Мифологиялық немесе көркем бейнемен қарым – қатынас:
Ақиқатта (болмыста) жоқ адам бейнесімен қарым – қатынас.
Қиялдағы серіктердің қарым – қатынасы (көркем персонаждар – квазисубъектілермен).
Қарым – қатынас түрлері
Қарым – қатынасқа түсушілер құрамы бойынша
Тұлғааралық – іскерлік және жеке тұлғалық қарым – қатынас
Адам – Адам жүйесінде;
Өзара қатынас сипатына қарай:
Қызметтік;
Қызметтік – жолдастық;
Достық;
Жеке тұлғалық – топтық – іскерлік, Адам – Топ жүйесіндегі қарым – қатынас;
Өзара өатынас сипатына қарай:
Қызметтік және қызметтік – жолдастық;
Жетекшінің ұжыммен,топпен қарым – қатынасы;
Топаралық – Топ – Топ жүйесіндегі іскерлік қарым – қатынас, екі немесе бірнеше қауымдастықтың контактісі.
Жақындасу деңгейі бойынша:
Тікелей – «бетпе – бет» қарым – қатынасқа түсу, әрбір қатысушының қарым – қатынастың барлық құралдарын қолдана отырып басқа адамдармен байланысқа түсуі және сол арада кері байланысқа түсу мүмкіндігі де.
Жанама – үшінші адам, немесе пошталық байланыс, техникалық құрал, зат, естелік т.б арқылы қарым – қатынастын жүзеге асуы.
Ұзақтығына байланысты:
Қысқа уақыттық;
Ұзақ уақыттық;
Аяқталуына байланысты:
Аяқталған;
Аяқталмаған.
Қарым – қатынас құрылымы:
Коммуникативті – қарым – қатынас субъектілерінің арасында мәлімет алмасу;
Интерактивті – жалпы өзара әрекет стратегиясын құру,факті, қатынастардың ғана емес әрекеттердің де алмасуы.