Мақсаты: Мамандық түрлері туралы жалпы түсінік. Сурет бойынша «Мен кім боламын?» деген тақырыпқа әңгіме құрастыру. Өзі ұнатқан мамандығы туралы ұғымын тереңдетіп, баланың қызығушылығын арттыру. Еңбекке деген құштарлығын ояту.
Сөздік жұмыс:Тәрбиеші, дәрігер, аспазшы, құрылысшы, жол сақшысы т.б.
Ұйымдастыру бөлімі:
Тәрбиеші балалардан жыл мезгілі мен ерекшеліктері туралы сұрайды. Балалар сұрақтарға жауап беріп, жыл мезгіліне сай көрнекілік суреттерді әңгімелейді. Жыл мезгілі туралы тақпақтар айтады. Суреттегі балаларға есімдер қойып, олардың іс-әрекетін айтады. Тәрбиеші балаларға мамандық туралы өлең оқиды.