Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі



бет2/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,67 Mb.
#4423
1   2   3

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: “Қысқы киімдер”

Ма Мақсаты: Қысқы киімдер жайлы балалардың түсініктерін тереңдету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнеккілік: Отбасы мүшелерінің суреттері:ата,әже,ана,ата,аға,қарындасы.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс- әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Шаттық шеңбер:

Арайлап атқан таңға сәлем!


Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!

2.Балалармен әңгімелесу:

-Бүгін ауа –райы қандай?

-Жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді?

3.Жұмбақ жасыру.

Мысалы: а)Іші-егіс, сырты- тегіс. (Тон)
б). Аузы біреу бес құдық,
Қыста күні байлатам, бесеуіне бес құрық.

(Қолғап)

4.Жаңа тақырып хабарлау :

-Бүгінгі біздің тақырыбыз -Қысқы киімдер.

Сурет бойынша жұмыс:Әңгіме құрып айтады.

Балалар киім түрлерін атап береді.Мысалы: малақай- құлағы бар жылы баскиім,құлақшын.

-Қыс мезгілінде қандац киімдер киеміз?


Сөздік жұмыс жүргізу:

Пима- жүннен басылған қысқы аяқкиім.

Тон- иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.

Ішік-іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім.

Сөйлем,сөз тіркестер құру.

-Ішік,қолғап сөздеріне сөйлем құрастыру.

-Мына сұрақтарға жауап беріңдер.Қандай тон? Қандай етік?

-Қалың тон,қалың етік.

-Тон,етік сөздері жуан естіле ме,әлде жіңішке естіледі?

5.Дидактикалық ойын: Қай мезгілде киеміз?

Шарты: киімдердің қайсысын ер балаға, қайсысын қыз балаға кигізуге болатындығын айтады.

6.Қорытындылау.

-Бүгін сабақта не өттік?

-Қандай қысқы киімдерді білеміз?

Балаларды бағалау,мадақтау.


Өлең жолын қайталайды.

Сұраққа жауап береді.

Жұмбақ шешеді.

Суретпен жұмыс жасайды.


Сөздік жұмыс жасайды.


Сөйлем құрастырады.










Күтілетін нәтиже:

Білу: Қыс мезгілінің табиғат ерекшеліктерін білуі ;

Игеру :Қысқы киімдерді атап игерілуі;

Меңгеру: Сурет бойынша әңгіме құруды меңгерілуі;


Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем Әдебиет

Тақырыбы: “Тазалықтың досы ”

Мақсаты: Өлеңді жаттап, есте сақтау қабілетін нығайту. Жәндіктерді айырып атай білуге үйретуді жалғастыру.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: көктесін,қаңқыз,
Көрнекіліктер: Автордың портреті,көктемнің және жәндіктердің суреттері,

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі
II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия




1.Шаттық шеңбер.Мысалы:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар!
Сәлеметсіз бе, балалар?

2.Балаларға үнтаспаны қосып тыңдату.

-Балалар,бұл ненің дыбысы естілді?

-Судың дыбысы естілді .

3.Жаңа тақырыпты хабарлау.

Сөздік жұмыс жүргізу:

Мөлдір- таза су.

Тақпақты оқу. «Мөлдір су»

Мысалы: Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу,

Жусақ сен әрдайым,

Аппақ бетін маңдайын,

Тазалқтың досы,

Су дегенің осы.

4.Сергіту сәті: Күркіреді күн-күн,

Терезелер шың-шың,

Жауды жаңбыр топ-топ,

Шелек-шелек көп-көп.

5.Дидақтикалық ойын: “Не қайда жүзеді”.

Мақсаты: Баланың таным қабілеттерін дамыту.



6.Тақпақтың мағынасын балаларға түсіндіріп ашу.

7.Тақпақты тірек-сызба арқылы 3 тәсілмен жаттау (баяу,ақырын,тез)

  • 8.Дидактикалық ойын: Мен бастаймын,сен аяқта.

Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін арттыру.

9.Мақал –мәтелдер айту.



  • Су бар жерде –ырыс бар.

  • Су бергеннің сауабы бар,

Су төкеннің жауабы бар.

  • Сулы жер құрақсыз болмас.

  • Су жүрген жер береке,
    Ел жүрген жер мереке. 

10.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта қандай тақпақ жаттадық?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Тақпақ не туралы болды?

Бағалау: өз-өзін бағалау.

Тәрбиеші бағалайды.



Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Үнтаспа тыңдайды.

тақпақты тыңдайды.

сергіту сәтін бірге жасайды.

Тақпақты жаттайды.

Дидактикалық ойын ойнайды.
Мақал-мәтелді айтады.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Су әлемін танып білуі;

Игеру: Тақпақтың мазмұнын игерілуі;

Меңгеру: Өлеңді жылдам жаттауды меңгерілуі;

Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем Әдебиет

Тақырыбы: “Сүйікті қалам- Павлодар”

Мақсаты: Туған қала туралы мәліметтер беру.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер:Павлодар қаласының суреттері.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру


III.Рефлексия




1. Балаларды шеңберге тұрғызу:

Мысалы: Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын, іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

-Балалармен әңгімелесу,сұрақтар қою.

-Жылда неше мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

- Бүгін ауа –райы қандай?

-Жаңа тақырыпты хабарлау.

2.Тақпақты оқу. Н.Жанаев

Мысалы: Біз бақытты балалар,

Туған қалам-Павлодар.

Аман болсын әрқашан,

Арқасында бұл күштің.

3.Сергіту сәті: Жан-жағына қарады

Қабағын бір түйді де

Шашын жөндеп тарады.

Сағаттың тіліндей оңға бір.

  • 4.Тақпақты тірек-сызба арқылы 3 тәсілмен жаттау (баяу,ақырын,тез)

  • 5.Дидактикалық ойын: Мен бастаймын,сен аяқта.

Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін арттыру.

6.Сабақты қорытындылау.

-Біз сендермен қай қалада тұрамыз?

-Павлодар қаласында көрікті жерлер бар ма?

Бағалау: өз-өзін бағалау.


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Тақпақты тыңдайды.

сергіту сәтін бірге жасайды.

Тақпақты жаттайды.










Күтілетін нәтиже:

Білу: Павлодар қаласы жайлы білуі тиіс;

Игеру: Тақпақ жаттаудың әдіс-тәсілдерін игеруі тиіс;

Меңгеру: Павлодар қаласы туралы білімдерін меңгерілуі;




Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем Әдебиет

Тақырыбы: “Гүл ектік”

Мақсаты: Тақпақ жаттап үйрету,гүлдер түрімен таныстыру.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: гүл ектік,құлпыртып.

Көрнекіліктер:көктемнің, гүлдердің суреттер,



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1. Балаларды шеңберге тұрғызу:

Мысалы: Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілденіп жүрейік.



2.Балаларға үнтаспа қосып тыңдату.

-Балалар, бұл ненің дыбысы естіледі?

балалар: құстардың дыбысы естіледі.

- Ия,дұрыс айтасыңдар. Құстар қай мезгілде жылы жақтан бізге ұшып келе бастайды?

- балалар: Көктем мезгілінде ұшып келеді.

- Дұрыс айтасыңдар.

-Ендеше, қазір бізде қандай жыл мезгілі?

- Көктемде табиғат қандай болады?

- Бүгін ауа –райы қандай?

- Көктемде қар не істейді?

Балалар: қар ериді,табиғат оянады,құстар ұшып келеді, күн жарқырап, жаңбыр жауады.

2.Жаңа тақырыпты хабарлау.

Сөздік жұмыс:

Құлпыртып – жарқырау,жайнау мағынада;

Гүл ектік - гүлді отырғызу дегенді білдіреді.

Автордың портретін балаларға көрсетіп,әңгімелеу.

Тақпақты оқу. А.Бақтыгереева

Мысалы: «Анаға сыйлаймыз»
Көктемде көңілді
Құстар кеп жатқанда,
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
Гүл ектік аулаға
Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да
Ақ гүлдер өрілді.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Анаға сыйлаймыз.

3.Сергіту сәті: Күркіреді күн-күн,

Терезелер шың-шың.

Жауды жаңбыр топ-топ,

Шелек –шелек көп-көп.

4.Тақпақтың мағынасын балаларға түсіндіріп ашу.

5.Тақпақты тірек-сызба арқылы 3 тәсілмен жаттау (баяу,ақырын,тез)

  • 6.Дидактикалық ойын: Мен бастаймын,сен аяқта.

Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін арттыру.

7.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта қандай тақпақ жаттадық?

-Қазіл жылдың қай мезгілі?

-Тақпақ кім жайында айтылған?

Бағалау: өз-өзін бағалау.

Тәрбиеші бағалайды.


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.
Үнтаспаны тыңдайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Тақпақты тыңдайды.

Қимылмен көрсетіп, сергіту сәтін бірге жасайды.
Тақпақты жаттайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Тақпақтың мазмұнын білуі;

Игеру: Тақпақ жаттаудың әдіс-тәсілдерін игерілуі;

Меңгеру: Өлеңді жылдам жаттауды меңгерілуі;

Күні _____

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем Әдебиет

Тақырыбы: “ Қазақстан-көп ұлтты мемлекет”

Мақсаты: Балаларға патриоттық тәрбие бере отырып,тілдерін дамытып,сөздік қорларын молайту.Грамматикалық тұлғада анық сөйлеуге дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: Астананың көрікті жерлердің ,Қазақстанның қалаларының,Президенттің суреттері,

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Шаттық шеңбер.

Мысалы:Табиғатым тамаша ,

Көз тоймайды қараса ,

Табиғатты аялап,,

Жүрейінші жараса ,

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған нұрлы күн.

Аман – есен болайық ,

Бейбітшілікті қалайық. 
2.Балалармен әңгімелесу.

- Балалар біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?

- Қазақстан.

- Бас қаламыз Елордамыз қалай аталады?

- Астана. - Біздің ұлтымыз қандай?

- Қазақ - Біз қандай тілде сөйлейміз?

- Қазақ тілінде.

Тәрбиеші: Балалар мынау кең байтақ Қазақстан жерінде көп ұлт өкілдері тұрады.

Олар:Орыстар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. 
- Балалар әр елдің өз белгілері болады. Мынау біздің Қазақстан Республикасының белгісі.

Бұны балалар – Рәміздер деп атаймыз. - Әнұран, елтаңба, көк ту.

- Елбасымыз Әбішұлы Назарбаев. Бәйтеректі көрсету. Астана, Бәйтерек туралы әңгімелеу.

-Қазақстан Мемлекетіміз барлық елдермен жақсы қарым-қатынас жасайды.

- Балалар Астанаға барғандарың бар ма?

- Онда не көрдіңдер?

- Зарина мен Астанаға бардым.

Онда бәйтеректі көрдім. Төбесінде дөңгелегі бар. Қасына суретке түстім.

3.Сергіту сәтті:

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бiр орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

4.Әнұранды орындау. Рәміздер туралы тақпақтарды еске түсірейік.

Балалар тақпақ айтады.

7.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта не өтік?

Бағалау:-өз-өзін бағалау;

- Тәрбиеші бағалайды;



Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

сергіту сәтін бірге жасайды.
Әнұранды айтады.








Күтілетін нәтиже:

Білу:Қазақстан Республикасын танып білуі;

Игеру: Сурет бойынша әңгімелеуді игерілуі;

Меңгеру:Өз елі туралы білімді меңгерілуі;

Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем Әдебиет

Тақырыбы: “Бір тал шөп”.

Мақсаты: Ертегі мазмұнымен таныстыру,мазмұндай білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: тал.

Көрнекіліктер:ағаштардың суреттері.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Балаларды жылы шеңберде тұрып,бір-біріне тілектер айтады. Мысалы: ақылды бол, аман бол,тіл алғыш бол, сымбатты бол,т.б

2.Балалар,мен бүгін балабақшаға келе жатқанда, ағаштың қасында бір хат тауып алдым.Соны сендерге қазір оқып беремін.Бұл хатта “Бір тал шөп” атты ертегі жазылған.Ертегі не туралы білгілерің келе ме?

-Ия,дейді балалар.

-Ендеше тыңдайық.

Балалармен әңгімелесу. Сурет бойынша әңгіме құру.

-Жылдың қай мезгілі?

-Күзде ауа-райы қандай болады?

3.Жаңа тақырыпты хабарлау.Ертегіні оқу.

Сұрақтар қою.

-Ертегі не туралы болды?

-Бұтақ нені көруді армандады?
4.Сергіту сәті: Тербелейді ағаштар,

Алдымнан жел есейді.

Кіп-кішкентай ағаштан,

Үлкен болып өседі.

  • 5.Дидактикалық ойын: Күз мезгілінің құбылыстарын тауып ата.Мақсаты: Балалардың сөздік қорын жетілдіру.

6. Сабақты қорытындылау.

- Балалар,бүгін сабақта не туралы әңгімеледік?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

Бағалау: өз-өзін бағалау.

Тәрбиеші бағалайды.


Жылы сөздер айтады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

\

сергіту сәтін бірге жасайды.



Күзгі белгілерді атайды.








Күтілетін нәтиже:

Білу: Табиғатты танып білуі;

Игеру:Ертегінің мазмұнын игерілуі;

Меңгеру: Табиғаттың құбылыстары жайлы білімді меңгерілуі;


Күні _____



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем Әдебиет

Тақырыбы: “Анашым”.

Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп жаттауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: сәулелі.

Көрнекіліктер:көктем мезгілінің суреті және ананың суреті.



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

жағымды


жағымсыз


I.Мотивациалы- ынталандыру кезеңі

II.Ізденіс-ұйымдастыру

III.Рефлексия


1.Балаларды шеңберге тұрғызу.

Мысалы: Дала гүлге толыпты,
Аққу көлге қоныпты.
Алақай-ау, алақай!
Көктем қандай, көрікті! 

2.Балалармен әңгімелесу.

- Жылдың қай мезгілі екенін сұрау?

- Көктемде табиғат қандай болады?

- Жылы жақтан не ұшып келеді?

3.Жаңа тақырыпты хабарлау.

-Балалар,көктемде қандай мереке болады?

-Ия,анамыздың мерекесі болады?

-Анамызға не сыйлаймыз?

-Сендер өз аналарың жақсы көресіңдер ме?

Бүгін біз Анашым өлеңін жаттаймыз.

М: Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.



4.Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық,


Қане, қанат жазайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып — ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.

5.Тақпақтың мағынасын балаларға түсіндіріп ашу.

6.Тақпақты тірек-сызба арқылы 3 тәсілмен жаттау (баяу,ақырын,тез)

  • 7.Дидактикалық ойын: Мен бастаймын,сен аяқта.

Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін арттыру.

8.Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта қандай тақпақ жаттадық?

-Қазіл жылдың қай мезгілі?

-Тақпақ кім жайында айтылған?

Бағалау: өз-өзін бағалау.

Тәрбиеші бағалайды.


Балалар өлең жолдарын бірге айтады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.


тақпақты тыңдайды.

сергіту сәтін бірге жасайды.

Тақпақты жаттайды.










Күтілетін нәтиже:

Білу: Тақпақтың мазмұнын білуі;

Игеру: Тақпақ жаттаудың әдіс-тәсілдерін игерілуі;

Меңгеру: Өлеңді жылдам жаттауды меңгерілуі;

Күні _____


Каталог: uploads -> doc -> 0dec
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0dec -> Садакбаев Наурызбай Куанышович география және биология пәні мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет