ҚР мемлекеттік Туы- ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір түсті мата. Сол жағында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн , оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығы ½. Авторы: суретші-Шәкен Ниязбеков.
ҚР мемлекеттік Елтаңбасы-дөңгелек пішінді, көк және сары түспен бейнеленген. Ортасында шаңырақ, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздағы қанатты пырақтар бейнесі орналасқан. Жоғары бөлігінде -бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.
Біздің елімізде осындай рәміздеріміз бар, біз оны құрметтуіміз керек.
Сергіту сәті: Туған жерім тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Құшағымды ашамын.
Достарыма қуана.
Достарыңызбен бөлісу: |