Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау.
Қостілді құрам: бақа-лягушка, балапан-цыпленок, балық-рыба.
Қызмет кезеңі
|
Тәрбиешінің іс - әрекеті
|
Балалардың іс – әрекеті
|
Мотивациялық
қозғаушы
|
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі және қай ай?
-Аптаның қай күні?
Осы кезде үстелге секіріп бақа шыға келеді.
-Мынау не екен, балалар?
-Бақа бізге неге келді екен, мен сұрап көрейінші. (Құлағын тосқан болады).
-Балалар, бақа бізге қонаққа келіпті, сендермен бірге болғысы келеді.
Жыл мезгілдері суреттері
|
Бақа
Сұрақтарға жауап береді.
|
Ұйымдастырушы
ізденуші
|
Дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу.
Дидактикалық ойын.
Балалардан бақаның қимылын жасауын және бақа туралы ән айтып беруді сұрайды.
-Бақа, бақа, балпақ,
Басың неге жалпақ?
Темір телпек көп киіп
Басым содан жалпақ.
-Бақа, бақа, балпақ,
Бұтың неге талпақ?
-Су бетінде көп жүзіп,
Бұтым содан талпақ.
Тәрбиеші балаларға ойыншық балға, балтаны көрсетеді, балалар көрсетілген заттардың атын атайды. Олардың ортақ аттары құрал-саймандар екені айтылады. Осылайша басқа да ойыншықтар: балық, бүркіт, бұғы, бұзау, балапан, бақаны көрсетіп, аттарын ататқызады.
-Осы сөздердің барлығында б дыбысы қай жерде тұр?
-Шалбар деген сөзде б дыбысы бар ма?
-Өте дұрыс. Бұл сөзде ортасында естіліп тұр.
-Енді осы б дыбысын дауыстап айтып көрейікші және б дыбысын созып айтып көрейікші, не байқадыңдар?
Балалар б дыбысын дауыстап айту кезінде еріндерінің бір-біріне тиетінін, б дыбысын созып айтуға келмейтінін, б дыбысын ы дыбысының көмегімен ғана созып айтатындарын айтады.
-Олай болса б дыбысы қандай дыбыс екен?
Б дыбысына келетін сөздерді буынға бөлдіріп айтқызу.
Бөрік, барабан, клуб сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы б дыбысының орнын ажыратқызады. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады.
Үлгі бойынша б дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі б дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. «Оюды қайталап сал» тапсырмасын орындайды.
Бала-бала, балақан,
Кәне, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Табада бар,Танада жоқ.
Сабада бар,Санада жоқ. (Б дыбысы)
Тақырыптық сурет бойынша әңгіме құрастыру. (Саңырауқұлақты пана лаған балапандар бейнелеген сурет).
«Саңырауқұлақ» ойынының шарты: балалардың ішінен біреуі «саңырау- құлақ» болып сайланады. Қалғандары «балапандар» болады. «Саңырау- құлақ» қолшатырды ашып, отырады. Тәрбиеші «жаңбыр жауды» деген белгісімен орнынан жайлап тұрады. «Балапандар» «саңырауқұлақтың» астына жиналады.үлгермеген бала ойыннан шығады.
|
Б әрпі, текшелер, кеспе әріптер,
Балық, балға, балта
Әліппе дәптер
Саңырауқұлақ суреті
Бақаның қимылын жасайды.
Тақпақты бірге орындайды.
Бдыбысымен танысады.
Тапсырмаларды орындайды
Қимылмен көрсетеді.
Жұмбақ шешеді.
Әңгіме құрайды.
Ойын ойнайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |