Мақсаты: 1.Балаларға ермексазды пайдаланып,құстардың бірнеше бөліктен мүсіндей білуге үйрету.
2.Олардың дене бөліктерін дұрыс орналастыру,таяқшаларды пайдалана отырып өзіндік сипатын ерекшелеп мүсіндеу дағдысын қалыптастыру,дамыту.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.
3.Балаларды шығармашылыққа,ұқыптылыққа,құстарды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: құстардың суреті.
Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар Қазақстанда қандай құстарды білесіңдер ?
-Ендеше бүгін біз ермексаздан құстарды мүсіндеп үйренеміз!
V Жаңа сабақ
Суреттерді көрсетіп әңгімелеу.
Олардың дене бөліктеріне (көлеміне,пішініне) түстеріне назар аударады.Содан кейін құстарды мүсіндеудің әдіс-тәсілдеріне тоқталады .Оқушылармен келісе отырып торғайдың мүсінін мүсіндеу.
Торғайды мүсіндеу үшін денесін сопақша дөңгелек етіп есіп аламып,мойнын сәл созып шығару.Басын домалақтап жасап алып,мойнына әкеліп біріктіріп жабыстырады,саусақтармен тегістейді.Берік орналасуына мән беру.Тұмсығын басынан шымшып,созып шығарады.Қанаттарын таяқшамен (стекалар) екі жақ бүйіріне сызып бедерлеп түсіру.
Сергіту сәті: Бойымызды ұзартып