Сабақ Тақырыбы: "Г дыбысы мен әрпі"



Дата21.06.2017
өлшемі6,8 Kb.
#19448
түріСабақ
  • Ашық сабақ
  • Тақырыбы: “Г дыбысы мен әрпі”

Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныту; Г дыбысы бар сөздерді буынға бөле отырып, Г дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін түсіндіру; Ә) Г дыбысы арқылы берілген сөздерді оқуға, жазуға үйрету; Сөздік қорларын молайту және жұмбақ шешкізу, сөз ойлау арқылы тіл байлықтарын дамыту; Б) Оқушыларды ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа баулу;таза ,сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: !.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Мен күнді көремін, Күн мені көреді. Мен айды көремін, Ай мені көреді. Мен жұлдызды көремін, Жұлдыз мені көреді. Мен сені көремін, Сен мені көресің. Біз сізді көреміз, Сіз бізді көресіз.

2.Топқа бөлу. Жұлдыз , ай, күн суреттері арқылы 3 топқа бөлінейік. 1-топ “Балауса” 2-топ “Зерек” 3-топ “Алғыр” Өткенді еске түсіру. Топпен жұмыс. 1-топ Сұрақ –жауап (ауызша) 2-топ Буыннан сөз құрау (тақтамен жұмыс) 3-топ “Кім кінәлі?” өлеңін оқу, рөлге бөліп оқыту

  • Ә) Ойын: “Жалғастыр”
  • Барлық топқа бірдей тапсырма
  • Әр топтағы оқушы бір-бір сөзден Ү дыбысы бар сөздер жазу (2 мин)
  • 3.Жаңа сабақ
  • А) Жұмбақ шешу.
  • Аналарға сыйлайтын,
  • Аралар бал жинайтын.
  • Бұл немене балалар,
  • Үзуге адам қимайтын?
  • Ол не?

Ә) Топтастыру.Әр топ гүл туралы

  • Ә) Топтастыру.Әр топ гүл туралы
  • білетіндеріңді жинақтап қағазға түсіру
  • Б) Ой қозғау
  • -Гүл қайда өседі?
  • -Онымен кімдер айналысады?
  • -Гүлдердің қандай түрлерін білесіңдер?
  • В) –Гүл сөзін буынға бөлу.Дыбыстық талдау жасау.
  • Гүл-1буын, 3дыбыс, 3әріп, 1 дауысты, 2дауыссыз дыбыс
  • Г-дауыссыз дыбыс.Тіл арқылы жасалады, шұғыл айтылады.
  • Г)Оқулықпен жұмыс.
  • Бағандағы сөздерді оқу.
  • Оқушыларға оқыту. (Дауыстап оқыту)
  • Түртіп алу жүйесі.
  • Қиын сөздердің мағынасын ашу.

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер

  • Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер
  • Қызыл гүлдер, көк гүлдер

Ойын: “Сөз ойла, тез ойла” Г дыбысы бар сөздер айту

Көгершін өлеңін оқу. Әнін тыңдату Көгершін қандай құс?

  • Көгершін –бақыт құсы, бейбітшіліктің белгісі

Д) Дәптермен жұмыс Ауаға жазу Тақтаға жазу Ережені еске түсіру Дәптерге жазу Гг Гг Гг Гүл Егеу Гүлнұр Ақгүл

4.Сергіту сәті (Әуен ырғағымен)

  • Шаршағанда ырғалып,
  • Гүлге ұқсап дем алам.
  • Қолымызды қозғалтып,
  • Гүлдей болып жайқалам

5.Бекіту.

  • 1-топ.Ойын: “Қай әріпті жоғалттым?”
  • Ерте...і, не...е, кере...е, се...із, е...еу.
  • 2-топ.
  • Гүл
  • 3-топ Сөйлемді аяқта. Гүлсім гүл ... . Гүлге су ... . Гүл туралы ән ... .

Қорытындылау.Бағалау

  • Гүл тарату.Гүлдерін аналарына сыйға беру
  • Сабақ аяқталды.Келгендеріңізге рахмет.
  • Гүл тарату.Гүлдерін аналарына сыйға беру
  • Сабақ аяқталды.Келгендеріңізге рахмет.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет