Білім беру жїйесіндегі јдістемелік ќызметтіѕ ролі, бїгінгі кїн талабына сјйкестігі


Әдістемелік бірлестік жұмысының мазмұны



бет22/28
Дата08.02.2022
өлшемі310 Kb.
#122480
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
мектептегі әдістемелік жұмыс Полатова А

Әдістемелік бірлестік жұмысының мазмұны.

Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмысының мазмұнына:



  • мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес оқытудың сапасын арттыру;

  • типтік құжаттардың негізінде оқу бағдарламалары мен кәсіптік жаратылыстану циклы пәндерін оқыту үшін тәжірибелік бағдарламалар жасау;

  • оқу-бағдарламалық құжаттарды талдап түзету ендіру;

  • оқу процесінде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияны зерделеу және қолдану;

  • жеткіліксіз оқу құралдарын дайындау (оқу-әдістемелік құрал, жеке әдістемелер, лекциялар, дидактикалық материалдар, әдістемелік нұсқаулар, т.б.);

  • оқытудың сапасын байқау үшін тестік тапсырмалар жасау;

  • озат педагогикалық іс-тәжірибелерді табу, зерделеу және қалыптастырып тарату;

  • жас мамандарға сабақтар мен сабақтан тыс іс-шараларды дайындау және өткізуге көмектесу; өзара сабақтарға қатысуды, ашық сабақтар және оны талдауды ұйымдастыру; байқауларға, пәндер олипиадаларына, семинар-практикумдарға, озат тәжірибе мектебіне, оқырмандар конференцияларына, кәсіби шеберлікті шыңдау конкурстарын өткізуге қатысу;

  • оқу-әдістемелік мәселелер бойынша мұғалімдердің шығармашылық есептері, дөңгелек үстел, кеңестер, семинарлар т.б;

  • оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің мәселелері бойынша әдістемелік бірлестіктердің отырыстары;

  • пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар;

  • оқыту және тәрбиелеу әдістемесі, жалпы педагогика және психология мәселелері бойынша лекциялар, баяндамалар және дискуссиялар;

  • озат педагогикалық тәжірибені және басқару құжаттарының талаптарын зерттеп, оқу-тәрбие процесіне енгізу;

  • пән және әдістемелік апталықтарды өткізу;

  • өзара сабаққа ену;

  • оқу сабақтарының өткізу сапасын бақылау

Әдістемелік бірлестіктің жұмысы жылдық жоспар негізінде іске асырылады. Жоспар әдістемелік бірлестіктің төрағасы тарапынан құрылады, әдістемелік бірлестіктің отырысында қарастырылады, директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарымен келісіліп, мектеп директорымен бекітіледі.
Әдістемелік бірлестіктің отырысы тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі. Отырыстың мерзімі, өтілу орны туралы төраға дер кезінде директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына хабарлау керек. Қаралып отырған әр мәселе бойынша ұсыныс қабылданып, ол хаттама журналына жазылады. Ұсыныстар әдістемелік бірлестік төрағасының қолымен бекітіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет