Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы Бағдарлама тараулары: Тақырыбы: «Менің өлкем» Мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі35,58 Kb.
#5001
АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕММЕН ТАНЫСУ

оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы



Білім беру саласы: «Таным» білім беру саласы

Бағдарлама тараулары:

Тақырыбы: «Менің өлкем»

Мақсаты: Туған өлкеге деген түсініктерін дамыту. Ескерткіштер, көшелер, мемлекеттік мекемелер туралы әңгімелеу. Көпшілік орындарда мінез-құлық ережелерін сақтауға үйрету. Қазақстан Республикасының жетістіктері, туған өлкеге деген сезімдерін одан әрі кеңейте түсу. Туған өлке табиғатының ерекшеліктері (далалар, ормандар, көлдер, теңіздер т.б.) жайлы түсініктерін нақты қалыптастырып, елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

Құрал-жабдық: Сабақтың қысқаша мазмұны. Әліппе-дәптер. Мазмұнды суреттер.

Сабаққа дайындық: Қаланың көрікті көшелерімен, ескерткіштерімен таныстыру, атақты адамдардың суреттерінен көрме, ескерткіштердің суреттері. Туған өлке еңбеккерлері, табиғат туралы мазмұнды суреттер.

Сөздік жұмыс: Туған өлке


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Бақытты балалық шақ

Ж. Тұрбеков

Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын.

Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң,

Не керектігін біз үшін бәрі дайын.


Туған өлке туралы әңгімелеу. Д. Әбіловтың «Қазақстан – Республикам менің» атты өлеңін оқып, мазмұнымен таныстыру.

Балалар шаттық шеңберге тұрып бәрімен амандасып әндетеді.

Туған өлке деген не екендігін түсінеді.

Өлеңді мұқият тыңдап, мазмұнын түсіну.


Іздену-ұйымдастырушылық

Сабақ барысынды балаларға қаланың мекемелері, көшелері, ескерткіштері жинақталған сиқырлы көшеге саяхат жасау ойынын ұсынады. Өзі саяхаттың жетекшісі рөлінде балаларды қаланың сиқырлы көшесіндегі ескерткіштермен, мекемелермен таныстырады. Саяхат кезінде көрнекті адамдардың өмірінен, олардың туған өлкені өркендетуге қосқан үлестері туралы әңгімелейді. Соның ішінде қазақ балалары үшін алғаш рет әліппені, хрестоматияны жасаған, қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметіне ерекше назар аударады.

Бұл орындар қоғамдық орындар болып саналады. Ал қоғамдық орындарда мәдени-мінез-құлық ережелерін сақтау керектігін әңгімелейді.


Тәрбиеші әңгімесінде адамдардың бос жатқан жерлерді жыртып, егістікке айналдырғанын, кәсіпорындардың жанар-жағар май, темір қазбаларын және т.б. қалай өндірілетінін айтып береді. Өндірілетін өнімнің негізгі екі-үш түрімен таныстырады.

Мысалға: Шымкент облысында бақша өнімдері, алматы облысында жеміс-жидектер, Қостанай облысында – бидай өнімдері өндіріледі. Қазақстандағы адамдардың еңбекқорлығын сүйіспеншілігін айта отырып, оларды жемісті еңбектерінің нәтижесі еліміздің өсіп, өркендеуіне қосқан үлесі біз үшін үлкен мақтаныш екендігін түсіндіреді. Туған өлке табиғаты туралы әңгіме әрі қарай жалғасып, Қазақстанның аймағы ұлан-байтақ екендігін айту. Балалар туған өлкенің байлықтарымен оның әр түрлі ерекшеліктері туралы мәлімет алады. (теңіздер, өзендер, ормандар, құстар, жан-жануарлар).


Әліппе-дәптермен жұмыс:

Н.Әлімқұловтың «Кең өлке» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру.



Тапсырма:

а) өлеңді жаттап ал

ә) суреттерде берілген ұлттық киімдердің ерекшелігін ата.





Рефлексифті – корригиялық



Сабақты бекіту: Дидактикалық ойын: «Туған қалаға саяхат»

Балалар, есте сақтаңдар: Мәдени орындарда жалпыға ортақ мінез-құлық ережелерін сақтап жүріңдер.



Дидактикалық ойын: «Туған қалаға саяхат»

Жүректен жүрекке.

Ризашылық әні.

Сөзі мен әні – Луиза Хейдікі

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге! 2 рет

Ризамын, ризамын,

Ризамын бүгінге !

Ризамын, ризамын,

Ризамын қазірге! 2 рет








Болжамды нәтиже: Көпшілік орындарда мінез-құлық ережелерін сақтауға үйрету. Қазақстан Республикасының жетістіктері, туған өлкеге деген сезімдерін одан әрі кеңейте түсу.

Білуі керек: Туған өлке табиғатының ерекшеліктері (далалар, ормандар, көлдер, теңіздер т.б.) жайлы білу.

Қалыптасқан әдет: Ескерткіштер, көшелер, мемлекеттік мекемелер туралы әңгімелеу.

Істей біледі: Туған өлкеге деген сүйіспеншілік.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет