Білім беру мазмұнын жаңартуда оқыту үдерісінің жаңашыл мазмұны мен әдістемесі



бет1/3
Дата14.05.2022
өлшемі179 Kb.
#143184
  1   2   3
Байланысты:
пед совет январь


Білім беру мазмұнын жаңартуда оқыту үдерісінің жаңашыл мазмұны мен әдістемесі
Беспаева Алия Қапенқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қазіргі таңда еліміз мектепте, колледжде білім сапасын арттыру үшін заманауи талаптарға сәйкес, әлемдік тәжірибенің озық үлгісі – жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңмен көшуде. Мақсаты - оқушыларға алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез-келген орта жағдайында, ресми/іскерлік ортада бәсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім беру.
Аталған мақсатты жүзеге асыратын қазақ тілін оқытудың жаңартылған бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
• Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді дамытады.
• Оқу бағдарламасында коммуникативтік әрекеттер мен дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттары ұсынылған. Оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалған.
• Бағдарлама «спиральді оқыту» тәсіліне негізделе құрылған. Әр сынып сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отырады.
• Бағдарлама мазмұны әдебиет, тарих, биология, география, физика сияқты өзге пәндермен тығыз байланысты. Лексикалық тақырыптарды меңгерту осы пәндермен тығыз байланыста жүргізіледі.
• Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.
• Грамматиканы бөлек қарастырмай, функционалдық-коммуникативтік мәнмәтінде оқытуға негізделген.
• Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оларға қызықты болатын өмірмен байланысты лексикалық тақырыптар ұсынылған.
Оқу бағдарламасындағы коммуникативтік әрекеттер жыл сайын қайталанып, қарапайымнан күрделіге қарай өзгеріп отырады. Сол себепті де оқушылардың бойында дағды қалыптасады, пәннің мазмұнын меңгеру жеңіл әрі нәтижелі болады.
Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған.
Жаңартылған бағдарламаға сәйкес бүгінде дәстүрлі сабақ жоспарын жаңа форматта құрылған жоспармен жаңарттық. Мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта барлық төрт дағдыны қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі жанама түрде дамытыла береді.
Сабақ барысында коммуникативтік әрекеттерді дамытуға бағытталған тапсырмалар өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір жүйемен жүзеге асады. Мысалы, тыңдалым дағдысын жүзеге асыру үшін тыңдалым алды, тыңдалым, тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар ұйымдастырылуы тиіс. Оқылым мен жазылым дағдысын жүзеге асыру да дәл осы сипатта ұйымдастырылады. Қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің сабақты тиімді құрылымдауына көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктейді. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдапрефлексия жасайды.
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:
- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын;
- сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;
- орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық жаттығуларды, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;
- мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырады.
Мұғалім оқушылардың өздерінің оқу-танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтуы міндетті емес.
Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай жоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді оқу тәсілдерін қолдана алады. Оқыту мен оқудың заманауи әдістері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруға аса мән береді және бұл бағыттағы мұғалімнің табыстылығы оқушылардың оқу үлгеріміне оң әсерін тигізеді. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін, сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет. Оқытудың барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлесім табуы шарт. Сындарлы оқыту тәсілдері оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011).
ҚМЖ құруда спиральділік ұстанымына негізделіп құрылған оқу бағдарламасын, оқу жоспары мен ҚБ арналған тапсырмалар жинағын басшылыққа алдым. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: Оқылым мен тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. Оқу мақсатына сәйкес оқушының алдыңғы және кейінгі білімдерін ескере отырып, сабағымның мақсатын SMART форматында құрдым: Барлық оқушылар Оқылым мен тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, мәтін жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет