«Балдаурен» орта тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне арналған технологиялық картасы
Білім беру саласы: әлеуметтік орта.
Бағдарлама тарауы: қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;
Білімділік: балаларға өз отбасы мүшелері туралы айтып, олардың қамқорлықтары туралы білім беру,
Дамытушылық: әр түрлі тапсырмалыр, ойындар арқылы, мақал-мәтел жаттатқызу арқылы тілдік қорларын дамыту, өз ойларын айқын жеткізуге, үш тілділікке үйрету.
Тәрбиелік: үлкендерді сыйлауға, кішілерді құрметтеуге, қамқорлыққа, бір-бірімізге жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдық: отбасы суреттері, балалардың отбасылық фотосуреттері, дидактикалық ойын "Бұл кімге тиісті", интерактивті тақта.