Шетел тілі бойынша сабақтарды жоспарлауда тӛмендегі ҧсынымдар беріледі: 1-4-сыныптарда оқу процесі оқылатын (ағылшын) тілде жүргізіледі, бірақ қажет болған жағдайда педагог жаңа сабақты немесе күрделі нұсқауларды түсіндіру кезінде ана тілін қолдана алады;
1-сыныпта оқу және жазу дағдыларын дамыту қарастырылмайды, «Оқу» бӛлімі бойынша оқыту мақсаттары таныс сӛздер мен сӛз тіркестерін танып білуге ғана бағытталған;
сабақта ұсақ моториканы дамытуға бағытталған іс-әрекеттер, ойындар, әндер, санамақтар, ұйқастырмаларды қолдану;
оқу тапсырмаларын орындауда білім алушыларды жұмыстарын уәждемелеу, білім алушыларды ынталандыру және қолдаудың әртүрлі нысандарын қолдану арқылы білім алуға қолайлы және жайлы атмосфера
жасау, жарыс сипатындағы тапсырмаларды қосу;
бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын ойластыру;
бастапқы кезеңде қателесу білім беру процесінің бір бӛлігі болып табылатындықтан, білім алушылардың қателерін түзетпеу. Коммуникативті құзыреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі білім алушының білім беру процесіне белсенді қатысуы болып табылады;
сабақта білім алушыларға таныс ағылшын тіліндегі сӛздерді, фразаларды және нұсқауларды жиі қолдану қажет, бұл білім алушыларға сӛздер мен фразаларды тиімді есте сақтауға және тапсырмаларды орындау барысында оларды тануына мүмкіндік береді;
мұғалімнің ӛз сӛзін модельдеуі, тиісті интонацияны, дауысты, айтылуын және ым- ишараларды пайдалана отырып, сӛздер мен фразаларды баяу және анық айту;
мимиканы, эмоцияны, ым-ишараны, түрлі-түсті кӛрнекі құралдарды (суреттер, ойыншықтар, постерлер) белсенді пайдалану, бұл білім алушылардың назарын неғұрлым тиімді шоғырландыруға және оларды жаңа сӛздерді меңгеру процесіне тартуға ықпал етеді;
білім алушылардың қызығушылығын ынталандыру, жұмыс нәтижелерін кӛрсету, ӛткен материалды бекіту мақсатында сыныптағы арнайы бӛлінген орындарда («сӛйлейтін қабырғалар», кӛрмелер және т. б.) оқушылардың жұмыстарын орналастыру және оларды жаңартып отыру;
іздестіру, ӛңдеу, тазарту, ақпарат жасау және ұсыну, ақпарат және идея алмасу сияқты АКТ-ға негізделген дағдыларды қолдануға ықпал ету;
әр сабақта қысқа аудио және бейне материалдарды, логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды және флэш карталар мен басқа да кӛрнекі құралдарды қолдана отырып, ӛткен тақырыптар бойынша қысқаша театрландырылған кӛрсетілімдерді үнемі қолдану.