Білім беру саласы: «Таным» «Әлеуметтік орта»



Дата07.02.2022
өлшемі15,54 Kb.
#97417
Байланысты:
жемистер кокенистер


Білім беру саласы: «Таным» «Әлеуметтік орта» «Қатынас»
Ұйымдастыру оқу іс - әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Күз сыйы» Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Көкөністер (сәбіз, қияр, қызанақ, пияз, орамжапырақ, картоп) мен жемістер (алма, алмұрт, жүзім, банан, апельсин) туралы түсініктерін кеңейту. Көкөністер мен жемістерді ажыратуға, сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануға үйрету. Зерттеу жүргізу, іздестіру әрекеттерін орындау қызығушылығына тәрбиелеу. Адам еңбегін бағалауға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жұмбақ ән ойын, Бау - бақша, көкөністер (қияр, қызанақ, аскөк, көк пияз) мен жемістер (алма, мандарин, банан) Азығын тап ойын
Қажетті құралдар: Слайд, Таратылым сурет
Әдіс тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық

Іс - әрекет кезеңдері

Педагогтың іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастырылушылық ізденістік

Рефлексиялық түзетушілік



Жылулық шеңбер
Кәне балалар қолымызды жоғары көтеріп, шаттық шеңберін құрайық

Күлімде, күн, күлімде,


Жер жасарып көгерсін
Кешегідей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін
Күлімде, күн, күлімде,
Жайнай түсті күнім де
Жарқыраған жұлдыздай,
Жарқ - жұрқ еткен түнімде
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

- Күз мезгілі бізге қандай сыйымен келді?


- Балалар ойын ойнағыларың келе ме?
«жұмбақ ән» ойыны
Балалар мына ән не туралы екен?
Қане тыңдайық
Сыйқырлы сәт:
Балалар көкөністер мен жемістер қайда өседі?
Дұрыс айтасыңдар балалар. Ендеше бау - бақшаға саяхатқа барайық
Балалар осы жемістер мен көкөністер пісіп жетілу үшін кімдердің еңбегі қажет?
Өте дұрыс
Кәне қарап атайықшы
Қандай Жемістер көріп тұрмыз?
Оларды талдан қалай аламыз?
Тіл ұстарту жаттығуы
Үз - үз - үз
күз
Қандай көкөністер бар екен?

Көкөністерді қалай аламыз?


Балалар күн болса суытты, ал жемістер мен көкөністер әлі терілмеген, не істесек екен?
Топқа бөлу.
- Көкөністер
- Жемістер
Бау - бақшадан теру
Сендер аналарыңа көмек көрсетесіңдер ме?
Жемістер мен көкөністерден не жасауға болады?
Балалар жемістер мен көкөністер адам ағзасына өте пайдалы
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі
Кіп - кішкене ағашқа
Су құйғанда өседі

«Исінен тап!» ойыны


Ойын шарты бойынша балалар көздерін жұмып иісі арқылы қандай жеміс, көкөніс екенің табу керек.
Жеміс - апельсин
Көкөніс - Пияз
Азығын тап: ойын
Таратылым
Кірпі мен қоянның азығын табуға көмектес

Балалар еңбек туралы қандай мақал білеміз?


- Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей
Бірге қайталады.
Қуаныш сезімде болды.

Күзде
Алма пісіп алмұрт түсіп,


Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды.
бүгінгі іс - әрекетке өте белсенді қатыстыңдар Сый сияпат Тәтті жемістер



Терезеге қарап күн шуағы күлімдеп тұрғанын айтады

- Күз мезгілі


Күн суытты, жаңбыр жауды, жапырақтар сарғайды.

Жеміс - жидек, көкөністер піседі


Тыңдап, жауабын айтады.


Шырын туралы


Бау - бақшада өседі


Баруға ниет білдіреді


Көруге асығады
Адамдар, оларды суарады, баптайды.

Алма, банан, апельсин, алмұрт, жүзім


Үзіп аламыз
Үз - үз - үз
Күз

Картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ, қияр, қызанақ


Жұлып аламыз

Теруге ниет білдірді


Ия көмектесеміз


- шырын, салат жасауға болады.


Денсаулығымыз нығаяды


Балалар қимылдар жасады.


Иістерін иіскелеп тапсырманы орындайды


Қышқыл
Ащщы


Балалар зерттеп ойлана сызба арқылы байланыстырды



Күтілген нәтиже:
Біледі: Көкөністер мен жемістерді ажыратып топтастыру, сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануды
Игерді: Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіндіктерін, олардан салат жасауға болатынын Күз сыйын.
Меңгерді: Адам еңбегінсіз жемістер мен көкөністер піспейтінін

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет