Солтүстік Қазақстан ның өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен



Дата08.07.2017
өлшемі38,74 Kb.
#20798
түріСабақ
Солтүстік Қазақстанның өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен 
көлік географиясы, ауданның маманданған салалары туралы 
білім беру. 
Дамытушылық: Оқушылардың картамен, мәтінмен, топпен жұмыс жасау 
шеберлігін, жұмыс істеу қабілетін, оқу еңбегіне қажетті 
біліктіліктерін және дағдыларын дамыту. 
Тәрбиелік: Тақырып мазмұнындағы ақпаратты зерделеу арқылы 
оқушылардың елжандылық, патриоттық сезімдерін ояту, 
экологиялық тәрбие беру. 

Күтілетін нәтиже: 
• Тақырып бойынша білімдерін кеңейте алады. 
• Топ арасында ынтымақтастық, ойларын ашық айтуға, еркін ой бөлісуге, өз көзқарасын дәлелдеуге дағды қалыптасады. 
• Ауызша сөйлеу қабілеттерін дамыта алады .
• Сыни тұрғыдан ойлана білуге үйренеді. 

Көрнекі құралдар: Қазақстанның экономикалық картасы, 9 сыныпқа арналған атлас, кесін карта, интерактивті тақта, интернет слайдтар, үлестірмелі материалдар, бейне фльм, электрондық оқулық, статистикалық деректер. 
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, баяндау, постер құру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеп, назарын бүгінгі сабаққа аудару, жасыл, көк, қызыл ленталардан шаңырақ жасап, Қазақ халқы Ассамблеясының 
20-жылдығын наурыз айында атап өттік, Қазақстан халқы көп ұлтты. Олардың бір шаңырақ астында достық қарым-қатынаста, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп жатқанын айтып, оқушыларды 3 топқа бөліп, топ басшысын сайлау. 
ІІ Үй тапсырмасын сұрау. 
Қызығушлығын ояту сатысы. 
«Ой қозғау» әдісі.
1. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының аумағы қанша? 566 мың км 2.
2. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы, халқының саны жөнінен нешінші орында? (2 орын)
3. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданның құрамына неше облыс кіреді?
(4 облыс)
4. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы қай экономикалық ауданмен шектеспейді? (Оңтүстік Қазақстан)
5. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ЭГЖ-нің қолайлы жақтарын ата? 
• Ресейдің Орал және Батыс Сібір экономикалық аудандармен шектеседі. 
• Ірі теміржол магистралі өтеді.
• табиғат жағдайлары қолайлы
• жер бедері жазықты
6. Аудан неліктен егіншілікті аудан болып саналады? Себебі климаттық жағдайы қолайлы, топырағы құнарлы.
7. Қостанай облысындағы темір кен орындарын ата? Соколов-Сарыбай, Лисоков. 
8. Аудандағы көрікті жерлерге қай жерлер жатады? Шортанды- Бурабай курорты, Қорғалжын, Наурызым қорықтары, Баянауыл, Көкшетау саябақтары. 
9. Қазақстан «Швейцариясы» деп аталған қала? Көкшетау. 
10. Боксит кені қай жерлерде өндіріледі? Амангельді мен Қызыл Октябрь. 
11. Аудандағы экономикалық белсенді халықтың үлесі қанша? 73 %.
12. Қала халқының үлесі ең төмен облыстарға қай облыстар жатады? Солтүстік Қазақстан-35% , Ақмола-48 % облыстары. 
Жаңа сабақты меңгерту .
ІІІ. Жаңа сабақ жоспары: 
Постер құру:
1. Солтүстік Қазақстанның маманданған салалары
2. Ауыл шаруашылығы
3. Өнеркәсібі
4. Көлік кешені
5. Павлодар-Екібастұз АӨК.
ІV. Мәтінмен жұмыс. 
Солтүстік Қазақстан шаруашылығының маманданған салалары. 
І-топ. Агроөнеркәсіп кешені (жаздық бидай, етті-сүтті мал шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі). 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет