Білім беру жүйесінде Maсromedia Flash технологиясын қолдану Манас Махпал



Дата24.04.2017
өлшемі113,74 Kb.
#15093
Білім беру жүйесінде Maсromedia Flash технологиясын қолдану
Манас Махпал

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы

Nazikona.91@mail.ru

Ғылыми жетекші: Информатика және ИОӘ кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. Хаймулданов Е.С.
Еліміздің жыл сайынғы дәстүрі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 cтратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деген Қазақстан халқына Жолдауында. «Еліміздің негізгі міндеті – 2050 жылға қарай қуатты мемлекеттің, дамыған экономиканың және ортақ еңбектің негізінде жалпыға берекелі қоғам құру. Ол үшін қолжетімді әрі сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті жүргізудеміз» деп көрсетілген.

Әлемдік білім беру стандарттарына сай болуды үшін, жас ұрпақттың модернизацияланған ақпараттық технологияларды қолдануының мазыңы айрықша. Бүгінгі таңда жастарға пәнді ұғындырудың тиімді жолы – білім берудегі заманауи технологиялар негізі болып табылады. Ағымдағы жағдайдың нәтижесінде бүгінгі күні көптеген мультимедиалық технологиялар игеріліп, соның ішінде әсіресе Macromedia Flash технологиясы қарқынды даму үстінде. Мультимедиалық Macromedia Flash технологиясы – информатика саласының ең перспективті және ең таңымал жаңа бағыттарының бірі. 1988 жылы жаңа технологияларды енгізу және қолданумен айналысатын әйгілі Еуропалық Комиссия келесідей анықтама құрған: «Мультимедиалық технология – құрамында бейнелердің коллекциясы, анимациялар мен мәліметтері бар, аудио және видео сүйемелдену мүмкіндігіне ие, сонымен қатар басқа да визуальді эффекттері (Simulation) қосылған, интерактивті интерфейсті мультимедиалық өнім».

Электронды-оқыту жүйесі – білім берудің жалпы деңгейін қамтамасыз ететін жалпыжүйелік әдістемені айқындайтын жаңа бағыт. Е-learning (Electronic Learning) электронды-оқыту жүйесі – білім беруді электронды формасын бүкіләлемдік ғаламтор желісі арқылы оқытуды басқару жүйесі болып табылады. Мысалы: қашықтықтан оқыту, мультимедиа көмегімен оқыту, желі арқылы оқу, виртуалды оқыту, ақпараттық және электрондық технологиялардың көмегімен оқыту түрлері. 2011 жылы Е-learning жүйесі 44 мектепке енгізілген болатын, ал 2012 жылы 514 мектепке енгізілді, 2015 жылы мектептердің 50%-ын қамту, ал 2020 жылы мектептердің 90%-тен астамы оқытудың электронды үлгісін пайдаланады деп жоспарлануда.

Электронды-оқыту жүйесі – бұл білім беру үрдісінің аса маңызды бөлімдерін қамтитын, сонымен бірге түрлі есептер жинағы, анықтамалар мен энциклопедиялар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары және т.б. оқытуды басқаратын электронды-оқу құралдары болып табылады. Сондықтан электронды-оқыту жүйесін сабақта пайдалану кезінде оқушылар алған білімдерін жетілдіріп, оқушылар өз беттерімен түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Сандық статистикалық мәліметтерге сүйенсек электронды-оқыту жүйесін қолдану арқылы жалпы оқушылардың білім сапасы 70% артады.

Сондықтан, электронды-оқыту жүйесін құруда Macromedia Flash технологияларын қолданудың тиімді жақтары ретінде келесілерді атап өтуге болады:


  • Оқушының өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыру мүмкіндігі, яғни таным үрдісінің жоғарлауына септігін тигізеді;

  • Жаңа ақпараттық технологиялардың түрлерін белсенді қолдану;

  • Әртүрлі типті ақпараттарды біріктіре пайдалануға мүмкіндік алуы;

  • Тиімді интерактивтік интерфейсті жобалау ерекшелігі;

  • Білімді жетілдіру мақсатында оқушы өз уақытын үнемдеуі;

  • Деңгейіне байланысты әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады;

  • Алған білім дағдыларын тест жүйесімен тексеруді ұйымдастыру мүмкіндігі.

Macromedia Flash технологиясы – Adobe компаниясының web-қосымшаларын және мультимедиалық презентациялар жасауға арналған мультимедиалық платформасы. Ол жарнамалық баннерлер, ойындар, анимациялар жасауда қолданылады, сонымен қатар web-беттердегі видео және аудио жазбаларды жүктеуге мүмкіндік береді. Платформа құрамы екі негізгі құрылымдардан тұрады: Adobe Flash Professional және Adobe Flash Builder (бұрынғы Adobe Flex Builder); сонымен бірге flash-контентті жүктейтін – Adobe Flash Player. Adobe Flash бағдарламасы ECMAScript негізіндегі ActionScript 2.0, 3.0 программалау тілін қолданады. Flash бағдарламасының құрастырушылары Future Wave компаниясында жұмыс атқарған Джон Гай (John Gay) және Роберт Татцуми (Robert Tatsumi). 1996 жылы FutureWave Macromedia компаниясының иелігіне өтіп, ал 2005 жылы ресми түрде Adobe Flash деп атала бастады. Macromedia Flash бағдарламасы (1995ж. бастап бүгінгі күніде кеңінен қолдануда, Flash 1.0.– 1996 ж., 3.0 – 1998 ж., 5 – 2000 ж., Flash MX 6 – 2002 ж., Adobe Flash – 2005 ж., Adobe Flash 10 (CS4) – 2008 ж., Adobe Flash 11 (CS5) – 2011 ж., Adobe Flash 12 (CS6) – 2012 ж.) мультимедиалық технология саласындағы ірі жаңалық болып табылады. Flash өнімдерін жасауда ActionScript бағдарламалау тілдері қолданылады, бұл жаңа бағдарламалау тілі және қарқынды түрде дамып жатыр. ActionScript – тің әрбір жаңа нұсқасында жаңа қасиеттер мен қолданысқа тиімді нұсқаулар қосылып отырады.

Macromedia Flash бағдарламасында анимациямен жұмыс істеу барысында векторлық графика технологиясы қолданылады, сонымен қатар арнайы кадрлар арқылы және трансформацияланған анимация тәсілдерді қолданады. Дайын өнімдердің кеңейтілімі .FLA және .SWF болады. SWF қосымшасының негізгі артықшылығының бірі оның жеңіл тасымалдануы, сондықтанда бұл формат түрлі аппараттық-жабдықтамалық платформада қолданылады.

Бүгінгі таңда Macromedia Flash технологиясы тек қана жоғары сапалы флеш презентацияларын жасаумен ғана емес, сонымен қатар белсенді түрде флеш-дизайн облысында, web-сайттар мен флеш-ойындарды жасап шығарумен, мультфилимьдер жасаумен айналысады. Web-қосымшаларды жасау барысында медиа, дыбыстық және графикалық файлдарды қолдануға болады, сондай ақ интерактивті интерфейтерді ұйымдастыра отырып толықтай PHP және XML бағдарламаларын қолдануға болады.

Компьютерлік технологияларды енгізу арқылы оқыту күннен-күнге стандартты түрге қалыптасуда, ал электронды оқулық оқыту жүйесінің әдістерін және құралдарын жаңа түрге келтіреді. Заманауи білім берудің электронды-оқыту жүйесінің статистикасына сүйенсек, қазіргі таңда жоғары сапалы электронды оқулықтардың көбеюі көзге түсуде және оны құрастыру барысында көп жағдайда дәл осы Macromedia Flash технологиясының алатын орны өте үлкен. Себебі, Macromedia Flash бағдарламасы арқылы жасап шығарылған оқыту құралы аз уақытта және түрлі мультимедиалық өнімдерге бай технология түрі. Сондықтан электронды-оқыту жүйесінің бүгінгі оқыту саласына берері өте көп және оны Macromedia Flash технологиясы арқылы жеткізуге болады.

Ең алғаш Ғаламтор 1960 жылдары АҚШ-та пайда болды. Ғаламторды Америка Құрама Штатының орталық барлау басқармасының қызметкерлері соғыс болған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы байланысқан компьютерлер желілерінің көмегімен байланыс орнатуға ойлап тапқан.

1990-шы жылдан бастап Ғаламтор қолданушыларының саны айтарлықтай жоғарылады, 2000 жылы Ғаламторды пайдаланатын халықтың саны 200 миллионға жетті.

Ғаламтор  біздің елімізде 1994 жылдан бастап қолданысқа енді – “Релком” ұйымы жаһанды Ғаламтормен хат алмасу мүмкіндігін пайдаланып, Ғаламтор принципі бойынша электрондық пошта желісін қосты. Қазіргі кезде елімізде бір аптада 8-12 жаңа сайт жарық көріп отыр. Пайдаланушылар саны мен ресурстар саны жылына екі есеге артып отыр. АО «Казконтент» жүргізген статистикасының қорытындысы бойынша 2007 жылы Ғаламторды пайдаланушылар аудиториясы елімізде халық санының 12,3 % құрады, ал қала тұрғындарының 26,4 % құраған болатын. 2010 жылы жүргізілген статистика бойынша елімізде Ғаламторды пайдаланатын халықтырдың саны 25,7 % құраса, қала тұрғындарының саны 44,1 % көрсетті. Еліміздегі Ғаламтор ресурстарын күніге қарап шығудың орташа мәні 2011 жылдың өзінде - ақ 13,7 млн құрады. Қосымша тіркелген домендердің саны 2011 жылы 10890 - ға жетті. 2010 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықта барлық тіркелген домендік аттардың саны 16890 - ға жетті, бұл көрсеткіш 2010 жылға қарағанда 106% - ға жоғары. 2011 жылдың қаңтар айынан бастап қараша айына дейін домендік аттарды тіркеуге сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 35% - ға өсті және бұл 12957 сұранысты құрады. Толығымен тіркелген домендер саны - 65000 - ды құрады, ал бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 25% ұлғайып отыр. 2011 жылдың қазан айында Ғаламтор желісін пайдаланушылар саны елімізде 6,5 млн халықты құрады. Webomer санауышының мәліметтеріне сүйенетін болсақ, қазіргі таңда 13 қазақстандық сайттарға адамдардың кіру көрсеткіші бойынша Топ 50-лікке кіреді, бұл аталмыш көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 70%  өсті.

Осы мәліметтерге сүйене отырып, білім саласында әлемдік шырмауықты пайдалану тиімділігі айқын деп таптым. Мультимедиалық сайтты мектеп оқушыларына информатика пәнін оқытуға қолдануымның тағы бір себебі - қазіргі кезде оқушылар кітаптан білім алғаннан гөрі ғаламтордың көмегіне жүгінгенді жөн көреді. Бұл таңдауды мен дұрыс деп санаймын, себебі информатика пәні күн сайын дамып, жаңарып отыратын сала. Егерде ойланып қарасақ, біз күн сайын бұл өзгерістерді мектеп бағдарламасын оқытатын кітаптарға енгізе алмаймыз және де бұл қаржылық жағынан да тығырыққа алып келіп тірейді. Ғаламтордың мүмкіндіктерін ескере отырып және мектеп оқушыларының сапалы білім алуына оңтайлы жағдай жасау үшін өзімнің мультимедиалық сайтымды жасауды ұйғардым.



Сайтты жасауда - Macromedia Flash бағдарламасын таңдадым. Macromedia Flash бағдарламасы ең алғаш рет 1996 жылы пайда болды. Оның ең бірінші екі нұсқасы сәтсіз болып шықты, себебі олар векторлық графика негізінде анимацияны жылдам құра алмады. Үшінші нұсқасында көптеген қосымша құрал – саймандар пайда болды, осының есебінен Ғаламторда Macromedia Flash құралдары арқылы жасалынған сайттар пайда бола бастады. Бұл бағдарлама тек төртінші нұсқасы жасалған кезде ғана танымалдылыққа ие болды. Оған қуатты иілгіш құрал – ActionScript тілі қосылды. Осы кезде Flash технологиясы негізінде жасалынған Web – сайттарының саны көбейді. 2000 жылдың тамыз айында Macromedia Flash бағдарламасының бесінші нұсқасы жарық көрді. Бұл бағдарламаға Безье қисықтарын меңгеруге арналған жаңа құрал – саймандар, көптеген кітапханалар қосылды.

Macromedia Flash технологиясымен сайт жасау қолайлы, себебі ол төмендегі сапаларға ие:

  1. Жинақтылық – векторлық графиканы пайдаланғандықтан тез жүктеледі;

  2. Интерактивтілік – қолданушы Flash-фильмдерді өздігінше басқара алады;

  3. Мультимедиялық – ғаламторға және фильмде ақпаратты визуалдаудың стандартты құралдары үшін қол жетпес дыбыстық эффектілер, видеолар құрастырылады;

  4. Көпсалалығы – яғни, Macromedia Flash-те қарапайым үй парақтары сияқты арнаулы серверлерде орындалуы мүмкін;

  5. Қолайлылық – компьютермен жұмыс істей алатын кез-келген адамға Macromedia Flash технологиясының негізі түсінікті, себебі бұл бағдарламамен жұмыс істеу жеңіл. Сонымен қатар компьютер жадынан өте аз орын алуының есебінен тез жүктеледі. Ал бұл өз кезегінде Macromedia Flash қолданушыларына үлкен мүмкіндіктер береді.

