Білім беру мазмұнын жаңартуда оқыту үдерісінің жаңашыл мазмұны мен әдістемесі



бет3/3
Дата14.05.2022
өлшемі179 Kb.
#143184
1   2   3
Байланысты:
пед совет январь

Мәтінді түсініп оқу кезінде ойлауға жетелеу сұрақтары бар топшама, ал жинақы мәтін жазуда үздік шыққан топтың «Жылқы сұлбасын» ұсындым. Ойлау деңгейі жоғары оқушыларыма мәтін негізінде берілген сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау жұмысы берілді.
Саралап оқытуды ұйымдастырудың негізгі шарты күрделілігі, танымдық деңгейі, мұғалім тарапынан берілетін көмектің сипаты жағынан ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану болып табылады. Саралап оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу және танымдық деңгейлерінің әртүрлілігі басты назарда болды.
Баланың уәжін, сенімін қалыптастыру үшін бағалау критерийлеріне сәйкес әр тапсырмаға дескрипторлар құрастырдым. Бағалау оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етті. Оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік берді, Сыныпта белсенділік танытқан оқушыларға смайликтер беріліп, сабақ соңында смайлик санына сәйкес «ең белсенді оқушы» анықталып, смайликтер оқушыларымның жас ерекшелігіне орай сыйлыққа айырбасталды. Сабақ соңындағы кері байланыс оқу үдерісін түзетіп отыруыма мүмкіндік берді.
Алаштың аймаңдай тұлғасы, қазақ қара сөзінің құлжасы Ж. Аймауытұлы 1929 жылы жазған «Комплекспен оқыту жолдары» атты еңбегінде «Балалардың білгені, тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік болады. Өмірінше ұмытпайды», - деп көрсеткен. Демек, жаңартылған білім мазмұнына сай құрылған әр сабақ оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге жол ашады. Қазіргі заманда табысқа жету үшін талап етілетін сын тұрғысынан ойлау, проблема шешу, қарым-қатынас жасау және бірлесіп әрекет ету сияқты негізгі дағдыларды меңгеруге ықпал етеді.
Болашақта табыстылыққа ұмтылып, әріптестеріммен қоғамдастықта жұмыстана отырып, белсенді әдіс-тәсілдерді өз сабағыма ықпалдастырып, тізбектелген сабақтар топтамасын құрастыруды жоспарлап отырмын. Әлем өзгеруімен қатар біз де жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін аша білейік! Колледж білім сапасын арттыру үшін білім беру мен оқытудың жаңа тәсілдерін мақсатқа бағыттап тиімді қолданайық!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет