Қостілдік компонент: отбасы-семья-family, ана-мама-mother, әке-отец-father
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын.
Әрекет кезеңдері
|
Педагогтыңіс-әрекеті
|
Баланыңіс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушы
|
Ұйымдастыру кезеңі:
“Қайырлы күн” деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз.
Көңілді өтер күніміз.
|
Балалар ұйымдастыру кезеңін қимылмен, іс-әрекетпен дене мүшелері арқылы көрсетеді.
|
Іздену ұйымдастырушылық
|
Күтпеген сәт: «Қонаққа Дымбілместің келуі».
Балалар қарандаршы бізге бүгін қонаққа Дымбілмес келіпті.
- Салеметсің бе Дымбілмес?
Дымбілмес:
- Сәлеметсіңдер ме? Балалар маған сендерден көмек керек. Білгішбек екеуіміз бәстестік. Егерде мен оның берген жасырған жұмбақтарын шешіп берсем, ол мені өзінің «Білгіштер» тобына қабылдайды. /жылайды/ Енді қайттім, мен қанша оқысам да басыма түк кірер емес.
- Дымбілмес жылама, Балалар не істейміз? Дымбілмеске қол ұшымызды береміз бе?
- Рахмет, балалар. Міне, Білгішбектің тапсырмалары:
1-жұмбақ:
Кім отыр кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз!
2-жұмбақ:
Кім менің асыл жан
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Кімге ешкім жетпейді!
3-жұмбақ:
Кімімменің ардақты
Алтыннан да салмақты
Қиын-қиын жолдардан
Қорықпаймын ол барда
Кім деген ардақты ат
Өтемін оны ардақтап.
4-жұмбақ:
“Кімім” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Кімім менің – өмірдегі тірегім
Кімім менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
Балалар біз жұмбақтың дұрыс жауабын таптық.
Дымбілмес:
- Рахмет балалар. Алақай, мен енді «Білгіштер» тобына қабылданам. Балалар сендер маған көмектестіңдер. Енді мен Білгішбекке барып жауабымды айтайын. Сау болындар.
- Балалар, біз кімдер туралы айтып отырмыз. Бір сөзбен қалай атаймыз?
- Өте жақсы балалар, отбасы мүшелері.
Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады.Олар бізге осы дүниедегі ең жақын,бізді әркезде қолдап,қол ұшын беріп,көмектесетін,ақыл айтатын,жаман мен жақсыны,оңмен солды үйрететін ең жақын адамдар./баяу ән қосылып тұрады/
Қане балалар,біраз сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Үйде нешеу екенбіз
Кел санайық екеуміз,
Бас бармағым папам
Балаң үйрек анам.
Ортан терек ағам
Шылдыршүмек мен
Кішкене бөбек сен.
Бір үйде біз нешеуміз
Бір үйде біз бесеуміз.
Балалар сергіту сәтінде кімдер туралы айттық?
Иә, дұрыс айтасыңдар сендердің әрқайсыларыңның өз отбасыларың аналарың, әкелерің, апайларың, ағаларың, қарындастарың,і нілерің бар. Сендер оларды қатты жақсы көресіңдер ме?
/отбасы мүшелерін айта отырып баларға суреттерін көрсету/
Жақсы, ендеше балалар сендерге үйге әрине, ата-аналардың көмегі арқылы отбасылық сурет галлереясын жасап келулерінді ұсынғам. /көрмеге назар аударамыз/
Жақсы балалар, кім маған өз отбасы туралы айтып береді?
Дидактикалық ойын. «Қай зат кімдікі»
Шарты: Берілген отбасы мүшелерінің суреттерінің тұстарына балалар өзіне тиесілі заттарын алып жанына қояды./тапсырма интерактивті тақта арқылы орындалады./
Мақсаты: ойын арқылы отбасы мүшелерін ажырата білуге, кімге қай зат тиесілі екенін табуға, балалардың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлау қабілетін дамыту.
Жақсы балалар, сендер ойынды өте жақсы ойнап шықтындар.
Балалар,ерте заманнан мынандай мақал бар «Ақылды қария - ағып жатқан дария».Бұл мақалды қалай түсінесіндер. Міне, мынау қария-ол атамыз. Ата дегенде бірден ойға қандай ой келеді.
Керемет балалар. Иә, біздің отбасымызда ең үлкені, сыйлыда сыйымды, ақылшымыз,ол әрине қариямыз-атамыз. Ал, дария дегенді қалай түсінеміз.
Өте жақсы Аяулым. Суы мол, көлемі кең өзен, көл, теңіз «дария» аталатындығын түсіндірме сөздіктен білеміз. «Дария біздің елдің ұғымында теңізден кіші, өзеннен үлкен су». Ал, су балалар таза болады,су бір орнында тұрмай сарқылып ағып жатады екен. Ендеше қариямыз дариядай жылдар бойы жинаған ақылын бізге айтып отырады екен. Ендеше балалар осы мақалды жаттап алайық. «Ақылды қария - ағып жатқан дария».
|
Балалар аң-таң болып қарайды.
Салеметсіз бе.
Иә,көмектесейік.
Қол ұшымызды береміз.
Ата-дедушка-grandfather
Әже-бабушка-grandmother
Әке-отец-father
Ана-мама-mother
Сау болыңыз.
- Отбасы,отбасы мүшелері.
Үйде нешеу екенбіз
Кел санайық екеуміз,
Бас бармағым папам
Балаң үйрек анам.
Ортан терек ағам
Шылдыршүмек мен
Кішкене бөбек сен.
Бір үйде біз нешеуміз
Бір үйде біз бесеуміз.
Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге жасайды.
Әке, аға, ана, әже, ата туралы.
Иә, жақсы көреміз. Қатты жақсы көреміз.
Томирис, Інжу, Дарина, Айдын, Султан өз отбасы жайлы ата-аналармен жасалған альбомдарын көрсетіп, өз отбасы туралы шағын әңгімелеп береді.
Данияр байлауышты алып әженің жанына апарып орналастырады. Мусаэль көзілдірік пен кітапты атаның жанына апарып орналастырады.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Дария: Менің атам өте ақылды адам.
Асанали: Ал менің атам мені еркелетеді.
Жадыра: Менің атам мен қалаған затты алып береді.
Мусаэль: Менің атам маған көп әңгімелер мен ақылдар айтады.
Аяулым: дария таза дегенді білдіреді
«Ақылды қария - ағып жатқан дария» балалар бірнеше рет қайталап айтады.
|
Рефлексивті-корригиялық
|
- Балалар бүгін біз кімдер туралы айттық?
Ойын: «Жылулық лебізі»
Балалар бәріміз жулулық шеңбер құрып, атаналарың сендерге қандай жылы сөздер немесе еркелетіп айтатын сөздерін айту керексіңдер. Мысалы мен балама «күн шуағым» деп айтам.
- Міне, балалар қандай әдемі жылы сөздермен сендерді отбасыларың аялап айтады,біздің жылулық шеңберімізде жылы лебізбен толы болды. Ал, сендер өз отбасыларыңды қандай отбасы деп ойлайсыңдар? Жақсы сөздермен қорытындылайық. Сендердің ата –аналарың, туыстарың жандарыңда, ал сендер бақыттысыңдар ма?
Ендеше баріміз бір дауыспен «Біз бақытты балалар»әнімен оқу қызметін аяқтайық.
|
Отбасы мүшелері туралы
Дарина: жаным менің. Султан: күнім менің. Айару: жапалағым менің. Бекарыс: арыстаным менің. Перизат: жаным мен сені жанымдай жақсы көремін.
- Тату-тәтті, бақытты, қуанышқа толы, мейірімге толы.
- иә
Балалар көтеріңкі көңіл-күймен айтып береді.
|
Болжамды нәтиже:
Білу керек: Өз отбасы мүшелерін танып білуді, отбасы мүшелерін олардың аталуын, сұраққа жауап бере алады, көмек көрсете біледі.
Істей біледі: Өз ойларын жеткізе алады, суретпен жұмыс жасай алады,интерактивті тақтамен жұмыс істей алады. Өз ойларын емін-еркін айта алады, мақал-мәтелмен жұмыс жасай алады.
Достарыңызбен бөлісу: |