Macromedia Flash бағдарламасы – Shockwave Flash (SWF) форматын қолданатын векторлық графикаға негізделген. Сондай-ақ бұл форматты кез келген платформада қолдануға болады (Windows, MacOS).

Macromedia компаниясы SWF форматын қолайлы пайдалануының нәтижесінде, аталмыш формат көптеген пайдаланушылардың сұранысына ие болды. Сонымен Flash технологиясының құрамына не кіреді соны көрейік:



  • Векторлық графика;

  • Анимацияның бірнеше түрін қолдайды;

  • Flash фильмдерін HTML форматына ғана емес, ғаламторда қолданылатын кез келген форматқа көшіруге болады;

  • Интерфейске интерактивті элементтер жасауға болады;

  • Импортталған графикалық форматтарды қолдайды.

Қазіргі кезде сайт беттерін әрлеуге GIF, JPEG және PNG форматындағы растрлық графика қолданылуда. Растрлық графика нүктелер жиынтығы, яғни пиксельдер арқылы сипатталады. Бұл нүктелер арасында байланыс болмағандықтан, олардың әрқайсысының координаттары мен түстерін анықтау керек болады. Осыған орай мысал келтіретін болсам, екі ақ түсті бейнені сипаттаған кезде, әр нүктенің түсін беруге екілік санау жүйесін қолданамыз: 0 – қара, ал 1 – ақ. 256 түсті бейнені сипаттағанда әр пиксельге 8-дік санау жүйесін қолданамыз. Суреттің сапасы жақсы болу үшін, әр пиксель үшін 24 разрядқа дейін қолданылады. Бұл өз кезегінде сайттың көргемділігіне кері әсерін тигізеді, яғни сайтта орналасқан суреттердің сапасының нашарлығы оқушылардың сайтқа деген қызығушылығын жоғалтады. Векторлық графиканың растрлыққа қарағанда бірнеше артықшылықтары бар:

  • Суреттер математикалық формулалармен сипатталуына байланысты, растрлықграфикаға қарағанда жадыда аз орын алады.

  • Бейнені масштабын қалағанымызша сапасын жоғалтпай-ақ өзгертуімізге болады.

  • Қалаған платформамызға ешқандай қиындықсыз көшіруге болды.

Macromedia (www.macromedia.com) компаниясының сайтында арнайы «Күн сайты» (Site Of The Day) деген бөлімі бар, сол жерден Flash технологиясын жоғары деңгейде пайдаланып отырған сайттарға сілтемелер жасалынған.

Macromedia Flash технологиясының барлық аталған мүмкіншіліктерін пайдаланып, сайттың көркемділігімен балалардың назарын аударып, білімге деген құштарлығын жоғарылатуға қолданылады.

А.Ерболатов: «...Оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды меңгеруі өмірге жаңа көзқарасын қалыптастырып, ой-өрісін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігін, іздемпаздығын арттырады. Жаңа технологиялық процестің кең таралуының еркіндігін әр пән мұғалімдерінің өздерінің дәстүрлі сабақтарынан бастап әр тараптанылған сабақ түрлерін, ашық сабақ үлгілерін компьютерді, интерактивті тақтаны, мультимедиа кабинетін еркін меңгере отырып өткізуі үлкен жетістік», – дейді. Осы үлкен жетістікті одан ары жетілдіруге бағдрламалардың шектеулі мүмкіншіліктері кедергі келтіреді. Мысалы: Microsoft PowerPoint бағдарламасы кең таралуына қарамастан презентация жасауда шығармашылығы мол адамның сұранысына керекті деңгейде қызмет көрсете алмайды. Осы мәселені шешу үшін, қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан FLASH бағдарламасына назар аударсақ. Flash – бұл бейне, әуен және анимация редакторларының басын қосқан бағдарлама, сол себепті сіздің шығармашылық шабытыңыз шектеуліктен зардап шекпейді.

Енді Flash бағдаламасының мүмкіндіктеріне келетін болсақ:Flash технологиясы Shockwave Flash (SWF) форматында қолданылатын векторлық графикаға негізделген. SWF құрушылары, графиканың тамаша мүмкіндіктерімен, олармен жұмыс жасайтын құрал жабдықтарды, тиімді пайдалана отырып, үйлесімді өнім таба алды. SWF-тың тағы бір ұтып тұрғаны, бұл форматты кез-келген платформада қолдануға болады (яғни, MacOS операциялық жүйесімен басқарылатын Macintosh компьютерлері мен Windows ОЖ бар IBM компьютерлері). SWF-та құрылған бейнелерге анимация ғана қолданып қоймай оларды интерактивті элементтермен және дыбыспен де әрлеуге болады.

Macromedia фирмасы SWF форматын қолайлы құралдармен, қарапайымдылықпен жабдықтағандықтан, аталмыш формат өзінің табынушыларына бай. Негізінде, бұлай жабдықталған құралдар жетерлік. Олардың қайсыбірі мультимедиялық презентация жасауға бағытталса (Macromedia Director Shockwave Studio), келесі бірісі графикалық бейнелерді дайындауға бағыталған (Macromedia FreeHand и Macromedia Fireworks), ал үшіншілерімен интерактивті оқу курсын дайындауға болады. (Macromedia Authorware және Macromedia CourseBuilder). Дегенмен, тор беттерін құрушылардың арасында Macromedia Flash көп қолданылады, өйткені тек осы өнім ғана, тор бетін аяғына дейін әрлей алады. Ал жақсы әрленген бет әрине көпшіліктің көңілінен шығады. Интернет пайдаланушылардың жақсы көретіндігінен болар, бұл өнімді жай ғана Flash деп атайды.

Flash программасы Action Script тілінен, векторлық графикадан, Flash- символдардан және олардың даналарынан тұрады.

Қазіргі таңда Macromedia Flash – Web- сайттармен презентацияларды құруға бағытталған интерактивті векторлық анимацияларды жасауға арналған орта.

Flash-та келесі әрекеттерді орындауға болады:бейнелерді салуға; вектордық және расторлық графиканы импорттауға;импортталған расторлық графиканы векторлыққа түрлендіруге;мәтіндік ақпаратты жинақтауға; анимацияның әртүрлі түрін құруға сонымен қатар объектінің жеке бөліктерін анимациялауға;әртүрлі уақытта және кеңістікте объектілердің пішінін түсін және орнын өзгертуге;интерактивті анимация үшін басқару элементтерін (батырмалар, меню, және тағы басқа) құруға;роликті және қолданушының оқиғаларын дыбыстандыруға т.б.; ActionScript сценарийлер тілін кеңінен қолдануға; бейнелердің, клиптардың және сценарийлердің кітапханасын құруға және оны пайдалануға; жариялау жасағанда SWF және EXE форматтарын пайдалану арқылы фильмді құру құпияларын сақтап қалуға;қолданушының деректерін енгізуге арналған формаларды құруға; информацияны жібере және қабылдай отырып сервермен өзара әрекет етуге; соңғы өнімді расторлық графика түрінде немесе gif-анимация түрінде, немесе Flash-фильм түрінде немесе EXE-файл түрінде алуға; соңғы өнімді Web-беттер және презентация құруда пайдалануға болады.

Білім берудің ең маңызды мәселесінің бірі ол оқыту ақпараттарын тиімді көрсету болып табылады. Қазіргі таңда оқу процесінде электрондық оқулықтар, оқытушы бағдарламалар мультимедиалық бағдарламалар көптеп қолданылуда. Осындай бағдарламаларды жасауда Macromedia Flash-тың жоғарыда аталған мүмкіндіктерін тиімді қолдануға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Полат E.С., Бухаркина М.Ю., Моисeeва М.В., Пeтров А.E. Новыe пeдагогичeскиe и информационныe тeхнологии в систeмe образования: Учeб. пособиe. – М., 2001.

2. Жадаев Г., Борис Г. 100% самоучитель Macromedia Flash MX: Учеб. пособ. – М.: ТЕХНОЛОДЖИ - 3000, 2005. -544 с.

3. М.А.Капустин, П.А.Капустин, А.Г.Капылова FLASH MX для профессиональных программистов // «Основы информационных технологий».-2006.-Б.108-113



4. Халықова К.З., Өскeнбаeва А.Қ. Элeктронды оқу құралдарын жасаудың әдiстeрi мeн құралдары. Вeстник КазНПУ им. Абая. №2, 2006 г.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет