Білім беру саласы: Таным, Әлеуметтік орта Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Математика Көркем әдиебие



Дата25.08.2017
өлшемі234,06 Kb.
#26780
МКҚК №2 «Жанар» балабақшасы.

Білім беру саласы: Таным, Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Математика Көркем әдиебие

тәрбиешісі: Досбергенова Ж.А 

Білім беру саласы:     Таным, Әлеуметтік орта, шығармашылық.

 

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:         Математика



Тақырыбы:   7 саны мен цифры

Мақсаты:

Білімділігі: Балаларды 7 санымен, цифрымен таныстыру. 7 санының құрамны анықтату.Өрнек құра білуге үйрету.Апта күндері және «Жеті қазына» туралы мағұлмат беру.

Дамытушылығы:Балалардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік:Балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуге, халық даналықтарын білуге,адамгершілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:7  саны мен цфры

Керекті құрал:слайд. Әліппе дәптер, халық даналығы туралы мәлімет.

Әдіс – тәсілдер: айту, түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ой қозғаумадақтау, қорыту.

 


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотиватция-лық қозғауыш

-          Балалар бүгінгі біздің оқу іс әрекетіміз ерекше болмақ, біздерге көптеген апайлар қонаққа келіпті қане солармен амандасайық.

 

Шаттық шеңбері.

 

Жыл мезгілін сұрау:



–          Қазір жылдың қай мезгілі?

–          Күз мезгілінде неше ай  бар, қандай айлар?

–          Күз мезгілінің ерекшілігі қандай болады?

–          Күз мезгіліне байланысты тақпақты кім біледі?

–          Бір апта неше күн бар, қандай күндер?

–          Бүгін аптаның қай күні? Өте жақсы балалар. Бүгін бізде математика оқу іс әрекеті.

Өткен оқу іс әрекетін еске түсіру. Тура кері сану логикалық есеп шығарту.

 

 



 

 

 



 

1,2,3,4,5,6 – 6,5,4,3,2,1

 

Логикалық есеп:



1.Екі  сиырдың мүйізі қанша?

2.Бір мысықтың  аяғы қанша?

3.Бес қойдың басы нешеу?

4.Үш адамның  қолы нешеу? – өте жақсы балалар жақсы жауап бердіңдер.

Балалар шаттықшеңберін жақсы айтты.

Жеті бірдей өрнекбіз,

Жеті түрлі өлеңбіз.

Жеті түрлі бояумыз,

Жеті түрлі әуенбіз.

Үлкендерді құрметтеп,

Баршаға сәлем береміз.

 

–          Қазір жылдың күз мезгілі



–          Күз мезгілінде үш ай бар. Қыркүйек қазан қараша

–          Күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары түсіп, күн суытып, жаңбыр жауад, адамдар жылы ким киеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

 

Әлібек:


Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс берген сыйдай.

 

Бейбіт тура және кері санайды 1- 6 ға дейін саманамақ айтады

 

Балалар логикалық есептің шешуін таптты.



  1. Екі сиырдың мүйізі төртеу.

  2. Бір мысықта төрт аяқ бар.

  3. Бес қойдың басы бесеу.

  4. Үш адамның қолы алтау.

Іздену – ұйымдасты-рушы

Балалар бүгінгі біздің жаңа сабағымыз 7 саны мен цифры. Балалар жұмбақ шешкілерің келе ме? Олай болса мұқият тыңдаймыз.

Жұмбақ:


 

Жарқылдан соң жаңағы,

Суға бөктi бар алап.

Көкте түрлi жолақты,

Өрнек тұрды ғаламат!

 

–          Өте жақсы балалар қане кім маған айтады кемпір қосақтың неше түсі бар?

–          Кім құрастырып береді? /электронды тақтадан құрастырып береді, түстерін атап шығады/

–          Өте жақсы балалар кемпір қосақты дұрыс құрастырғандарың үшін бізге сыйға 7 санын беріп отыр. Қараңдаршы 7 саны неге ұқсайды ?

–          Өте жақсы дұрыс айтасыңыздар.

 

7 саны қазақта киелі сан болып аталады оның  құрамы 7 бірліктен тұрады. /балаларға жеті таяқшаны салып оны санатып түсіндіру/ Қараңыздар неше таяқша бар? 7саны шықты.



1 тапсырма:Ал енді алдымыздағы дәптерге қарайық ненің суретін көріп тұрсыңыздар? Орманда нені көріп тұрсыңдар?

Неше саңырау құлақ бар?

Қоян нешеу?

Тиын нешеу?

Қанша шырша бар? Орманның ішінде қандай сандар бар?

Неше құмырсқаның жүгі жоқ?

олай болса әр затты өз түсіне айтайықшы, шырша қандай түсте болады?

2 тапсырма: Есеп шығару.

/Слайд арқылы есеп шығарып түсіндіру/

Балалар экранға назар аударайық не көріп тұрсыңдар?

Неше қабатты үй?

Үйдің шатырында неше саны тұр?

Үйдің әр қабатында нелерді көріп тұрсыңдар? Ең жоғарғы қабатында неше доғңғалақ бар ол қандай түстімен белгіленген? Мінекей балалар 7 санының құрамы. Енді алтыншы қабатын қарайық, онда неше доңғалақ қызыл түстімен белгіленген, нешеуі көкпен белгіленген? Қызыл доңғалаққа бір көк доңғалақты қосқанда барлығы қанша болды? / одан әр қарай есепті шығарту/

Мынау неше қабатты үй? Үйдің шатырында неше санын көріп тұрсыңдар? Төртінші қабатында қанша доңғалақ қызыл түстімен белгіленген. Үшінші қабатын қарайық, 3 қабаттың әр терезесінде нелер бар? Олай болса балалар, үш қызыл доңғалаққа 1 көк доңғалақты қоссақ қанша болады? /есепті одан әрі шығару./

Енді балалар қай үй биік, қай үй аласа?

биік үйдің қабатты көппе, аласа үйдің қабатты көппе?

Оң жақта 3 Жапырақ  бар, сол жақта 4 жапырақ бар қай жақтағы жапырақ  көп?

Жоғары жақта 7 қоян бар

Астыңғы жағында 7 сәбіз бар қайсысы көп?

 

Сергіту сәті:

 

3 тапсырма: балалар бұл не? Ия дұрыс айтасыңдар бұл тиын жаңғақтарын орманнан теріп себектеріне бөліп сала алмай тұр, оған біздің көмегіміз керек екен сіздер көмектесесіңдер ме?

Бір себекте 4 жаңғақ тұр ал екінші себекте неше жаңғақ болуы керек?

/есепті одан әрі шығару/



4 тапсырма: мінекей қараңдаршы шаңғы теуіп жүрген баланеге ұқсайды екен? олай болса бояйық. Балаларға 7 санының жазылуын түсіндіру. /ауада салып көрсету, тақтада салып көрсету./

Ой қозғау стратегиясы.

Балалар экранға назар аударайықшы қане

7 санына, 7 санын қазақтар киелі сандар дейді, қане 7 санына байланысты көптеген қазақтың ырымдары бар екен.

Жеті шелпек не үшін пісіріледі?

 

 

Апта апайдың қанша балалары бар?



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Жеті атаңды айт.

 

 



 

 

Жеті қазынанға нелер жатады?



 

 

 



Өте жақсы балалар мінекей барлықтарыңда дұрыс айтыңдар жарайсыңдар.

Балалар жаңа оқу іс әрекетін мұқият тыңдап отырады, сондай – ақ жұмбақ шешуге ат салысады.

 

 



 

 

 



 

(Кемпiрқосақ)

 

Ақзере


7 түсі бар

 

кемпір қосақтың түсін атап құрастырып береді.



 

 

 



 

 

Әр бала өз ойын айтады.



 

 

 



Балалар мұқият қарап отырды.

 

 



 

Балалар орманның суретін көріп тұрғандарын айтады.

Балалар  суреттегі көргендерін айтады.

 

Айбану



4 саңырау құлақ бар.

1 қоян.


1 тиын.

5 шыршы бар. Орман ішінде 5,6,7 сандары бар.

 

7 құмырсқаның жүгі жоқ?



Балалар әр заттың өз түстерімен ажыратып айтады.

 

 



 

Көпқабатты үй.

7 қабатты үй.

Үйдің шатырында 7 саны тұр.

Үйдің әр қабатында доңғалақтар бар.

 

6+1=7 5+2=7 4+3=7



3+4=7 2+5=7 1+6=7

 

 



 

 

Бұл 4 қабатты үй



Үйдің шатырында 4 саны бар

Тқртінші қабатында 4 қызыл түстімен белгіленген.

 

 

3+1=4 2+2=4 1+3=4



 

7 қабатты үй биік, 4 қабатты үй аласа

Биік үйдің қабаты 7, ал аласа үйдің қабаты 4 сондықтанда  7 қабатты көп

4>3


7=7 екеуі де тең

 

 



 

Сергіту сәтін балалар музыка ырғағымен жасайды.

Бұл тиын.

 

Балалар көмектесуге дайын екендерін айтады.



4+2=6 3+3=6 1+5=6 0+6=6

 

 



 

Балалар 7 санына ұқсайтынын айтты.

 

Балалар 7 санын дәптерлеріне жазғызу.



 

 

 



Балалар экранға назар аударып 7 санына байланысты қазақтың ырымдарын айтып береді. Әр бала өз ойын айтады.

 

Жансая



Бұл жеті шелпек. Бұны анамыз жасап пісіреді. Оны отбасымыздың амандығы үшін әр жұма сайын пісіріп таратады.

Аяулым апта апайдың 7 ұлы бар екен.

Ең салмақты, ақылды ұлы Дүйсенбі. Парасатты және байыпты екінші ұлы Сейсенбі.

Ақылды әрі көмекшіл үлкен қызы Сәрсенбі.

Жауапты да ұқыпты ортаншы үлы Бейсенбі.

Бәрінен де күшкене Жұма қызы сүйікті. Сауықшыл да көңілді ұлы Сенбі. Демалғанды сүйетін кіші ұлы Жексенбі.

Жаңай

Жеті атасын білген ер,



Жеті елдің қойын жер.

Әке. Бала. Немере. Шөбере. Шөпшек. Немене. Туажат.

Ақниет

Бұл қазақ халқының жеті қазынасын білдіріп тұр. Ер жігіт. Сұлу әйел. Білім. Жүйрік ат. Алғыр тазы. Қыран бүркіт. Берен мылтық.



Рефлексті корекцияла-ушы

Балалар бүгін бізде қандай оқу іс әрекеті болды? Қандай санмен таныстық? Нелер шығардық? 7 санына байланысты қандай заттар бар?

Әр бала өз ойларындағысын айтып береді.

 

 

Күтілетін нәтеже:



Нені білуі керек:балалар 7 санымен цифрын білу керек.

Нені игереді :балалар 7 санына байланысты көптеген есептерді шығарып игерді.

Нені біледі:балалар қазақтың салт дәстүрлерін ырымдарын біледі.

 

Тақырыбы: 7 саны мен цифры. Тура және кері санау.


Мақсаты: 7 саны мен, цифрымен таныстыру. Сан қатарындағы орны, құрамы туралы түсінік беру. Тура және кері санауға үйрету. Балалардың ой - өрісін, танымдық қабылетін дамыту.
Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ойын.
Көрнекілігі: Суреттер, сандар.
Пән аралық байланыс: 
Тіл дамыту, орыс тілі.
Іс - әрекет кезеңдері 
Тәрбиешінің іс - әркеті
Балалардың іс - әркеті
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті,
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал кәнекей бәріміз
Сәлем делік үлкенге
Сәлеметсіздер ме,
Здравствуйте. Балалар өлең жолын қайталап айтады.
Ұйымдастырушылық, ізденімпаздық.
Өткенді қайталау.
Сандарды тура және кері санау. Ойын:
« Кім жылдам»
Аспанда неше күн бар?
Екі қоянның неше құлағы бар?
Бағдаршамда неше көз бар?
Ешкіде неше аяқ бар?
Бір қолда неше саусақ бар?
Бір жылда неше мезгіл бар?
Жаңа тақырыппен таныстыру.
Балалар бүгін 7 санымен танысамыз.
7 саны қазақта киелі сан болып есептеледі. Сендер қандай ұғымдарды білесің – дер. 7ата, 7 қазына, 7 күн, 7 күлше.
Жұмбақ жасыру.
Жеті саны киелі,
Алтыдан кейін келеді
Аптада бар жеті күн
Кім оны жатқа айта – ды?
Тақтаға суреттерді
Іліп заттарды санату.
Заттарды салыстыру.
Кемпірқосақ түстерін санату.
Санның кұрамы жеті бірліктен тұратынын түсіндіру. Ойын:«Кім тапқыр»
Санын білмей сәбіздің
Қоян әбден тосылды
Көмектесіп жіберші
Құтқарып сен досың ды.
Оң қолында төрт сәбіз.
Сол қолында үш сәбіз.
2. Айболда бес өрік,
Нұрболда екі өрік
Барлығын қосқанда,
Болады неше өрік?
3. Маратта алты алма
Саматта бір алма
Санашы, санашы
Барлығы неше алма?
4. Алма ағашта жеті алма
Қандай тәтті жесе алма
Жетеуінде жеп қойсам
Қалады онда неше алма.
Тосын сәт: Дымбілмес келеді.
Тапсырма алып келеді. Балалардан көмек сұрайды.
Суреттегі заттарды санап санын жауымыз керек.
Ойын: «Көршісін тап»
Сергіту сәті: Бір дегенде тұрайық.
Тақтаға жеті санын
жазып көрсету.
Ауада жаттығу.
Дәптерге жазғызу.
Балалар жауап береді.
Ойынды шарты бойынша ойнайды.
Балалар мұқият тыңдайды.
Жұмбақты шешеді
Заттарды санайды
Жауап береді
Тапсырманы орындайды.
Ойынды ойнайды.
Бойларын сергітеді.
Тақтаға жазады
Ауада жаттығады.
Дәптерге жазады
Рефлексиялық Қортындылау.
Балаларды мақтау,
Мадақтау. Қуанышты хабарлама тарату.
Жүректен – жүрекке
Күндей болып күлеміз
Шуақ шашып жүреміз
Бізге келген қонаққа
Гүлді сыйға береміз
Өлең жолын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білу: 7 саны мен цифры туралы түсінік алады.
Болу: Санның құрамын, қатардағы орнын меңгереді.
Жасай алады: 7 санын жаза алады.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 7 санының құрамымен таныстыру.


білімділік: 7-ні қандай сандардың қосындысы түрінде жазуға болатынын, сәйкес теңдіктерді жазуды, оқуды, қосындыға кері амал жазып, айырма құрастыруға, сандарды салыстыруға үйрету.
дамытушылық: Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс - әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылығын, белсенділіктерін, ой - өрісін дамыту. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
тәрбиелік: Оқушыларды еңбекшілдікке, ұқыптылыққа, шапшаң ойлап есептей білуге дағдыландыра отырып, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ


Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, ойын, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.
1 – слайд
Психологиялық дайындық.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Оқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика қызыққа тоймайтұғын.
Өткен сабақты еске түсіре отырып, жаңа сабаққа дайындық жасау.
2 – слайд
«Өз үйіне орналастыр»» ойыны
Көркем жазу минуты
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз (дәптерге орындау).
3 – слайд

- Балалар, өткен сабақта 7 санымен және цифрымен танысқан болатынбыз. Енді бүгінгі сабағымызда осы 7 санының құрамымен яғни 7 саны қандай сандардың қосындысы екенін білетін боламыз. Біздің қазақ халқында 7 саны киелі сан болып саналады екен, мына өлең жолдарына құлақ салайық.


4 – слайд
Жеті саны туралы
Киелі сан жеті деген,
Байланысты жетіменен.
Көп ұғымы халқымыздың,
Белгісіндей салтымыздың.
Жеті қат көк жер үсті,
Жеті қабат жер асты.
Жеті Жарғы – заң жеті,
Қазынамыз бар жеті.
Жеті атамыз тегі жұрт,
Ағайынды жеті жұт.
Қызықтырар құбылыс
Жеті түсті шұғыла.
Жерде бар жеті керемет,
Жеті шелпек берекет.
Жаңа сабақ 7 санының құрамы
5 – слайд
6+1 = 7
5+2 = 7
4+3 = 7
Оқулықпен жұмыс
1 – тапсырма
а) Суретті пайдалана отырып, сан құрамын толықтыру.
6 – слайд ә) Теңдіктер құру, оқыту, қосындыға кері амал жазып, айырма құрастыру.
6 + 1= 7
7 – 1= 6
5 + 2= 7
7 – 2 = 5
4 + 3= 7
7 – 3= 4
2 – тапсырма орындау үшін геометриялық фигураларды еске түсіру.
7 – слайд Сәйкестендір
Төртбұрыш
Бұрыш
Кесінді
Үшбұрыш
Сәуле
8 – слайд
7 см > 6 см

Сергіту сәті


Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Беске бесті қосамыз.
Кел, санайық, ал мұны
Нешеу болды барлығы?
Сандар қатарын еске түсіру үшін тура және кері санау.
9 - слайд
«Қай сандар жетіспейді?» ойыны
Ойын шарты: Мұғалім екі санды айтады, оқушы олардың арасындағы санды атауы тиіс.
«1, 3», «2, 4», «3, 5», «4, 6», «5, 7»
Оқулықтағы 3 – тапсырма интерактивті тақтада орындалады.

4 – тапсырманы кеспе қағаз тарату арқылы орындату.


0 * 7
7см * 5см
3 * 7
2см * 7см
7 * 7
7см * 7см
7 * 6
7см * 4см
Шығармашылық тапсырманы орындау.
Сабақты бекіту 10 – слайд

«Кім жылдам?» ойыны


Ойын арқылы 7 санының құрамын табу.
1. Санын білмей сәбіздің,
Қоян әбден тосылды.
Көмектесіп жіберші,
Құтқарып сен досыңды.
Оң қолында төрт сәбіз,
Сол қолында үш сәбіз.
2. Айболда бес өрік,
Нұрболда екі өрік.
Барлығын қосқанда,
Болады неше өрік?
3. Маратта алты алма,
Саматта бір алма.
Санашы, санашы
Барлығы неше алма?
Сабаққа қатысуына қарай оқушыларды мадақтау.

Кері қайту



  • Жариялады: Гульнур

  • |

  • Пікірлер: 0

  • |

  • Оқылды: 1539







Математика
Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: 7 санымен, оның цифрымен таныстыру, 
7санының пайда болуы, оның құрамына есептер 
құрастыру.
Дамытушылыға: 7санын көрнекіліктер арқылы балалардың естеріне сақтау, 
ертегі желісі арқылы 7 санын меңгерту, логикалық ойлау 
қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: сауатты, таза жазуға тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, ойындар, жұмбақтар, түсіндіру, сурет бойынша 
әңгімелеу.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің суреттері, цифрлар, санағыш, таяқшалар.
Типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы:
І. Амандасу. Психалогиялық дайындық.
Оқу- білім аламыз.
Біздер зерек баламыз
Математика пәнінде
Тапқыр, алғыр, баламыз.
Қазір жылдың қай мезгілі? –Қыс
Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
Қыста қандай мейрамдар бар? 
Қыс айларын ата?
Бүгін аптаның қай күні?- жұма қасиетті күн.
1.бала 3) Тура, кері санату
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0.
6 6 6
3 3 5 1 4 2
ІІ. Негізгі бөлім.
Балалар, бізге ертегілер елінен «Қызылтелпек» деген кішкентай қыз қонаққа келді. Ол орманда тұратын әжесіне алма теріп әкеле жатыр екен. Қызылтелпек сендерден көмек сұрай келіпті, ол себетіндегі алмалардың нешеу екенін санап берулеріңді сұрайды. 
- Санап береміз бе? балалар?
- Балалардың жауаптары тыңдалады.
- Барлығы қанша екен?
- Нешеу көк, нешеуі қызыл? 3 көк, 4 қызыл
Қане 7 санын таяқшамен көрсетейік.
3 таяқшадан тұрады. 7 цифры үш элементтен тұрады, 
7 санын жазып үйренейік. 
Дәптермен жұмыс. Толқынды сызықтан, көлбеу және кіші түзу таяқшадан 
7 цифры.
Сергіту сәті. Видеоролик неге ұқсайды? (Шалғыға)
Кітаппен жұмыс
№1. Цифрларды бастырып сыз. 5, 6,7 Неше құмырсқаның жүгі жоқ? -7
№2 7 санының құрамын табу.
6+1 

Қызылтелпектің бірнеше тапсырмасы бар екен соларды орындап жіберейік.


1 –тапсырма
1. Екі сиырдың мүйізі неше? (4)
2. Адамда екі –екіден бар дене мүшелерін ата? (көз, құлақ, қол, аяқ)
3. Оң қолда және сол қолда неше саусақ бар? (10)
4. Екі мысықтың аяғы нешеу?
5. Бес тырнаның басы нешеу?
2 тапсырма Ойын: «Көршісін тап»
Мен сендерге цифр көрсетем, сол цифрдың көршісін тауып айтыңдар 1, 3, 5
3 тапсырма. Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
1. Төрт қабырғасы тең болса,
Төрт бұрышы тең болса,
Жауап берер балақай
Ой-өрісі кең болса. Бұл не? (шаршы)
2. Бұрыштарын табамыз,
Бұған келер шамамыз.
Төбесінен сырғанап,
Құлап қалсақ күлеміз. Бұл не (үшбұрыш)
3. Емес бұл төртбұрыш
Мұнда мүлде жоқ бұрыш. Бұл не (дөңгелек)
4. Бұрыштар мен сызықтар,
Атын жаттап тізіп қал,
Ақылы көп балаға,
Зейін қояр қызық бар.
Мынау қандай фигура? (тіктөртбұрыш)
4- тапсырма Қандай санамақтар білесің?
Бір дегенім –білім,
Екі дегенім –елім,
Үш дегенім- үміт,
Төрт дегенім –төзім,
Бес дегенім-бақыт,
Алты дегенім –Ақыл,
Жеті дегенім –
1. Ислам: 
Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Ата-әжеме жол бастап
Оң қолында жүрмін.
2 Саяжан:
Бірден кейін тұрамын
Сандар іші тұрағым
Бірге бірді қосқанда
Иіліп мен шығамын.
3. Елігім
Үш саны болып қаламын,
Қос мүйізі майысқан,
Екіден соң әрқашан,
Ұлттық ою саламын.
4. Ернар:
Достарым мені төрт дейді
Беске бірім жетпейді
Қуанады анасы
Төрт алғанда баласы.
5. Наргиза:
Әр қолыңда бес саусақ,
Жетпейді оған еш саусақ,
Бір мен екі алмаңдар
Үшке алданып қалмаңдар.
6.
7.
5. Сабақты қортындылау.
1. Қандай сабақ өттік?
2. Қандай жаңа санмен таныстық?
3. Кімге көмектестік.
4. Сабақта ерекше белсенділік, көрсеткен балаларды бағалау, мадақтау
Орнымыздан тұрайық,
Кітап дәптер жабайық,
Қонақтармен қоштасып,
Сау –саламат айтайық!

Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты : Оқушыны 7саны мен цифрымен  таныстыру, бір таңбалы сандар олардың шығарылып алыну әдістері жайындағы білімдерін бекіту.

1. Білімділік мақсаты:  Оқушылардың логикалық ой –өрістерін кеңейт

2. Дамытушылық  мақсаты : Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту

3. Тәрбиелік мақсаты :  Жаңа  технологияларға  сүйеніп, оқушылардың жаңа сабақтан  және өткен  сабақтан алған  білімдерін тиянақтау. Сауаттылыққа , ұстамдылыққа , әдептілікке, жылдам ойлауға  тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі :  суреттер , шарлар, сандар



 

Сабақтың  түрі :  панорамалық  сабақ 

Сабақтың  әдісі : түсіндіру, талдау ,  сандарды жаттау  

Сабақтың  барысы :

Оқушылардың  жалпы  жан – жақты сабаққа  дайындығын тексеріп, сабаққа назарын аудару. 

 

Оқушылар  шеңбер жасап тұрады. 



- Балалар , сабағымызды бастамастан бұрын бір – бірімізге  жылы лебіздер  білдіріп, сабағымызды  көңілді өткізейік.  Осылайша  оқушылар бір – біріне  жылы лебіздерін  

- білдіріп,  көңілдерін көтереді. 

 

- 1-ден 6-ға дейінгі кеспе сандар таратылады, сандарды тура , кері санау



Ойын :  «Сиқырлы сандар »

 

Тапсырмалары : Санамақ айту



1 – дегенім –бесік ,шықтым содан өсіп

2 –дегенім – елім, далам , тауым, көгім

3 –дегенім –үміт , үміт артар жігіт

4 – дегенім – төзім, төзе білген өзім

5 – дегенім –бақыт , бағалайтын уақыт

6 -  дегенім – ақыл , тыңдағаның мақұл

 

Кел, кел , балам, кел балам



Айтайын ақыл мен саған,

Демесін ешкім өзіңді

Әкеден үлгі алмаған

Жеті атаңды жат біліп

Атаңдай бол аумаған  .

- Жеті ата : ата , әке , бала , немере , шөбере , шөпшек , немене 

- Жеті қазына : ер жігіт , сұлу әйел , ақыл білім , қыран бүркіт , берен мылтық , жұйрік ат , жұйрік тазы.

- Жеті күн : бүгін , ертең , бүрсігүні , арғы күні, ауыр күн , соңғы күн ,азына 

- 7 киелі сан , тақ сан 

- 7 саны туралы түсінік беру.

Ṿ . Мағананы тану . Оқулықпен жұмыс .

1) 7 санын бізге таныс сандарды пайдаланып  қалай шығарып алуға болады ?

4*3 ꞊ 7               6 * 1 ꞊ 7       5 * 2 ꞊ 7          3 * 4 ꞊ 7                4 * 3 ꞊ 7     2 * 5 ꞊  7

2) Салыстыру

6   ‹   7               7  ›   6       

«Адасқан сөздер » ойы

 

ṾІІ. Сурет бойынша  7 саны және цифры және теңдік туралы түсіндіру , сандарды тура , кері санау 



ṾІІІ . Миға шабуыл .

Алма бағы жайнаған

Қызыл алма айналам 

Алдым үзіп бесеуін

Тағы да алдым екеуін

Алдым сонда нешеуін? ( жетеуін )

ІХ . Қорытынды .

- Оқушыларды мадақтау , бағалау .



Сабақтың мақсаты: 7 санының құрамын меңгерту
Сабақтың міндеті:
1. Оқушыларды 7 санының құрамын ажыратуға, әр түрлі текшелермен жұмыс жасауға дағдыландыру.
2. Алған білімдерін саралау. Санды санға қосуға саннан санды азайтуға үйрету. Белгісіз санды табуға төселдіру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы танымдық қабілеттерін логикалық ой - өрісін дамыту.
3. Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер, сандар

Сабақтың мазмұны
I. Ұйымдастыру
- Оқушыларды сабаққа дайындау
- Құрал – жабдықтарын түгендеу
- Сергіту сәті
- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу

II. Өткен сабақты еске түсіру
- Біз қандай санмен таныстық?
- 5 санының көршілерін атаңдар
- 5 санынан кейін тікелей қай сан келеді?

III. Жаңа сабақ
Мақсаты: 7 санының құрамын таныстыру. Тура және кері санау дағдыларын жетілдіру
- Тура санау 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
- Кері санау 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
6 балапанға 1 балапанды қос
6 + 1 = 1 + 6 =
5 сәбізге 2 сәбізді қос.
5 + 2 = 2 + 5 =
4 қоянға 3 қоянды қос.
4 + 3 = 3 + 4 =
Балалар тапсырмаларды орындау барысында қандай санды көбірек естідік.
2) Аптаның 7 күнін ата
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі

«Балапанды құтқару» ойыны
Кіші көршім оң жақта
Үлкен көршім сол жақта
Тұрушы еді қасымда
Қайда кеткен жан жаққа
5, 4, 2, 6, 1, 3, 7.

IV. Кітаппен жұмыс
Мақсаты: тапсырмалар орындау арқылы өз беттерімен өрнек құруға үйрету
1 – тапсырма. Мақсаты: Теңдіктер құруды пысықтау. Өрнектің компоненттерін ауызша атауға үйрету
6 ара 1 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 6 + 1 = 7
5 ара 2 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 5 + 2 = 7
4 ара 3 көбелек. Барлығы қанша жәндік? 4 + 3 = 7
2 – тапсырма. Кесінділердің ұзындығын өлше. Салыстыр.
Қызыл кесінді 7 см. Көк кесінді 6 см.
7 см >6 см
3 – тапсырма. Қалып қойған сандарды ата.
Мақсаты: Сандар қатарынан жетіспейтін сандарды атату арқылы ойландыру
1, 2, 3, 4, 5, 6
6, 5, 4, 3, 2, 1
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7
7, 6, 5, 4, 3, 2, 1
5 – тапсырма. Кесінділердің ұзындығын өлше. Теңдіктер құр.
5 см + 2 см =? См
7 см – 2 см =? см
? см +? см =? см?
см -? см =? см

V. Өздік жұмыс
Мақсаты: Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
4 – тапсырма.
0? 7 
7? 7 
7 см? 5 см
7 см? 7 см
3? 7
7? 6
2 см? 7 см
7 см? 4 см


5 – тапсырма. Сандардың құрамын тап
Мақсаты: сандардың құрамын пысықтау
4санының құрамы
7санының құрамы
5санының құрамы
6санының құрамы

VI. Сабақты қорытындылау
Біз қандай санның құрамымен таныстық?
Мадақтау.


Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы

Сабақтың мақсаты: Білімділік:  7 санының құрамын анықтай білуге үйрету.Сәйкес теңдіктерін жазу және оқуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту,өз бетімен қорытынды жасауға баулу.

Тәрбиелік: Білімге ынталандыра отырып,еңбекке баулу,бір-біріне көмектесуге үйрету.

Көрнекілігі: суреттер, цифрлар, дидакикалық материалдар,слайдтар. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын түрлері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылар назарын сабаққа аудару.

-Кеше қандай санмен таныстық?

-7 санымен.

1.Сандар құрамын ауызша қайталау.Топпен жұмыс.

1-топ    2-топ  3-топ

    4          5        6

 

2.7-ге дейін тура және кері санау:



1,2,3,4,5,6,7

7,6,5,4,3,2,13.Сандарды тақтаға жазу.

1. Сандар жайлы жұмбақ айту.

Балғасы жоқ орақпын./5/

Бүкірлеумін ирекпін,

Мойынындай үйректің./2/

Сергіту жаттығуын жасау.

Табақта бес алма, 

Қолымда екі алма

Қосқанда барлығы 

Болады неше алма?/7/

ІІІ.Жаңа сабақ.

 

-Біз бүгін сендермен 7 санының құрамымен танысамыз.Ойыншықтарды екі сөреге қою арқылы 7 санынының құрамына көңіл аударту.



Өзіндік жұмыс жүргізу.Сандарды бос тор көздерге орналастыру.

 

7                7                  7



 

    5        2        4       3          1      6

Оқулықпен жұмыс.Есепер шығару.

4+3=7   7-4=3

5+2=7   7-5=2

Кескіндерді салыстыру.

7см*6см      6см*7см

Салыстыру

0*7     7см*6см       7*7      6*7

Ойын «Жоқ санды тап»

Қазақ халқының 7 санына байланысты 7 ата, 7 күн,7 жарғы, 7 қазына туралы айту.Оқушыларға айтқызу.

Дұрыс жауапты тап.Сызықпен қос.

 

1+6                                         7-1



4+1                                           5+2                                          

2+5                                           3+4

Сергіту жаттығуын жасау.

Өз беттерімен ауызша есеп құрастыру.

Олжаста 5 қарындаш бар .Самал 2 қарындаш берді.т.б

Апта күндеріне байланысты өлеңмен таныстыру.

Сәл дем алып, тыным ал,

Тақпақ тыңдап , ұғып ал.

Апта деген ағайдың 

7 бірдей ұлы бар.

Біріншісі-Дүйсенбі

Екіншісі- Сейсенбі

Үшіншісі-Сәрсенбі

Төртіншісі-Бейсенбі

Бесіншісі-Жұма

Алтыншысы-Сенбі

Жетіншісі-Жексенбі

Дәптермен жұмыс.

6+1         7-1      

0+7         7-0     т.б

Жұмбақ шешу.

Жаңылмастан жетеуі ,

Кезек қызме етеді./ аптаның 7 күні/

Қорытындылау. Оқушыларды мадақтау.



Авторы:







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет