1.2 Бастауыш сынып оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың жолдары және оның құрамдары.
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі - оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім – дүниетанымның кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтана түседі.
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам – біртұтас ұғым. Адам, табиғат, қоғам арасындағы және олардың үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі тез дамиды. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының көру және есту сезім мүшелері арқылы қабылдауымен есте сақтау қабілеті жоғарғы дәрежеде болады.«Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршілік мәні, мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниетанымның көзі – білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Мектеп қабырғасында алған білімнің шындығы мен ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында айқындала түспек. Осы арқылы адам, заттар мен құбылыстар арасындағы қарым-қатынас пайда болады.Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи – құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Қоршаған дүние жайлы көзқарастың қалыптасуы – танымға байланысты. Кез-келген тарихи кезеңдерде дүние, табиғат, оның түрлері, құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі болады. Дүниеге көзқарас – адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі. Отандық философ М.Орынбеков: «Дүниетаным жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы жайлы ұғымдарының жиынтығы, дүниенің біртұтастығын түсіну нәтижесі болып табылады», - дейді.Дүниетанымның басты категориясы ретінде «дүние» және «адам» алынады. Дүниетаным – күрделі рухани жүйе. Дүниетаным, адам, оның қоғамдағы орнын анықтау, табиғаттың құбылыстары мен заңдылықтарын тану философиялық дүниетанымның негізгі мәселелері болып саналады. Дүниетаным адам санасының, қоғам, табиғат құбылыстарының ғылыми түсінігін қамтиды.Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әртүрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі кеңейеді.«Дүниетаным», «таным», «қазақ дүниетанымы» саласында көптеген құнды ой-пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың (С.Б.Крымский , Б.М.Кедров , Э.Нысанбаев , А.Қасабеков , М.Орынбеков , Ж.Алтаев , Кішібеков A. және т.б.) еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлері болса бірқатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (М.А.Данилов, И.Я.Лернер, Л.В.Занков, М.И.Махмудов, А.А.Люблинская, А.Н.Леонтьев, Н.Б.Менчинская , П.Я.Гольперин , Д.Б.Эльконин , М.И.Левина , Ю.К.Бабанский , Т.И.Шамова , С.П.Барнов ) зерттеу объектісіне қарай жүйелі талданған. [10]
Г.И.Щукина «Оқып білу жаңадан шындық ашу емес, бұрыннан белгілі адам тәжірибесінен өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан бұл шындықтарды оқушылар санасына жеткізу үшін ең алдымен мұғалімдер осы білімдерді шәкіртке жеткізудің әдіс-тәсілдерін меңгеруі керек», деп дәлелдейді. С. П. Барнов «Оқытуды, жеке бастың психологиялық дамуын тездету үшін және қоршаған ортаның бұрыннан белгілі заңдылықтарын оқушыларға меңгерту үшін жасанды ұйымдастырылған танымдық іс-әрекеттердің жиынтығын пайдалану қажет деп санайды. Осы жайында тіпті өз кезінде Я.А.Коменский болса, «мүмкіндігінше адамдар білімді кітап бойынша ғана емес аспаннан, жерден, еменнен, жөкеден, яғни, басқа біреудің байқағанынан, не сол жайында берген мәлімдемесінен емес, заттың өзінен алсын» — деп тұжырымдайды .
Оқушылардың танымдық әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың атқаратын ролінің ерекше екендігін, оны ұйымдастыру әдістері оқушылардың ойлау процесі мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетінін қазақтың белгілі дидактері И.Нұғыманов , Т. Сабыров және т.б. өз еңбектерінде дәлелдеп отыр. Бұл пікірлер оқытудың басты мақсаты — оқушыларға айқын дүние заңдылықтарын, заттарын, фактілерін таныту деген түсінік береді.Әлбетте, бұл пікірлермен толығымен келісуге болады. Өйткені, қоршаған заттар мен құбылыстар жайында білім алып, оны нақты қабылдау барысында оқушылар әртүрлі оқу әрекеттерін қолданады. Алдымен затты не құбылысты көру әрекеті арқылы түрі, түсі, пішінін, көлемін анықтап, таныса, ұстап сезіну әрекеті арқылы оның күйін, қатты-жұмсақтығын және басқа да сапасын айқындау, онан әрі затты не құбылысты бақылау іс-әрекеттері негізінде ой қорытып, заттарды салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табады. Міне, осындай түрлі таным әрекеттері нәтижесінде оқушылар затты не құбылысты қабылдайды және олардың ғылыми ұғымның негізі қаланады. Осы аталған әрекеттер арқылы түсінік алған оқушыларда келешекте эмоциялық, іскерлік, интеллектуалдық дағдылардың дамуына жағдай туады.
Зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға, олардың бастауыш сынып оқушыларының оқу-тәрбие процесіне ендірілу тәжірибесіне жасаған талдау барысында дүниетануды оқытудың теориялық негізіне байланысты кемшіліктер байқалды:
- оқушылар дүниетанымын қалыптастырып, оларға қоршаған дүниеден ғылыми және экологиялық білім негізін меңгертуде пәннің маңызы сараланғанмен, осы кезге дейін осы бағдарламалық талаптардың өз деңгейінде жүзеге аспай отырғаны;
- бастауыш сыныпта табиғаттан берілетін білімнің адам өмірімен, қоғаммен байланысы толық ашылмағандығы, мектептердің үнемі аударма оқулықтарды пайдаланумен шектеліп келгендігі;
- оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын өздігінен жұмыс істеу әрекеттерін ұйымдастыруға негіз болып, бағыт беретін оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеуге арналған әдістемелік жұмыстардың жеткіліксіздігі;
- бастауыш сыныптағы дүниетануды оқытудың ең бастысы, негізгісі ретінде сөздік әдіспен шектелуі, оқушылар белсенділігін арттыратын, ізденушілігін дамытатын жағдаяттардың жасалмауы, осының салдарынан оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің төмендеп, көріп байқағандарын қайталап айтумен шектелетіндігі:
- осы кезге дейін бастауыш сынып оқушыларына қоршаған ортадан білім берудің әдістемелік мәселелерін жүйелі зерттеген монографиялық еңбектердің жоқтығы.
Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныпта оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде олардың дүние танымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасау орынды талаптардың бірі.
Егемендік алған алғашқы жылдары бастауыш сыныпта «Дүниетану» пәні оқылмағанымен, оқу бағдарламасына қоршаған дүниеден ұғым беретін материалдар, яғни, дүниетану материалдары бастауыштың бірінші сыныбында «Айналамен таныстыру», екінші сыныбында «Табиғаттану» пәндері арқылы меңгерілсе, соңғы жылдары мазмұны да, мақсаты да жаңа «Дүниетану» пәні республиканың барлық бастауыш сыныптарына ендіріліп отыр. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, құқық пен өнері, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми-сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби, көркем-қолөнер шығармашылығы арасындағы байланысты, сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндермен кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі білім негізі қалыптасады.
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады. Олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді. Дүниетаным процесінде әртүрлі факторлар, мәселен әлеуметтік микроорта мен тәжірибе жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді. Олардың әрқайсысы адам іс-әрекетіне әртүрлі ықпал жасайды.
Бастауыш сынып оқушысының өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінез-құлықтарын, белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.Білім мен тәрбие беру арқылы адамның ой-сезіміне, мінез-құлқына, дүниетанымына әсер етуге болады. Ғұлама ойшыл Әл-Фараби айтқандай адамдағы үш қабілетті дұрыс жолға қойып тәрбиелеу арқылы дұрыс нәтижеге жетуге мүмкіндік туады. Дүниедегі ең бағалы байлық – адам болғандықтан, оның қоршаған дүниеге көзқарасы, білу деңгейі қоғам дамуында, табиғатты сақтауда және өзінің тұлға ретінде қалыптасуында негізгі орын алады. Оның адамдық қасиеттері, ұстайтын жолы, дүниеге көзқарасы, мақсат-тілегі, мінез-құлқы, моральдық бейнесі іштей өзімен бірге тумайды, қоғамда, басқа адамдар арасында өмір сүру барысында қалыптасады.
Философтар: В.Афанасьев , В.Журавлев , П.Алексеев , М.Федосеев , А.Леонтьев , Г.Смирнов, А.Спиркин , Ә.Нысанбаев , Ж.Әбділдин , Д.Кішібеков , О.Сегізбаев , Ә.Тұрғанбаев, М.Орынбеков т.б. дүниетаным ұғымын сипаттай келе, дүниетанымды тұтас дүние туралы ондағы адамның орны жайындағы түсініктер мен пікірлердің жиынтығы деп түсіндіреді.
Белгілі философтар В.Афанасьев, А.Леонтьев, Г.Смирнов, А.Спиркин, Ә.Нысанбаев, Ж.Әбділдин дүниетаным құрылымын, оның негізгі нысаны – қоғамдық сананы саралау тұрғысынан қарастырады. [11]
«Адамзаттың, қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның қажетті алғы шарттардың, жағдайлардың болуына байланысты ...», « ... адамның өмір тіршілігінің қызмет әрекетінің негізі табиғат заттары мен табиғи процестер», - дейді философтар Д.Кішібеков пен Ұ.Сыдықов. Адам тіршілігінің көзі – табиғат. Осы табиғат заттары туралы оқып, оны танып білу арқылы адам сол табиғатпен қатынасқа түседі, оның заттарын пайдаланып, екінші бір қолдан жасалынған заттар шығарады. «Екінші затты жасау үшін ол ақылын, білімін жұмсайды, соның нәтижесінде «екінші табиғат» заттары пайда болады. Бұл «екінші табиғат» дүниелері қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Табиғат заттары туралы ғана емес, оның құбылыстары жайында ұққандарын да ой елегінен өткізіп, табиғаттың даму заңдылықтарын ашатын да – адам. Мұндай жетістіктерге ол қоршаған ортаға бақылау жүргізу, ой қорыту, ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижесінде жетеді.
«Дүниетаным» ұғымы диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен тұтастығына сүйенбей өте алмайды. Дүние – ол тек бізді қоршаған табиғат қана емес, ол – адам, адам мен адамның қарым-қатынасы, ол – табиғат, табиғат заттары мен құбылыстары, ол – қоғам. Әр қоғамның өркендеуіне адамның ойы мен білімі қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондай болу керек. Осының өзі дүниенің бір-бірімен байланысты дамитын, оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын орта екенін көрсетеді.
Дүниетаным – «дүние» және «тану» деп аталатын екі бөліктен тұрады. Оқушыларға танытқалы отырғанымыз да – дүние. Сол дүниені танып-білу әдістері мен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынамыз. Дүние – қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса оған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқауымен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.
Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның мәнін ұғыну дәрежесі тереңдей түседі. Әр кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты дүниетану мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз мәнінде тану үшін адамның санасы, ой-пікірі, білім деңгейі дамуы керек. Керісінше дүниені танып білуге байланысты білім көлемі мен ұғым деңгейі, сана-сезімі кеңейе түседі, адамның көзқарасы қалыптасады. Сөйтіп диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығы жүзеге асады. [12]
Дүниетаным, оның құрылымдарының компоненттерін анықтауда белгілі психологтар: В.В.Богословский , А.Г.Ковалев , А.Д.Виноградова , А.Н.Леонтьев , В.Н.Мясищев , С.Л.Рубинштейн , Д.Н.Узнадзе , М.В.Матюхина , Ә.Алмұратов , Қ.Б.Жарықбаев , Т.Тәжібаев т.б. дүниетаным ұғымына түсінік бере отырып, оны жеке тұлғаның бір құрылымы ретінде қарастырады. Жеке тұлға, оның құрылымы туралы мәселелерге психологтардың әрқайсысының өзіндік пікірі, өзінше талдауы бар.
В.Н.Мясищев жеке тұлғаны ең алдымен адамның қоршаған шындыққа қатынасының жүйесі ретінде сипаттайды. А.Г.Ковалев жеке тұлға дүниетанымы қоғамдық болмыстың бейнеленуі деп, оның қалыптасуының бірден-бір факторы – тәрбие екенін атап көрсетеді. Сондай-ақ, ол жеке тұлға дүниетанымының сапалы ерекшеліктерін – бағыттылық, ғылымилық, сенімділік, оның іс-әрекет пен мінез-құлықпен байланысын бейнелейді.
Психологтар: В.В.Богословский , А.Г.Ковалев, А.Спепанова , Н.Шабалин болса, жеке тұлға дүниетанымының сапалық сипаттамасын – мазмұндылығы мен ғылымилығы; жүйелілігі мен мақсаттылығы; логикалық дәйектілігі мен дәлдігі; жалпылау дәрежесі мен нақтылығы; іс-әрекет пен мінез-құлық байланыстары, белгілері бойынша анықтайды. Олар жеке тұлға құрылымының негізгі компоненттерін бағыттылық, қабілеттілік, мінез-құлық деп белгілейді.
Демек, жоғарыда аталған ғылыми пікірлер оқушы дүниетанымын қалыптастыру мен дамытуда негізгі қағидалар ретінде есепке алынады.
Психологтар дүниетанымды интеллектуалдылық, тұлғалық және практикалық тұрғыда жеке тұлғамен тығыз байланыстырады.
Белгілі психолог-педагог Қ.Жарықбаевтың пікірінше дүниетаным- адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі.Бірқатар педагог ғалымдар: М.Алексеев , Т.Балавадзе , В.Медведев, Б.Лихачев , И.Харламов , Э.Моносзон , И.Огурцов, И.Школьник, Р.Рогова , И.Лернер , Е.Сағындықұлы , Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев т.б. дүниетанымды тұлғаның қалыптасуы мен дамуының анықтаушы факторы екенін ерекше атайды. Олар білімді, сенімді, дүниетаным мен адам мұратын дүниетанымның құрылымдық компоненттері деп көрсетеді.Белгілі педагогтар Ж.Б.Қоянбаев пен Р.М. Қоянбаев бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктері және күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру қабілеттеріне қарай дүние, табиғаттың құбылыстары, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғамдағы оның іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игеріп, оқу тәрбие үрдісінде Отан, бейбітшілік туралы түсінігі қалыптасады дейді.Педагог И.Харламов дүниетанымның адам өмірі мен мінез-құлқына әсерін атап, дүниетанымның хабарлау-айқындау, бағдарлы-реттеуші фукциялары мен оны қалыптастырудың өлшемдерін белгілесе , Б.Лихачев дүниетанымның дамытушылық, ағартушылық, тәрбиелік, ұйымдастырушылық функцияларының маңыздылығын ерекше атайды . Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде оқушылардың дүниетанымының қалыптасуына байланысты бірнеше қағидалардың қажеттілігі көрсетіледі: дүниетанымды қалыптастыруда білімнің ролі; білімнің сенімге айналуы; дүниетанымдық міндеттерді шешу үшін оқушылар позициясының мәні; оқушылардың жас ерекшелігінің әсері; оқушыларда дүниетанымды қалыптастыру үшін қажетті жалпы және ерекше жағдайлар.Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жолдарын зерттеген ғалымдардың көпшілігі орта және жоғары сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мәселесін көбірек қарастырғаны, ал дүниетанымды бастауыш сыныптан бастап қалыптастыру қажеттігі елеусіз қалғаны анықталды. М.Н.Алексеев, Т. Н. Балавадзе, И.Г. Огурцов, Р.М. Рогова, Л.С.Выготский, Н.А.Менчинская , Т.К.Мухина, В.А.Сластенин , В.А.Сухомлинский, Ж.Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев сияқты ғалымдар бастауыш мектеп оқушыларына дүниетанымның негізін қалыптастырудың қажеттігін көрсетіп, олардың санасында қоршаған дүние қалай бейнелейтінін, қандай көзқарас пен қарым-қатынас қалыптасатынын анықтаған. [13]
Дүниетанымдық білім туралы К.Д.Ушинский: « ... ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек ... Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс»,- деп тұжырымдайды Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мәселесін зерттеуде Н.А.Менчинская, О.Г.Богданова, Э.И.Моносзон, Т.К.Мухина, Р.М.Рогова, М.Н.Скаткин, В.А.Сластенина еңбектері нәтижелі болып табылады. Олар бастауыш саты – оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың ең қолайлы мерзімі екенін атап көрсетеді. М.Н.Скаткин балаларда қоршаған орта туралы алғашқы түсінік мектепке дейінгі кезеңде қалыптасып, бастауыш мектепте қоғам, табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы нақты білім қалыптастыруға болатынын тұжырымдайды.Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин , А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев , А.Байтұрсынов , М.Дулатов , Ж.Аймауытов еңбектерінің маңызы зор.
Сондай-ақ көрнекті қазақ ақын- жазушылар: С.Бегалин, Ө.Тұрымжанов, Қ.Әбдіқадыров, Б.Соқпақбаев, Б.Тұрсынбаев, М.Әлімбаев , Қ.Мырзалиев, К.Баянбайдың шығармалары бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, оның табиғаты туралы көзқарастарын қалыптастыруға негіз болатыны сөзсіз.
«Дүниетаным – ақиқатты рухани қажетті игеру жүйесі, оның ішінде тұтастай алғанда адамның білімі мен нанымы, ар-ұждан мұраты мен әлеуметтік құлықтың реттеушісі, саяси бағыт-бағдар, қоршаған ортаға психологиялық және эстетикалық көзқарас» .
Дүниетаным – жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Жалпы дүниетанымға сенім керек. Ал сенім – терең, тиянақты ойланып айтылған идеялар жиынтығы. Сенім жеке адамның өмірлік ұстанымының беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әртүрлі идея адам сенімінің негізі – шыныдықты терең тану, оның соңынан еріп отыру. Сенімді эмоционалды толқу, интеллектуалдық сезім, бірбеткейлік, қайсарлық, теориялық үлкен ой орын алады.
Бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғаттың құбылыстарын, біздің еліміздегі, шет елдегі қоғамдық және саяси өмір туралы, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі оның іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту және тәрбие барысында Отан, халық туралы, алдыңғы қатарлы адамдардың дүниежүзі халықтарының бейбітшілік және бақыты үшін күресу туралы оқушылардың түсінігі қалыптасады.Ендеше, қорыта келе, балалардың дүниетанымын қалыптастырып, оларды тереңдетуге мұғалімнің іс-тәжірибесінің қызықтылығы, тартымдылығы, көп түрлілігі қажет-ақ.[14]
ІІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫ-ЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудағы жеке пәндердің алатын орны
Бұл ретте мынадай мәселелерді ескеру жұмыстың нәтижелілігіне септігін тигізіп, мақсатқа қол жеткізуге шарт түзбек.
1 .Эстетикалық тәрбие туралы элементарлы білім қалыптастыру және одан әсерленуден жинақталған тәжірибелерден бастау. Онсыз оқушылардың эстетикалық мәні бар заттар мен құбылыстарға ынтасы аумайды. Біздің жұмыс әртүрлі сөздердің мәні, көркем сөздегі орны, көркем құбылыстарды сипаттаудағы мүмкіндігі туралы мәліметтер топтастырудан басталды. Бұл кезеңдегі ұстаздың басты міндеті - адамгершілік және көркемдік талаптарына сай құбылыстарды суреттейтін сөздерді жинақтау.Нақты және белгілі сезімде қалған әсерлердің жинақталған қорынан бастау алған эмоцияның қуаты дерексіз-қисынды мәліметтер жинақтау тәсіліне көшеді. Эстетикалық білім жинақтаудың бұл түрі алған мәліметтің есте сақталып, бекіп қалуына шарт түзеді. Өйткені, сезімге әсер еткен мәлімет ойлау арқылы есте сақтауды нығайта түседі. Эстетикалық білімнің басқалардан айырмашылығы: ол адамның бүкіл жан дүниесіне әсер етіп, оны толық жаулап алады. Адамның табиғат және өзі туралы, көркемөнер құндылықтары туралы эстетикалық білімнің жан-жақты және мол болуы қабілетінің дамуына әсер етеді және тұлғаның қоғамда, ортада, толымды мүше ретінде сезінуіне, мамандығын жете меңгеруіне, кәсіптік көзқарасының терең мағыналы болуына алып келеді.
Эстетикалық тәрбие оқушылардың эстетикалық қабылдау біліктілігі мен қабілеттерін дамытып қана қоймай, эстетикалық мағыналы құбылыстарды сезімінен өткізу мен бағалау, одан рахат алуы секілді әлеуметтік мәнді сапаларын қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбие тұлғаның өжеттену және қабілет секілді мүмкіндіктерін дамыту арқылы адамды сұлулықтан ләззат алумен бірге өмірдің, тұрмысты көркемдік «заңдылықтары» негізінде эстетикалық құндылықтар жарататын белсенді жасампаздыққа жетелейтіндей етіп баулиды.
Ақыл-ой дегеніміз — адам бойындағы білім, санасы, ыстық сезіммен бірге оның адамдың қасиеті.
Ақыл-ой тәрбиесі - тәрбие жүйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі. Себебі, жеке тұлғаның қалыптасып дамуы оның білім алуы және оқуы әрекеттерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Яғни, баланың рухани дамуының негізі ақыл - ой тәрбиесінен басталады.
Ақыл-ой тәрбиесінде, балаларға білім беру барысында олардың танымдылық қабілеттері артады (байқағыштық, зейінділік, шығармашылық, қиялы, сөйлеуі, ойлауы, есте сақтауы).
Ақыл-ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді.
Мұғалімдердің міндеті - оқушылардың жас ерекшеліктерін, міндеттерін ескере отырып, олардың ойлау түрлерін дамыту, қалыптастыру.
Ойлау түрлеріне мыналар жатады: диалектикалық ойлау, абстрактылық ойлау, жалпылама ойлау, теориялық ойлау, индуктивтік ойлау, дедуктивтік ойлау, алгоритмдік ойлау, техникалық ойлау, репродуктивті ойлау, продуктивтік ойлау, шығармашылық ойлау, жүйелік ойлау.
Нақты логикалық ойлау - балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.
Абстракті-логикалық ойлау - жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Абстракт ойлау - күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой-пікіріміз, пайымдау, ой жүгірту. Мұны ұғымдық ойлау деп атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәнді ұқсастық белгілердің негізінде түсініктерді жіктеуге және топтарға бөлу бірлігін қажет етеді.
Жинақтай ойлау - бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принциптерін немесе тәсілдерін сипаттау.
Алгоритмдік ойлау - көздеп отырған нәтижесі қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау, нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.
Индуктивтік ойлау - ойдың жекеден жалпыға, деректердің жинақтауға қарай қозғалуы.
Дедуктивті ойлау - ойдың жалпыдан жекеге, дербестікке қарсы жүретін процесі.
Анализ - бүтінді бірліктерге ойша жіктеу немесе жеке қасиеттерін ойша бөлу.
Синтез - бұл затты ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру.
Салыстыру - белгілі бір ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Топтастыру - араларындағы ұқсастықтары мен айырмашылыққа тәуелді заттар мен құбылыстарды топтарға ажырату.
Ғылыми дүниетаным — қоғамдық сананың ең жоғарғы түрі. Бұл — философиялық, экономикалық және саяси әлеуметтік көзқарастың жиынтығы.
Оқушылардың ғылыми дүиетанымын қалыптастыру — оларды осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыру. Бұған мектепте оқылған барлық пәндердің қатынасы бар.
Мектепте оқылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі бір ұғым жүйесін жасайды.
Ботаника. Жалпы биология курстарын оқу, мектептің оқу - тәрбие учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадасында шәкірттер жұмыс істеп жүріп, өсімдіктердің даму процесін меңгереді.
Физика. Химия пәндері бойынша пайда болуы мен дамуы туралы, астрология сабақтары бойынша табиғаттың тылсым сырын біледі.
Гуманитарлық пәндердің де рөлі ерекше. Тарих пәні бойынша қоғамдық даму заңдарын түсінуге тырысады.
Әдебиет — адам арасындағы қарым — қатынасқа, жаңа өмірге, еңбекке табанды көзқарасқа тәрбиелейді.
Қоғам өмірінде болып жатқан әртүрлі саяси экономикалық, әлеуметтік мәселелерге дер кезінде жауап беріп отыру, яғни мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, халықтар арасында жүргізіп отырған экономикалық және әлеуметтік шараларын бағдарлап түсінуге, соған орай, оқушылардың іс - әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Осы орайда, оларды қоғамдық — саяси азаматтық тәрбие беру, сыныптан тыс кездерінде саяси тақырыптарға арналған кештер, байқаулар, пікірталас, хабарлама жұмыстарын ұйымдастырудың да маңызы ерекше.
Қандай да болсын пәнді, соның ішінде бастауыш мектептегі математиканы оқытып – үйрету арнайы мақсат көздейді. Ол, бастауыш сыныптардың математика курсы орта мектепке арналған математика курсының құрамды бөлімі болғандықтан, оны оқытудың жалпы мақсаттарынан, сондай –ақ математика ғылымының табиғаты мен өзіндік ерекшеліктерінен және арнайы әдіс – тәсілдерінен туындайды. [15]
Қазіргі жағдайда математикалық біліммен және оның өзіндік әдіс – тәсілдерімен, арнайы тілімен қарулану қоғам мүшелерінің жалпы мәдениеттілігінің элементі, тіпті мамандықтың қандай да болсын саласы үшін қажетті дайындық болады.Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту – күнделікті өмірде және тұрмыста кеңінен қолданылып, мектепке басқа да пәндерді табысты оқу және білімді жалғастыру үшін қажетті математикалық білім, білік, дағдылардың практикалық негізін қалайды және осыларды игеру процесі – оқушыларды тәрбиелеу, жан-жақты дамыту ісімен тығыз әрі табиғи байланыста жүргізіледі. Сондықтан математика сабақтары балалардың ғылыми көзқарасының негіздерін қалыптастыруға, олардың танымдылық қабілетін дамытуға, ақыл-ой, есі және тағы басқа қырларын шындай түсуге, оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуға, жалпы алғанда адамзат қоғамдағы жоғарғы ізгі игіліктерді игеру және қорғау қасиеттерін тәрбиелеуге септігін тигізеді.Математикалық объектілер жалаң түрде берілмейді, оқушыны қоршаған ортамен байланыстырады, демек олардың танымдық қызығушылығын тудырады, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Ал математикалық білімді іс-әрекет үстінде, тәжірибеде, өмірде қолданудың нақты мысалдары қарастырылады, яғни білімді қолданудың арнасы кеңейеді және солай жасауға біртіндеп бейімделеді. Мұның бәрі математиканы оқыту барысында тәлім-тәрбие беру мәселесінің де біршама шешуін табатынын аңғартады.
Матемаиканы оқытып-үйрету барысында әр алуан қиіншылықтарды жеңуге де тура келеді, байқампаздыққа, ойлауға, талдау және талқылау жүргізуге, қорытынды жасауға, салыстыруға және т.с.с. машықтанады, аддамның ақыл-ойының жетілуіне көмектеседі.
Математикалық білімнің мазмұнын дұрыс анықтауда әр түрлі мәселелердің ерекше маңызы бар:
Педагогика мен психология ғылымдары қағидалары қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, әдет-ғұрпы мен дәстүрлері, республиканың аймақтық ерекшеліктері, экономикалық, географиялық жағдайлар, қазіргі білім мазмұнының кемшілктері жайындағы қорытындылар, педагогика ғылымы мен озық тәжірибенің бүгінгі жетістіктері мен жаңалықтарына және т.б. сүйене отырып, білім мазмұнын анықтау;
Оқушылар меңгеру тиіс білім құрамы мен олардың пән бойынша игеруі міндетті білік пен дағдыларының түрлері мен деңгейінің алдынғы қатарлы өркениетті елдердің мектептеріндегі бастауыш буын үшін анықталған мөлшерден және деңгейден кем болмауы;
Бастауыш буынның соңына қарай оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар тұрғысынан алғанда бастауыш мектеп пен орта буынның алғашқы сыныптары арасындағы сабақтастықтың шын мәнісінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеру, яғни балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейінділік тәрізді қабілеттерінің даму ерекшеліктерін ескеру, сондай-ақ олардың тілін ұстарту және дамыту, соның ішінде математикалық тілдік қорын қалыптастыру және оны дамыта түсу;
Қарастырылатын объектілерді іріктеп алу және оларды топтастыру, қарастыру ретін анықтау, материалды шоғырландыра түсу, оқыту мазмұнының сынып аралық бөлінуіне түбегейлі өзгеріс еңгізу, кейбір мәселені оқытудың әдістемесін жетлдіре түсу және математиканың бастауыш курсын орта мектеп курсының шынай құрамдас бөлігіне айналдыру.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда қазақ тілінің алатын орны.
Қазақ тілі пәні – болашақ ел иегерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін мектептің білім беру жүйесінде өзіндік орны бөлек жетекші пән. Өйткені, ана тілі жас ұрпақтың дүниені танудың көзі болып саналады. Сондықтан бұл пән тек тіл білімі туралы,ғылым туралы білім беріп,соған сай іскерлік дағдыларды меңгерумен, яғни, жеке пәндік қызмет атқарумен шектелмейді.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру олардың ойлау, қабылдау,түсіну әрекеттерін жетілдіруге сауатты жазу мен сауатты сөйлеудің маңызы ерекше.
Қазақ тілі пәнінің фонетика, морфология, лексика және синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әр түрлі әдіс – тәсілдер мен грамматикалық ойындарды енгізуге болады. Бұл әдістің құндылығы топта,сыныпта оқушылардың білім деңгейлерін көтеруге, сабақтың сапасын арттыруға одан әрі оқушылардың дүние танымын арттыруға ықпалы зор болары сөзсіз.Әрбір мұғалім өз сабағының қызықты, тартымды болғанын қалайды.Осы бағытта бастауыш сынып балалары үшін стандартты емес ойын сабақтарының орны ерекше. Атап айтқанда: «Рөлдік ойындар», «Ойлан тап», «Адасқан әріптер», «Ұйқасын тап», «Тиісті әріптерді қой», «Қажетті буынды тап», «Сөздерден сөйлем құрастыр», «Ребусты шеш», «Дискуссия» ойындары.Орта мектепте қазақ тілі пәні сатылы бағдарлама бойынша оқытылатындықтан бастауыш сыныптарда зат есімнің жалпы, жалқы есімдері түріне көбірек көңіл аударамыз. Ішінара негізгі,туынды есімдермен қатар дара, күрделі есімдерге де назар салып қоятын кездеріміз болады.[16]
Оқушылар аттарымен танысу жұмыстарымен қатар жер, су, аңдар мен жануарлар және әртүрлі транспорт құралдарымен де танысатын болады.
Мектептегі оқыту процесінің сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті – оқу мен жазуды үйрету. Осы сауат ашудан жас ұрпаққа білім негіздерін меңгерту мен адамгершілік тәрбие берудің іргетасы қаланады. Білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың аса күрделісі – жеті жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі болып табылады. Себебі, сауат ашу кезінде оқушылардың оқуға, ой еңбегіне бейімділігі, ынтасы қалыптасу керек.
Сауат ашу – аса күрделі де жауапты міндет. Оны ойдағыдай жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар сан алуан. Олардың негізгілері мынадай:
Балаларды мектепте сауат ашуға даярлау;
Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздердегі дыбыстарды айқын естіп, анық айтуға үйрету;
Оқушылардың жалпы ой – өрісін дамытып, ойлауға, байқағыштыққа тәрбиелеу;
Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, сөйлемдерді дәл, дұрыс жеткізе білуге үйрету;
Сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктемей, дұрыс буындап түсініп,оқуға, одан әрі сөзді тұтас оқуға дағдыландыру;
Дыбыстарды әріппен дұрыс таңбалауды жете меңгерту арқылы жазудың каллиграфиялық талаптарын сақтап, әріптерді үзбей және сөз ішіндегі байланысу тәсілдері бойынша, сөзді тұтастыра жазуға үйрету; жеке сөздерді, сөйлемдерді көшіріп және естігенін жаза білуді жетілдіру;
Сөйлемдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы ерекшеліктерін меңгерту;
Сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу дағдыларыныңнегізін қалау, тыңдауға, айтуға, жазуға үйрету, балалардың сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінігін қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап,содан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру,өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауыз екі тілін дамыту.
« Әліппе »- көп деңгейлі, дамыта оқылатын, ұлттық ерекшеліктері бар, дәстүрлі мектепке арналған төл оқулық.
Тіл пәнінің жаңа мазмұны мен дамытушы қасиеті сауат ашу кезеңіне басталады.Оқу мазмұны мен бағдарламасы дамыта оқыту мақсатын көздейді. Дамыта оқыту оқушыларымен шығармашылық түрде жұмыс жасауға үйрете ді, әр оқушыны ізденіске жетелейді.
« Әліппе » оқулығы Ш. Әуелбаевтың жетекшілігімен ғылыми қызметкер Р. Ізғұтынова, Ә. Наурызбаева және А. Құлжановалар жазып, 1997 жылы « Атамұра » корпорациясынан басылып шықты.
«Әліппеде» психология, педагогика, лингвистика ғылымы пәндерін басшылыққа алады.
«Әліппеге» дейінгі кезең – сауат ашуға даярлық кезеңі. Оқушының жақсы сауаттылығы осы кезеңде жүргізілетін жұмыстардың тиімділігіне тікелей байланысты.
Даярлық кезеңге оқу бағдарламасы бойынша 14 сағат бөлінген. Осы аз уақыт ішінде мұғалімге көптеген жұмыс атқаруға тура келеді. Партада дұрыс отырып, дәптерді, қаламды дұрыс ұстап, дұрыс пайдалануға, мектеп ережелері күн тәртібін орындап, мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдауға, дұрыс сөйлеуге, «сөйлем, сөз, буын, дыбыс» ұғымдарын ұқтыратын, үйрететін кезең.Әліппеге дейінгі кезең жұмысын өткізу-мұғалімнен үлкен кәсіби шеберлік пен ізденісті талап етеді.
«Әліппеге» дейінгі кезеңнің оқу материалдары бала өмірімен байланыстыра ұсынылған. Негізгі тақырыптар: «мектеп», «мектеп мүліктері», «оқу – құрал жабдықтары», «денсаулық сақтау», «көшелерде жүру тәртібі», «құстар», «жеміс-жидектер», «отбасы», т. б. тақырыптар берілген.Жеке суреттер балалардың тілін дамытады, сөздік қорын байытады, ауызша байланыстырып сөйлеуге үйретеді.
Оқушының «сөйлем», «сөз», «дыбыс», «буын» туралы алғашқы ұғымдары нақты мысалдар арқылы меңгертілуі тиіс.
«Әліппе» кезеңі
Сауат ашудың әліппе кезеңі аса күрделі де, жауапты процесс. Бұл кезеңде сауат ашудың басты мақсаты-оқу мен жазуды үйрету жүзеге асырылады. Сөздерді оқу мен жазу үшін тіліміздегі барлық әріптер мен дыбыстар оқытылады.
Сауат ашу ең оңай дыбыс, буын, сөздерден басталуға тиіс. Оңайдан қиынға қарай принципін жүзеге асырамыз.
Сауат ашудың негізгі мақсаты-оқу дағдысының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, оқуға, жазуға үйрету, балаларға сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан сөзді тұтас, сөйлемді мағынасын түсініп оқуға үйрету,сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, ауызша диалогтық және монологтық сөйлеуін дамыту, сөзді ауада жазып үйретіп, дыбыстық талдау жасайды. Буындап оқытып буындап жаздырамыз. Сауат ашудың негізгі белгісі-сөз. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері сөзді ауызша айту, оқу және жазу. Сабақта сөзге дыбыстық талдау жасалады. Бұл – дыбыстық талдау, жинақтау әдісі арқылы іске асады.Талдау әдісі:сөйлеуден сөйлетуді,сөйлемнен сөзді,сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп аламыз.Жинақтау әдісі:дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен сөйлеу арқылы тұтас әңгіме шығарамыз.Оқушы сөйлем құрастырады, мәтінді оқиды, көшіріп жазады,сөйлеуге дағдыланады.талдаудың басты тәсілі – дыбыстық талдау. Мұндай талдауда сөзден буын, буыннан дыбысты табады, орын ретін анықтайды.Сауат ашудың талдау, жинақтау әдісі бойынша сөз жеке дыбыстарды бөлек – бөлек айту арқылы оқытылмайды, буынға бөліп оқытамыз. [17]
Достарыңызбен бөлісу: |