Білім беру саласы:ҚАТЫНАС
Тақырыбы: «Жайлауда»
Мақсаттары: жайлауда алған әсерлерінен, басынан өткен жағдайларды айта білуге үйрету. Өз ойын жинақтап ашық айтуға, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өлеңге деген қызығушылығын арттыру
Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер
Билингвалдық компонент: жайлау
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. - Барлығымыз терезеге назарларымызды аударайықшы, далада күн не істеп тұр?
-Балалар енді біз күн сияқты жарқырайықшы.
Алақан арқылы бір-бірімізге жылу жіберу.
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Бір аптада неше күн бар?
-Балабақшаға неше күн келеміз,ал неше күн демаламыз?
ІІ. Негізгі бөлім.Бүгін біз жайлауға саяхатқа шығамыз.
-Білесіңдерме,жайлауға немен барамыз?
-Енді балалар ат арбаға отырайық.
-Балалар біз жайлауға жай бара жатқан жоқпыз,тапсырмалар орындаймыз. Жайлауға жеткенше мен сендерге «Жайлауда»өлеңін оқып берейін.
Жайлауда
Атам биыл мені де,
Алып барды жайлауға,
Құлындар тұр желіде,
Биелер тұр байлауда,
Бұлағын да ұнатам,
Қыранын да ұнатам,
«Жылда -жылда» жайлауға,
Апарам - деп жүр атам.
-Өлең не туралы?
-Балалар ,қараңдаршы,алдымызда біреу тұрған сияқты,кім екен?
-Өзінен сұрайықшы?
-Сіз кімсіз?
-Кәне,балалар, малшымен амандасайық!
Малшы:-Балалар мен жай малшы емеспін,мен сіздерге көп тапсырма дайындап қойдым орындайсыңдар ма?
1 тапсырма:
Мына жайылып жүрген қандай жануарлар?
Үй жануарлары ма, әлде жабайы ма?
-Олардың қандай пайдасы бар?
2 тапсырма:
Д/о: «Кім қалай дыбыстайды?»
Мақсаты: Есту қабілеттерін дамыту және дыбыстай білу.
Сергіту жаттығуын орындау.
3 тапсырма: Жайлауда неше мал жайылып жүр?
-Үлкені нешеу,ал кішкентайы?
Малшы: -Балалар рахмет барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Балабақшада жақсы оқыңдар.
-Балалар малшыға рахмет айтып,тобымызға қайтайық.
Балалар кім үй жануарлары туралы мақал-мәтел, тыйым сөздер біледі.
Жарайсыңдар, балалар! Сендер мақал мен тыйым сөздерді жақсы білесіңдер екен.
Мал аяған — аттан құр,
Төл аяған — ақтан құр.