілі» оқу пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бҧйрығымен бекітілді (1-4 сыныптар). «Неміс тілі», «Француз тілі» оқу пәні оқытылатын мектептерге вариативті компонентте оқу үшін ағылшын тілін оқытуды қосу ұсынылады.
Мақсатты тілдерді оқытудың негізгі тәсілдері анықталды. Бұл жалпы білім беру жүйесінің барлық сатыларында оларды оқытудың біртұтастығын, сабақтастығын және үздіксіздігін қамтамасыз ететін шетел тілін оқыту CEFR («Common European Framework of Reference: Learning, Teaching, Assessment» -
«Шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілігі: оқу, оқыту, бағалау») тілдерін оқытудың деңгейлік моделіне сәйкес жүзеге асырылатынын білдіреді. Деңгейлік оқыту сӛйлеу әрекетінің тӛрт түрі бойынша: тыңдау, сӛйлеу, оқу және жазу дағдыларын дамытуға баса назар аударады. Шетел тілін оқыту CEFR сәйкес тілді меңгерудің жеткілікті деңгейін меңгеруге мүмкіндік береді (бір деңгейді меңгеруге 150-200 сағат) А1 – 1-4 сыныптар (272 сағат).
Бастауыш білім беру аяқталғаннан кейін білім алушылар шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (Common European Framework of Reference, CEFR) сәйкес А1 тілдік деңгейіне жетуі тиіс.
Білім алушылар келесі тақырыптарға байланысты лексиканы меңгереді: Сандар, Түстер, Уақыт, Ауа-райы, Тамақ, Киім, Жануарлар, Ӛсімдіктер, Дене мүшелері, Жеке басына қатысты ақпарат, Отбасы, Мектеп, Достар, Ойынсауық, Саяхат, Кӛлік, Спорт, Мерекелер, Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, Ғимараттар, Ӛнер, Музыка, Аңыздар, Зерттеушілер мен ӛнертапқыштар.
Шетел тілі бойынша оқу бағдарламалары сӛйлеу қызметінің барлық түрлері (тыңдау, сӛйлеу, оқу, жазу) бойынша дағдылар мен іскерлікті дамытуды кӛздейді. Бағдарламаның лексика-грамматикалық мазмұндалуы Қарапайым-күрделі. Бастауыш білім беру деңгейінің бағдарламалары білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, олардың ӛзіне деген қызығушылығы мен сенімділігін арттыруға, сондай-ақ шетел тілін үйренуге оң кӛзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Оқу бағдарламаларының мазмұны жалпы тақырыптарға қатынасудың қарапайым іскерліктерін қалыптастыру үшін базалық іскерліктер мен дағдыларды жасауды және дамытуды қамтамасыз етеді.
Деңгей бойынша күтілетін нәтижелер жаңартылған білім беру мазмұнындағы ағылшын тілінің оқу бағдарламасы бойынша ағылшын тілін білу мен меңгерудің талап етілетін деңгейі ағылшын тілін халықаралық меңгеру талаптарына сай келетінін растайды.
Шетел тілі бойынша оқу бағдарламасының құрылымында «Ағылшын тілі», «Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің базалық мазмұны маңызды аспект болып табылады. Оқу пәндері білім алушының ӛз халқының мәдениеттері мен рухани құндылықтары, ұлттық бірегейлігі, азаматтылығы, мораль және сӛйлеу тәртібі нормалары туралы түсініктерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Шетел тілі бойынша оқу бағдарламалары білім алушылардың тілді меңгеру деңгейін алуға бағытталған:
талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететін әр түрлі тапсырмалар;
ауызша және жазбаша кӛздердің кең спектрімен жұмыс жасау.
Бастауыш мектеп бағдарламасында тілдік дағдыларды дамыту ӛтпелі тақырыптарды үш тілде оқыту арқылы жүзеге асырылады: қазақ тілі (Т1, Т2), орыс тілі (Я1, Я2) және шетел тілі (L3).
Пәнаралық байланыс (Cross Curricular Links) бастауыш мектептің оқу жоспарларында (1-4 сыныптар) әр тақырыпқа ұсынылған.
24-кесте. Бастауыш мектептің оқу жоспарларындағы пәнаралық байланыс