Балалар, ал сендер кешкі қала көрінісін тамашалап көрдіңдер ме?
-Кешке қала көрінісі несімен ерекшеленеді?
-Бүгін сол сендер тамашалап отырған кешкі қала көрінісін салайық.
Педагог кешкі қала суретін салған кезде әртүрлі фигураларды молынан қолдануға болатыны, әр үйдің терезесінен түсетін жарық негеәр түсті болуы мүмкін екенін (терезеге тұтылған перденің түсіне сай), түн мезгілі екенін фон арқылы көрсетуге болатынын, аспандағы жұлдыздарды қылқалам көмегімен салу жолдарын түсіндіреді.