Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Білім көздері: Сауат ашу,оқу және жазу.
Тақырыбы: Өө дыбысы.
Мақсаты:1.Балаларды Ө дыбысымен және әріп таңбасымен таныстыру.
2.Балалардың ұшқыр ойлау қабілетін дамыту.
3.Жазуға қолдарын жаттықтыру, төзімділіккке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер,кеспе әріптер,қима буындар.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап,буын оқу.
Іс – әрекет бөлімдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс - әрекеті
|
Ынталандыру.
Сезімді ояту.
|
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Психологиялық дайындық
|
Біз бақытты баламыз,
Ойнап, білім аламыз,
Сауат ашу пәнінде
Оқып,жазу жазамыз.
|
Ізденістер
Ұйымдастыру
|
Балалар,дыбыс нешеге бөлінеді?
Қане,өткен дыбыстарды қайталап жіберейік.
Дыбыс дегеніміз не,әріп дегеніміз не?
Дауысты,дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз?
Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізіледі.
Батпырауықтан буындар оқу. Суретке сөйлем құрау.Сөз,сөйлем оқу.
Ө әрпі сөздің басында,ортасында,соңында тұрғанын ажырату; соған сәйкес шаршыны бояу.
Сергіту сәтін өткізу
Үлгі бойынша Ө дыбысын бастырып жазу.
|
Дауысты,дауыссыз.
А,Т,П,Н,Ғ,Р,Л,У,Ш,Й,О,Қ,Д,М,Б,С,Ы,Ж,Ұ,Ң,Е,К,І,Ә,И,З
Дыбысты естиміз,әріпті көреміз, жазамыз.
Дау/ы д/ы қызыл, дау/сыз д/ы көк текшемен
Әңгіме құрайды суретке қарап.
Өлең шумақтарын тыңдайды,қайталайды.
Орнымыздан тұрайық,
Қане,қанат қағайық,
Бір отырып,бір тұрып,
Орнымызды табайық.
|
Қорытындылау
|
Оқу іс-әрекеттері қорытындылау мақсатында балаларға сұрақтар қойылады. 1. Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?
2.Ө дыбыстары дауысты ма, дауыссыз ба?
3. « Сөз ойла,тез ойла» ойынымен аяқтау,ө дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездесетін сөздер айтқызу.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Өрік,өзен, т.б
|
Білуі тиіс: Ө дыбысын және әрпін.
Түсінігі: Дыбысты ажыратуы.
Көрсете білуі: Әріптерді ажыратып,көрсете білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |