Білім беру жүйесінің негізгі бағыттарының бірі жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру



бет3/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,58 Mb.
#34524
1   2   3

Әліппеден кейінгі кезең.

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты –сауат ашу кезеңінде берілген білім негіздерін одан әрі жетілдіріп, оқушыларды екінші жарты жылдықта «Ана тілі»пәнінен оқытуға даярлау. Ана тілі пәні құрамында оқу, тіл дамыту, жазу және грамматика мен емле салалары енеді. Грамматика ана тілінің ең күрделі саласы және ол балалардың ақыл –ойын дамытуда өте маңызды қызмет атқарады. Өйткені, оқушыларға тілдің құрылымдық жүйесін меңгерту, оның заңдылықтарын білгізу осы грамматика арқылы жүзеге асады. Бұл кезеңдегі оқу материалдарының басты ерекшелігі – мұнда өзара байланысты мәтіндер беріледі. Байланысты мәтіндермен жүргізілетін жұмыс оқу қарқынын жетілдіруді, мәтін мазмұнын бірден қабылдап түсінуді, әрбір сөйлемді өзіне тән дауыс ырғағымен оқуды талап етеді.

Тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы; сөйлем құрастыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойылады:бірі оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулу, олардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, екіншісі – жаңа сөздер үйрету барысында, яғни жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту, сөйлем құрастыруға үйрету.Тілдегі дыбыстардың құрамын, жасалу,жүйеленуін игергеннен кейін дауысты дыбыстардың буын құрайтыны жалғасады. Сөзді буынға дұрыс бөлу жазуда да, оқуда да, салауаттылыққа үйретеді. Сөзді буындап үйрену арқылы жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалғанда дұрыс тасымалдауға болады. Сөйлемдегі сөздерді түгел буындап, талдағанда сызықша арқылы бөлінеді. Дауысты дыбысты созып оқыса, буынмен екінші буын араласып, оқуда, жазуда, тасымалдауда қате кетеді. Мысалы:мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, деген сөйлемді алсақ: мен – бір буынды сөз, тасымалданбайды. Жаз – баймын, жазбай-мын, жаз-бай-мын – үш бұынды сөз, екі жолмен тасымалданады;

Ө-леңді, өлең-ді – үш буынды болғанмен, бір жолмен ғана тасымалданады.

Жалпы фонетикалық талдауға дыбыстық, буын құралдарына талдау, буын түрлеріне, дыбыс үндестігі мен буын үндестігіне қарай және екпін қойып талдау кіреді. Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, жазылған сөздердегі дауысты, дауыссыздыбыс астын сызып қояды, сөздің ауызша және жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын айтады. Сөздердегі жеке-жеке дыбыстарды мөлтіксіз айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазылуға төселеді. Фонетикалық тақырыптарды толық игергенде толық талдау жасалып, оқушы білімін бекітуге болады. Толық талдауға білімділік, тәрбие мәні бар тұтас сөйлемдер алынып таладнады. Толық талдау дегеніміз – сол тақырыптан алған білімді жинақтау, жүйелік дәлелдеу. Оқушы толық талдауды жүргізгенде әуелі тұтас сөйлемді буындап оқып, буындап жазады. Тасымалдау үлгісін көрсетеді, астысызылған бір сөзге толық дыбыс құрамына талдау жасайды, дыбыс үндестігі мен буын үндестігіне бағынып және бағынбай тұрған сөздерді дәлелдейді, екпін түсіреді. Оқушы берілген сөзге дыбыстық талдау үшін берілген сөзді жазады, сөзде қанша буын барын анықтайды, сөзге неше дауысты неше дауыссыз дыбыс барын жазады, дыбыстарды түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы: жеміс сөзі. Же-міс екі буын, бес әріп екі дауысты, екі дауыссыз бар, ж – дауыссыз, ұяң; е – дауысты, жіңішке; м – дауыссыз, үнді; і- дауысты, жіңішке; с – дауыссыз, қатаң.

Осы жердегі бастауыш сыныптарда оқылатын пәндер арасындағы Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев 2050-стратегиялық бағдарламасында 10 түрлі қатерлі сын туралы айтты. Соның біріншісі «тарихи жаһанданудың жеделдеуі». Елбасы бұл жерде алғашқы қауымдық қоғам (жүз мың) жылды, құлдық қоғам 5000 ( бес мың) жылды,феодалдық қоғам 1300 (бір мың үш жүз) жылды бастан кешірсе капиталистік қоғам 700 (жеті жүз) жылды бастан кешіріп отыр. Қоға осы дамуынан жанылыспаса жаңа қоғамның пайда болуы алыс емес екендігін меңзейді. Сол себепті дүние жүзі халықтар санының демографиялық өсуі туралы мысалдар келтірді. ХХ ғасыр басындағы 2 млрд халық саны аяғында яғни, 2000 ж 6 млрд болды. Осы халықты асырау жердің мойнына жүктеле ме? Ол өзінше мәселе. Бұл жерде біздің айтпағымыз математикамен тарихи өзгерістің байланысы.[18]

Яғни, оқушылардың сөздік қорын молайту үшін де, тарихи түсінігін артттыру үшін де математиканың қажеттігін айтпақпыз. 

Адамның әр түрлі қызметінде мәселенің шешімін табу үшін қолданылатын тәсілдерге тек қана логикалық емес, сонымен қатар бейнелі ойлау талап етіледі. Осыған байланысты көркемсурет — графика профилінің ерекшелігіне орай кеңістікте елестету ұғымын жедел түрде жетілдіру қажеттілігі туындайды.

Психология-педагогика ғылымының осы заманғы дамуында оқушылардың бейнелі ойлауын жетілдіру мәселесі алдыңғы орынға қойылады. Әсіресе, сурет сабақтарында ол аса маңызды. Бұрынғыға қарағанда кейінгі кезде психологтар бейнелі ойлау мәселесіне айтарлықтай көңіл бөліп келеді. Оған А.Н. Леонтъевтің, С.Д. Смирнованың, А.Р. Лурияның В.М. Горданның, И.С. Якиманскаяның , Е.П. Кабанова-Меллердің тағы басқалардың зерттеулері дәлел. Олардың еңбектерінде түсінікті қалыптастыруда, өнімді іс-әрекетте, адамның бейнелі ойлауының маңызынан туындайтын сауалдар, бейнелі ойлаудың жас шамасы мен дербестіктегі ерекшелігі қарастырылады. Бейнелі ойлаудың философиялық мәнін түсінуде адамның танымдық іс-әрекетінің маңызы ашылады. Белгі мен бейненің байланысын талқылауға құру тетіктерін ашуда, көріп қабылдау заңдылықтарын айқындауда Р. Арнхейннің, Р.Л. Грегоридің, И. Роктың, Ж. Плаженнің, т.б. көзбен шолуға арналған жұмыстарының үлкен мәнділігі бар.

«Кеңістікте елестету» ұғымының негізі мазмұнына зат пішінін ұғыну мен түсініп қабылдау қабілеттілігі жатады. Сондыңтан мектептегі бейнелеу өнері және сызу сабақатарында бейнелі ойлауды дамытудың маңызды және жауапты кезеңдері басталады. Бейнелі ойлау негізінен бейнеге сүйенеді. Олар ойлау үрдісі негізінің бастамасы қызметін атқарады да, онда ойдың нәтижесіне көңіл аударылады.

Дүние мен құбылыс әлемін меңгере отырып, оқушылар реттік қатынасты бөліп шығару жолмен, яғни, ерекшелігін сараптай, нобайын бөлу арқылы объектіні өзара сәйкес орналастыру жолмен олардың кеңістіктік қасиетін танып біледі. Нобайын бөлу - көрушіге обьектіні босатып, басқадан шектеуге, оның заттық ерекшелігін зерттеуге мүмкіндік береді.

Жазықтықтан кеңістікке өту немесе кері үрдісі кеңістік қатынастарға сүйенуге негіз болатын ұғым - проекция ұғымы. Бұл ұғымның басында таза эмпиризмдік (тәжірибеге сүйене), интуициялы (сезім) түрде, содан кейін ғылыми мазмұнға сәйкес меңгереді.Енді оқушылардың кеңістік бейнені құрудағы графикалық іс-әрекетінде бейнелі ойлауды қалай шығатындығын талдайық. [19]



Баланың қалыптасуындағы еңбектің рөлі.

Балалардың қалыптасуындағы еңбектің атқаратын рөлі жөнінде сонау ежелгі дәуірлердегі фольклорлық шығармалардан бастап-ақ айтылып келеді. Мәселен, қазақ ертегілерінде еңбекке жастайынан бейімделген баланың бақытқа жететіні, ал ол баланың жатыпішер жалқау болып өскен інісі немесе ағасы өмір сүре алмай, тентіреп кететіні үнемі әңгімелесіп отырады. Ауыз әдебиетініц сарынымен жазылған қазақтың прозалық туындыларында да осынау идея одан ары қарай жалғасын тауып келе жатқаны мәлім. Ы.Алтынсаринның баршаға белгілі «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіндегі еңбектің қозғаушы күші туралы философиялық түйіндеулер бала ұғымына лайықталып, қарапайым да көркем берілуі еңбек факторының балалар әдебиетінде алатын орын ащық меңдейді.

Кеңес дәуірінің алғашқы кездерінен бастап жазылған шығармаларда да еңбекке қатысты әңгіме күн тәртібінен түспеді десе де болғандай. Әрине, баланы жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы еңбектің рөлін, жас кейіпкер мен еңбектің ара қатынасын суреттеп жазу жан-жақты шеберлікті қажет ететіні даусыз. Жазушы өз шығармасында жалаң насихатқа бой ұрмай, оқиға мен әлеуметтік тартыстың нәтижесінде жас кейіпкер және еңбек деген мәселені белгілі бір көркемдік деңгейде талдап жеткізе білуі шарт. Сондықтан да еңбек тақырыбы балалар қаламгерінен шынайы шеберлікті талап етеді. Соқпақбаев Бердібектің әңгіме-повестерінде еңбек тақырыбы елеулі орын алады. Оның біз басты кітап ретінде санап отырған «Балалық шаққа саяхат» повесінде еңбек мәселесі өзіндік талап тұрғысынан келуді қажет етеді. өйткені бұл шығармада «еңбек етіңдер» деген жалаң насихат жоқ.

Тұрмыс ауыртпалығы шығарманың бас кейіпкері Бердібекті рухани жағынан шынықтырып, қайсар етіп өсіреді. Ол - екінші сыныпта жүріп-ақ колхоз жұмысына қатысуға мәжбүр болған балалардың бірі. Масақ терді, қырманда астық бастырды. Осындай ауыр азаптан арыла алмай, мейілінше қиналып жүрген кезінде шешесі қайтыс болып, Бердібек жетім қалады. Ал «жетім» деген жалғыз сөздің күйініші, зілдей ауыр мағынасы түсінген адамға соншалықты ауыр.Бердібек кісі есігінде жүріп оқыса да, екінші, төртінші сыныптарды жақсы бітіреді. Бойда қайрат, көңілде жігер бар осы бала тұрмыстың қандай азабына болса да төзімділік танытады.

Шығармада ауыр еңбектің адами қалыптасуға тигізетін әсері де оқта-текте шаң беріп қалады. Еңбек — тіршілік етуге қажетті фактор ғана емес, әр адамның өмір сүруге қабілетін көрсете алатын, сол өмірді сақтауға қызмет ететін қасиетті ұғым. Бірақ, шектен шыққан ауыр еңбек адамда бейнетке, тіпті ауру-сырқауға да душар етеді. Әсіресе, тек басқалар үшін жасалған, өзінің зейнетін көрмейтін қара жұмыс адамды қажытып, шаршатудың құралы ретінде ғана көрінуі мүмкін. Бердібектің алғашқы бастауыш сыныптарға барып жүрген кезден-ақ еңбекке араласу сипаты осындай тұжырымға әкелгендей болады. Әлі буыны қатпаған жас баланы ертеден қара кешкеге дейін бір тыным таппастан, үйқысы қанбастан, тіпті дұрыс тамақтана алмастан, сезімі жоқ қара дүрсін машинадай тынымсыз еңбек ете беруі шын мәнінде азап екені сөзсіз.

Еңбектің осы қанау нысанын көрген жас бала мұндай қанаушылықты жан-тәнімен жек көрсе де, өзінің жеке мүддесі үшін жасалатын жұмысқа басқаша қарайды. Сабақты жақсы оқудың да үлкен еңбекпен келетіні белгілі. Алғыр бала сабақ оқудан ешқандай да қажымайды, шаршамайды. Қайта бұндай еңбек ол үшін рухани ләззат сыйлайды.

Қазақ балалар әдебиетінің тағы бір көрнекті өкілі С. Беғалин шығармаларындағы еңбек-оқиғаның өзегін ұстап тұратын және кейіпкерлер өмір сүретін орта ретінде негізгі көркемдік арқаудың бірі болып көрінеді. Оның «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген», «Керкиік», «Сымбатты Сима», және т.б. туындыларының негізгі сюжеттері еңбекке байланысты өрбиді, үндейді. Мұнда бұзау бағып, еңбек етіп жүрген Сәтжан мен Жанай сияқты балалар сонымен бірге құсбегілік, саятшылық өнеріне де қызығады.

Автор шығарманың басталу сәтінде осынау екі саланы қатар жарыстыра көрсетіп, екеуінің де маңыздылығын сюжет барысында салмақты етіп, әр қырынан аша түскен. Ителігі сияқты қыран құстың балапанын қиын жартастан алуға талап қылған Сәтжан сол жартастағы белгісіз таңбаларға таң қалады. Қыран құсқа деген құмарлығына енді осы таңбаның сырын білсем деген ынтызарлық қоса оянады. Сонымен бірге жас кейіпкер өзі атқарып жүрген негізгі жұмысын да ұмытпайды. Сол бір кезеңдерде Сәтжан сияқты өз ісіне ризасыз беріліп, еңбек ойлаудың өзінен рахат табатын балалардың болғанын бүгінгі үлкен адамдар жоққа шығармады. Бұл арада жазушыны кеңестік идеяның ықпалымен жалаң уағыз айтып отыр деп кіналауға болмайтын сияқты. Өз замандастары баланы осынау көзқарасына шындық ретінде басшылығы реалистік тұрғыдан қабылдай алғанымен, бүгінгі жас оқырман бүған күмәнмен қарауы да ықтимал.

Жастайынан табиғат аясында өскен баланың аңшылыққа құмар болуы заңды. Өйткені ол күнделікті дерлік өзен-суларды бойлап ұшқан әр түрлі құстарды, тay беткейінде қиялай қалқыған қырандарды көреді, алыстағы қасқырдың ұлығанын да естіп, табиғат қойнауында жүрген кездерінде түрлі тағы аңдарды кездестіріп қалады. Осының бәрі жас адамның аңшылық деген делебесін қоздырып, ата-баба өнерін дамыта түсу үшін ықыласын күшейтеді. Бірте-бірте баланың жан дүниесі, есіл-дерті тек осы аңшылыққа ауады. Әрине, ақылды да еңбеққор балалар сонымен бірге өздерінің мектептегі сабақтарын, үйдегі және түздегі жұмыстарын қоса алып жүреді. Өмірдің қажетті сала, бағыттарының ешқайсысын ақсатпайды. Бір сөзбен айтқанда, С. Бегалин кейіпкерлері - мінсіз балалар.

Еңбек тақырыбы - балалар қаламгері Т. Нұрмағанбетов шығармаларында да үнемі қозғалып отыратын негізгі тақырыптардың бірі . Жазушының кейбір әңгіме-повестерінде еңбек мәселесі әр жылдары тиіп-қашып сөз болып та жүр. Бұл арада біз оның кейін туындылардың бірі «Үш күншілік жол» повесін негізге ала отырып, еңбек тақырыбының көркемдік тұрғыдан орындалуына талдау жасап көрелік.

Шығармада жас өспірім ауыл баласының қалайша еңбекпен шынығып, өскені жан-жақты суреттелген десек, артық айтқандық емес. Жайлауға ертерек көшіп бара жатқан Жәңгір шопан 12-13 жасар баласы Шәмиді сабақтан сұрап алады. Сөйтіп жайлауға мал айдасу үшін көмекші жасауын қалайды. Қойшының қасында мал айдасу үшін арнайы бөлінген ересек адам бар. Бірақ, ол орта жолға жеткенде қарсы келе жатқан көлікке мініп, ауылға қайтып кетеді. Сөйтіп әкесі мен баласы ұланғайыр малға ие болып, қиыншылықпен бетпе-бет арпаласуына тура келеді.

Қырсық қылғанда жылда қонып жүрген қоныстарындағы бұлақ көзі бітіп қалып, көршінің үйі межелі жердің ар жағындағы қашықтау жерге барып қонған. Сөйтіп, жол әдеттегіден ұзара түседі. Мал айдасушы Оқап деген кісі қастарында келе жатқанда Шәми жадыраған жаздың жайлы табиғатын тамашалап, кең далаға шыққанына балалықпен ойнақ салып, мәз болады. Қыс бойы мектеп партасында отырып, сабақтан шаршаған ауылдың шырқынан айналып, ұзаққа шықпаған ауылдың шырқынан айналып, ұзаққа шықпаған бала үшін көкпеңбек боп мөлдіреп бусаны тұрған ең табиғат - бір ғажайып әлем. Бірге келе жатқан қозы-лақпен, иттерімен арпалысып,балаға тән мінез көрсетіп, ойнақ салады.

Оқап қастарынан қалай кетті, әкелі-балалы екеуі әлдебір ауыртпашылықтың иықтарынан түсіп келе жатқанын сезгендей болады. Енді Шәмидің иен далада асыр салып, өзінше ойын ойнауына мүмкіндік жоқ.

Бір қарағанда бұл жазушының шығарманы мейілінше қызықты етіп беру үшін оқиғаны өз жанынан қоюлатуы деп қабылдауға болады. Бірақ, қойшылар тұрмысына нақты өмірдің шындығы, сол шындықтың қойнауынан алынған сәтті деталъдар мен эпизодтар орынды түрде дәлелдеу қызметін атқарған. [20]

Жалпы еңбек мәселесі — Нұрмағанбетов Тынымбай шығармаларының көпшілігінде қозғалатын тақырып. Оның бұрынырақ жазған «Қош бол ата», «Он төрт жасар жігіт» және т.б. шығармаларындағы бала бейнелері еңбекпен етене, астаса көрініп отырады. Ал нақ осы «Үш күншілік жол» шығармасында жас баланы еңбек үрдісіндегі образы мейілінше ашылып көрсетілгені рас. Қойшы еңбегінің ауыр да қызықты сәттерін жазушы бала басынан кешкен оқиғалар арқылы шынайы бере білген деп айтуға болады.

«Балалық шақтық әндері» повесінің өн бойында да еңбек үрдісі суреттеліп отрады.[21]



ҚОРЫТЫНДЫ

Білім беру жүйесі жаңа өзгерістер кезеңінде, болашақ қоғам адамзатының жеке-дара танымдық және сыртқы келбетін анықтайтын, оқыту мен тәлім-тәрбие беру ісінде жаңаша сипатта қалыптастыруға апаратын кезеңде тұр. Ел өміріндегі экономикалық қиындықтарға қарамастан білім саласына ден қоюшылық, ынта күн сайын артып келеді.

Ғасырлар бойы адамзаттың озық ойлы өкілдерін ойландырған дүниетаным мәселесі бүгінгі таңда да көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Сол себептен, жас ұрпақтың дүниеге көзқарасын жас кезінен қалыптастыру – кезек күттірмейтін мәселе.

Біз зерттеуімізге нысана етіп алған оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру мәселесін зерделей келе төмендегідей қорытынды жасаймыз.


  1. Дүниетаным мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектер жан-жақты талданды. 


  2. Оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру дүниенің үш ірі құрамдас бөлігі туралы сана-сезімін қалыптастырудың педагогикалық құндылығын анықтауға, мазмұндары мен әдіс-тәсілдерін бағдарлап, болжамдар жасауға мүмкіндік берді. 


  3. Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру мақсатында материалдарды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға байланысты түрлі ғылыми-теориялық және әдістемелік әдебиеттер талданды. 


  4. Дүниетану оқулықтарына, оқу бағдарламасына, әдістемелік құралдарға жан-жақты ғылыми талдау жасалды. Дүниетану бағдарламасын өлкетану материалдарымен байланыстыру барысында рухы биік, саналы, ой-өрісі дамыған, білімді ұрпақ қалыптастырудың мүмкіндігі анықталды. 


  5. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескерген жө., олардың дерексіз ойлауынан гөрі, деректі көру қабілеті басым екенін басшылыққа ала отырып, дүниетанымды қалыптастыруда жеке пәндер материалдарының педагогикалық құндылығы айқындалды. 





ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Әуезов М. Абай Құнанбаев творчествосын зерттеудің маңызды мәселелері. «Қазақстан мұғалімі» 1994. 97 б. 
    Ұзақбаева С. Өміршең өнер өрісі – Алматы. Мектеп, 1988. 67 б. 
    Мұқанов С. Қазақ мектептерінің тағдыры. // Ана тілі. – 2000. № 9. 34 б. 


  2. Назарбаев Н. Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. // Егемен Қазақстан. 2007 1-ші наурыз. 9 б. 
    Балғымбаев А. С. Саясаттану-Политология: оқу құралы. Алматы.: Кітап, 2003. – 304 б. 


  3. Барков А. С., Половинкин А. А. Физическая география: учебник для 5-го класса неполной средней и средней школы. Москва. 1935. – 150 б. 
    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Астана, 07.06.1999.  Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. Алматы: Ғылым. 1996. 240 б. 
  4. Крымский С.Б. Эпистемология культуры: Введение в обобщённую теорию познания – Киев. Дельта. 1993.377 б. 


    Кедров Б. М. Классификация наук – Москва. 1985.472 б. 


  5. Кішібеков А. Философия. Алматы, 1998. 360 б. 
    Данилов М.А. Роль начального обучения в умственном и нравственном развитиячеловека. Москва, 1947.375 б. 
    Лернер И.Я. Проблемное обучение. Москва, «Знание», 1974. 64 б. 
    Занков Л.В. О начальном обучении. Москва, 1963.93 б. 
  6. Махмутов М.И. Организация проблемного обучения в школе. Москва, 1977. 176 б. 




  7. Леонтьев А.Н. Психологическое развитие ребёнка в дошкольном возрасте. Москва, 1998. 188 б. 
    Менчинская Н. А. Развитие психики ребёнка: Дневник матери. – М., 1957. 237 б. 
  8. Бабанский Ю.К. Педагогика. Москва, «Просвещение», 1983. 370 б. 


    Шамова Т.И. О реализации новых программ в начальных классах Народное образование. № 11, 1974. 


  9. Коменский А.Я. Дидактика; «Ұстаздардың ұстазы» - Москва, 2009.376 б. 
    Нұғыманов И. Өсімдіктанудан оқушылардың білімін тексеру әдістемесі. Алматы, «Ізденіс». 1994. 225 б. 


  10. Ковалев А. Г. Воспитание ума, воли и чувств у детей. Минск. 1974. 174 б. 
    Виноградова А. Д. и др. Практикум по психологии умственно отсталого ребенка: Учебное пособие для студентов пед. инс-тов по спец. 2111 «Дефектология» / А. Д. Виноградова, Е. И. Липецкая, Ю.Т.
    Узнадзе Д. Н. Общая психология. Москва. 2003. 276 б. 
    Матюхина, Н. Ф. Прокина и др.; Под ред. М. В. Гамезо. – М.: Просвещение, 1984. 256 б. 
  11. Алмұратов Ә. Жалпы психология. Білім. 1996. 422 б. 


    Жарықбаев Қ. Б. Жантану негіздері. Алматы. 1998. 343 б. 
    Тәжібаев Т. Жастарды тәрбиелеу туралы. Алматы. 1984. 543 б. . 
  12. Балавадзе Т. Ш. Восприятие и понимание других людей и самих себя подростками с разным уровнем межличностных отношений. Москва. 2009. 233 б. 


    Лихачев Д. Педагогика. Прометей.1998. 132 б. 
    Харламов И.Ф. Педагогика. Москва. Высшая школа.1999. 244 б. 
  13. Моносзон Э. И. Основы педагогических знаний. Москва. Педагогика. 1986. 244 б. 


    Рогова Р. М. Становление самосознания личности школьника. Москва. 2003. 376 б.
  14. Сағыдықұлы Е. Педагогика. Дәрістер курсы. Алматы. 1999. 76 б. 


    Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. Астана. 1998. 384 б. 
    Сухомлинский В. А. Духовный мир школьников. Москва. 1981. 250 б. 
  15. Уәлиханов Ш. 5-томдық шығармалар жинағы. 1-ші том. Алматы. 1961. 640 б. 


    Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралар. Алматы. Рауан. 1991. 277 б. 
  16. Тілеуханова А. Т. Шәкәрім шығармаларындағы шеберлік пен таным бірлігі. Автореферат. Алматы. 1995. 256 б. 




  17. Әлімбаев М.  Үлкендерден үйреніп: тақпақтар мен танымдық өлендер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар - Алматы . Атамұра, 2006. 136 б. 


  18. Степин В. С. Природа научного познания. — Минск, 1979. 150 б.  Горский Д.П. - Вопросы абстракции и образование понятий. Москва.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет