Білім беру мазмұнын жаңартуда оқыту үдерісінің жаңашыл мазмұны мен әдістемесі


Көпшілігі: Мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі ақпараттарды анықтап, жинақы мәтін жазуда қолдана алады. Кейбірі



бет2/3
Дата14.05.2022
өлшемі179 Kb.
#143184
1   2   3
Байланысты:
пед совет январь

Көпшілігі: Мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі ақпараттарды анықтап, жинақы мәтін жазуда қолдана алады. Кейбірі: Жинақы мәтін жазуда мәтіндегі негізгі ақпаратты жүйелі қолданып, автор идеясын нақты бере алады.
Осы мақсаттарға жету үшін бағалау критерийлерін оқушымен бірлесе отырып құрдым:
- Негізгі ақпараттарды сақтап, мәтін жаза алады.
- Оқылым материалы бойынша жинақы мәтін жаза алады.
Жинақы мәтін жазуда оқылым материалдары бойынша орфографиялық, грамматикалық және пунктуациялық ережелерді сақтауын тілдік мақсат етіп алдым.
Сабақтың өн бойында Қазақстандық патриотизм, азаматтық жауапкершілік, өмір бойы білім алу құндылықтарына баулуды көздедім. Тақырып қажеттілігіне орай жазылым дағдысын негіз етіп, оқылым, тыңдалым, айтылым дағдысын жанама түрде қолдандым. Оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз еттім, бұл жазылым үдерісі деп аталады. Толығырақ айтқанда, жазылымды жоспарлаудан бастап, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге дейінгі оқушылардың әрекетін ұйымдастырдым. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерімен әртүрлі уақытта жұмыс жасай білуге дағдыландырады.
Сабағымды оқушылардың тақырыпты өз бетімен меңгере алуына билік беру, ізгілендіру ұстанымдары арқылы жүзеге асыруды көздедім. Оқушының жеке траекториясын ескере отырып, сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып, сабақ мақсатына жетелейтін белсенді әдіс-тәсілдерді нәтижеге бағыттап тиімді қолдана алдым. Оқушылардың әрекеті танымдық, коммуникативтік және өзін-өзі басқару тұрғысында көрініс тауып. барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылды. Сабағымның бастапқы кезеңінде уәж туындату, оқушыны сабаққа ынталандыру және жаңа тақырыпты жариялау мақсатында оқушыларға түрлі түсті конверттер үлестіру арқылы топқа бөліп, конверттегі ребус, жұмбақтарды шешу арқылы сабағымның тақырыбы мен мақсатын таныстырдым. Жазылым алдында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін «Құндылық пирамидасына» адам бойына жақсы мінез қалыптастыру үшін қажетті құндылықтарды ретімен орналастыруды ұсындым. Жазылым кезінде жинақ мәтін жазуға дайындық ретінде «Танысу үшін оқу және сканерлеу» әдісін анағұрлым тиімді деп таптым. Мәтінмен танысқаннан соң қажет деп тапқандары жоғарыда құрастырған «Құндылықтар пирамидасына» қайта оралып, түзетулер енгізді. «Жылқы сұлбасы» әдісі арқылы жинақы мәтін жазуда басшылыққа алатын негізгі ақпарттартарды, тірек сөздер мен қорытындыны анықтады. Оқу мақсатын жүзеге асыру мақсатында жинақы мәтін жазғызып, топта оқытып, үздігін «Ыстық орындық» әдісі арқылы ортаға шығарды. Сабақ барысында әрбір оқушының өзінің және сыныптастарының әрекетіне эмоциялық қолдау көрсетіліп отырды. Мәтіннен алған білімін қолданып «Детальдарын қосу» әдісі арқылы, оқушылар алған білімін толықтырса, жазылымнан кейінгі тапсырмада оқушы алған білімін «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы жинақтады. Сабақ соңында «Бағалау терезесі» арқылы керібайланыс орнаттым. Сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып отырдым.
Бала қай кезде де өзі жасаған істен қанағат, ләззат алатыны белгілі. Сондықтан ойлау деңгейі әртүрлі оқушыларым үшін әр тапсырмаға саралау жұмыстарын дайындадым. Құндылықтар тізбегін құрастыруда тәртіп, ақыл, мейірімділік т.б. сөздер салынған қорапша ұсындым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет