Әділханова жанна сайынқызы



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата31.01.2023
өлшемі0,79 Mb.
#166958
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
annotation15841
Òà?ûðûï ¹ ?ëåóìåòòàíóëû? òåîðèÿëàðäû? äàìó êåçå?äåð³í òàëäàó. Òà, Презентация (1)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
ӘДІЛХАНОВА ЖАННА САЙЫНҚЫЗЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
ХХғ. 60-90 жылдар әдебиеттану ғылымы:
С. Сейітов зерттеулері 
Қазақстан Республикасы 
Алматы, 2014 



МАЗМҰНЫ: 
КІРІСПЕ .........................................................................................3 
 
1. ХХ ғасырдың 1960-1990 жылдарындағы
әдебиеттану ғылымы және
С.Сейітов зерттеулері .................................................. 

1.1
С.Сейітовтің шығармашылық өмірі ....................21 
1.2
Сейітов – әдебиеттанушы.......................................30 
1.3
60-90 жылдардағы әдеби сын және С. Сейітов...46 
2. С.Сейітов және туысқан халықтар әдебиет......
64 
2.1 Әдеби байланыстар тақырыбы – С.Сейітов
Еңбектері контексінде .........................................69 
2.2 С. Сейітов және қазақ әдебиеттануындағы 
аударма мәселелері ...............................................82 
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................. 107
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................... 115 



КІРІСПЕ 
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта бүкіл қоғамдық
ғылымдар секілді қазақ әдебиеттануы да өзінің жеке ғылым саласы
ретіндегі қалыптасу, даму жолындағы жетістігі мен кемшілігіне қайта
үңіліп, әділ баға беруге ұмтылуда. Мұның өзі ұлттық әдебиеттанудың
бастан өткізген негізгі кезеңдерін, яғни туу, қалыптасу дәуірлерін арнайы
зерттеудің, шығармашылық кескін-келбетін, әдіснамалық мәселелерін
ғылыми тұрғыда саралаудың шешуші қадамы болып табылады. Қазақ
әдебиеттану ғылымы қиын-қыстауға толы ұзақ та күрделі тарихи жолды
бастан кешірді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен айтар болсақ: 
«Тәуелсіздік бізге бұрын соңды көрмеген орасан зор мүмкіншіліктер
берді…Біздің санамызды, зейін-зердемізді, жанарымызды тұмшалап
келген бірталай көнерген сарқыншақтардан, теріс пайым-ұғымдардан
арыла алмағанымызға да күмән жоқ».[1] Расында, азаттыққа қол жеткен 
соңғы жылдары әдебиетіміз бен тарихымызды зерделеуде жаңаша
көзқарастар қалыптасып, дұрыс та, келешегі зор бағыттарға бет бұрдық.
Әдебиет – қоғамдық өмірдің айнасы, әрі халықтың рухани деңгейінің
даму көрсеткіші болатындықтан, мемлекет үшін айрықша маңызды
мәселе. Өйткені, әдебиеттану саласындағы іргелі ізденістер жүзеге
аспайынша, жалпы халықтың санасына Отаншылдық, елдік сезімін сіңіру
оңай емес. Қай халық болмасын әлемдік өркениетке өз ұлттық
құндылықтары арқылы жетеді. Қоғамның рухани-көркемдік дамуына
үлес қосып, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауда әдебиеттің
маңызы ерекше зор. Академик З. Қабдоловтың: «Әдебиет – ақиқат өмірдің
сырлы суреті, көркем тарихы»,– деуі осыдан келіп шығады. [2,25] 
Ендеше, ұлттық әдебиетті зерттеу және оны зерттеуші ғалымдарымыздың
еңбегін лайықты саралап, тиісті бағасын беру – уақыттың талабы.
Осы тұрғыдан алғанда ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кезең 
қазақ әдебиетін салыстырмалы-тарихи теориялық және сын тұрғысынан 
зерттеген ғалымдардың ғылыми еңбектері бүгінгі таңда арнайы
қарастыруды талап етеді. Өйткені, оларды танып, білу арқылы сол
кездегі әдебиеттанудағы ғылыми ізденістерді саралауға мүмкіндік туады. 
Әдебиетті зерттеу – ауқымы зор еңбекті талап ететін іс. Ол жалпы
әдеби процесті зерттеу бағытында және жекелеген көркем шығарма мен
суреткер еңбегін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Ал, әдебиеттің басқа
көркемөнермен байланысы, қоғамдағы орны, әдебиеттер байланысы, 



көркем аударма,т.б. зерттеу бағыттары осылардан келіп туындайтыны
белгілі. Қазақ әдебиетінің сан ғасырлық өркендеуі жолында біздің
ғалымдарымыз соны ізденістер мен тың деректерге толы зерттеулерін
жасауда бар қабілет-қарымын, білімі мен біліктілігін көрсетіп отыр.
Ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің әркелкілігін, ағымдардың пайда
болып, өркендеуін, қаламгердің әдеби мұра қорына қосқан үлестерін
анықтауда ғылым жолындағы ар тазалығын сақтап, әдебиеттің дамуына
ерінбей еңбек еткен ғалымдарымыздың бірі халыққа майдангер-ақын
ретінде аты мәлім – Сағынғали Сейітов. Ол Кеңес дәуірі кезеңіндегі қазақ
әдебиетінің әр түрлі мәселелерін өз еңбектеріне арқау етті. Ғалымның
әдеби-сын саласында атқарған еңбектері де жеткілікті. Ақын-
жазушыларымыздың поэзия, проза жанрларында қалам тартқан
шығармаларын халыққа танытуда, әдеби-сын тұрғысынан талдау жасауда 
С.Сейітов жемісті еңбек етті. Сондай-ақ, ол қазақ әдебиеті ғана емес,
басқа көрші халықтар әдебиетіне қатысты мәліметтерді жинап, бірқатар
елеулі зерттеулер жүргізді. Ғалым өзге ел қаламгерлері мен олардың
шығармалары туралы терең мағлұмат беріп, кең көлемде ғылыми талдау
жасай отырып, басқа ұлт рухы мен мәдениетін сезіну арқылы өз
мәдениетіміздің деңгейін көтеруге, ықпал етуге ерекше тер төкті. Оның
шығармашылық өмірінің мәні – әдебиеттегі халықтардың ынтымағы мен 
ұлы достығын ұлықтау және насихаттау. Сондықтан осы заманғы ғылым
талаптарын ескере отырып, С. Сейітовтің ғылыми еңбектерін жинақтап, 
зерттеулеріндегі өзіндік ерекшеліктерін айту, ғылымдағы ұстанған
бағыты мен ғылыми пайымдауларын саралау бүгінгі қазақ
әдебиеттануының қажеттілігі деп білеміз. Қазақ әдебиетінің соғыстан
кейінгі уақытта дамуына алғашқылардың бірі болып атсалысқан ғалым
әдебиет тарихы, сыны, теориясы, аудармасы төңірегінде орнықты
ойларын ортаға салып, құнды еңбектер қалдырды. Зерттеу жұмысының
көкейтестілігі осында жатыр.
ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы қазақ әдебиеттану ғылымының 
даму контексінде Сағынғали Сейітовтің сіңірген еңбегін бағалап, оны
зерделеу үшін Еуропа және орыс зерттеушілері мен ғалымдары В.Г. 
Белинский, М.М. Бахтин, А.С.Бушмин, В.М.Крюков, Л.А.Булаховский, 
О.П.Пресняков, В.В.Юдинцев, В.С.Библер, П.А.Николаев, А.С. Курилов, 
С.И. Машинский, Л.М.Землянов, В.В. Виноградов сияқты ғалымдардың
ой-пікірлерін назарға ала отырып, әлемдік сөз өнерін қазақ әдебиетінің
даму процесімен сабақтастырып, ұлттық әдебиеттануды биік деңгейге
дейін көтерген ұлы ағартушы А. Байтұрсынұлынан бастап, С. Мұқанов, 
М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Т.Нұртазин, М.Қаратаев, С.Қирабаев, Т.Кәкішев, 
М.Базарбаев, 
З.Ахметов, 
З.Қабдолов, 
Ш.Елеукенов, 
С.Қасқабасов, 
Х.Сүйіншәлиев, Т. Тоқбергенов, Қ. Әбдезұлы, Ж.Тілепов, Б.Майтанов, 
Б.Ыбырайымұлы, т.б. ғалымдарымыздың еңбектері қарастырылды. Өткен 
Кеңестік дәуір кезіндегі әдебиеттану ғылымының партиялық принциптің
қатаң бақылауында болғандығы тарихтан белгілі. Әйтсе де, заман



қыспағына қарамай, төл әдебиетіміздің биікке көтерілген тұсы – осы
тұс. Қазақ қаламгерлерінің көркем туындыларының інжу-маржандары осы
кезеңде өзінің барша ұлттық ерекшелігімен әлем халықтарына танылды. 
Қазақ әдебиеттануы ғылым ретінде қалыптасты. Әдебиет тарихы, әдебиет
теориясы және сыны өркендеп, әлемдік әдебиет үлгілерімен сабақтаса
отырып, өзінің ұлттық дәрежесін көрсететін құнды дүниелер өмірге
келді. М.Әуезов, І.Есенберлин, Ә.Әлімжанов, М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, 
Ә.Нұрпейісов, Т. Әлімқұлов, Ш. Мұртаза, С. Жүнісов, О. Бөкей, Д. 
Исабеков, т.б. жазушылардың шығармалары ұлттық ой-сананың оянуына
ықпал етті. Отыз жылдан астам уақытты қамтитын бұл кезең қоғам
дамуы мен идеологиялық ұстанымның, ой-пікірдің алмасуы жағынан
бірдей емес еді. Көркем әдебиет күрделі қоғам шындығын бастан кеше
отырып дамыды. Коммунистік партия әдеби процеске басшылық жасады.
Әдебиет негізінен партия белгілеген дәуір міндеттеріне сүйенді, сол
дәуірдің үні болуға тырысты. Бірақ, саяси қыспаққа қарамай әдебиет
ұлттық категория болып қалды. Әдеби процестің ұлғаюы, жаңа
туындылардың көбеюі оны зерттеп, ғылыми бағалап, отыратын әдебиет
туралы ғылымның қалыптасып, дамуына ықпал жасады. “Қазақ
әдебиетінің тарихы” атты 6-томдық еңбек (1960-1967ж.) үлкен өнімді
еңбек болды. Әдебиеттің даму жолы белгілі жүйеге түсіп жинақталды. 
Әдебиет оқулықтары, ғылыми-зерттеу жұмыстар көптеп атқарыла
бастады. 
М.Ғабдуллин, 
Е.Ысмайылов, 
Қ.Жұмалиев, 
Б.Кенжебаев, 
А.Нұрқатов, Х.Сүйіншәлиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Ә.Тәжібаев т.б. 
әдебиетіміздің дамуына зор үлес қосып, келелі зерттеулер жүргізді. Осы
топтың бел ортасында әдебиетші – ғалым С. Сейітов еңбектерінің де
ғылыми маңызы зор болды.
ХХ ғасырдың 60-90 жылдар аралығындағы әдеби процеске үлес
қосқан ұлттық рухани мұрасын түгендеп, көркем әдебиетті зерттеуде адал 
қызмет атқарған Сағынғали Сейітовтың осы ғылым саласындағы
үлесін анықтау үшін ғылыми зерттеуде келесі мақсат, міндеттерді шешу
көзделді: 

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану
ғылымына қатысты ғылыми еңбектерді тұтастай алып, кешенді
жүйелеу арқылы ғылымның осы күнгі жетістіктері тұрғысынан
жариялылық пен егемендікке орай өмірге келген мүмкіндіктерді
толық пайдалана отырып, қарастырып, тиісті ғылыми
қорытындылар жасау; 

Аталған мерзім аралығындағы төл әдебиетіміздің зерттелуінің
желісін әр жылдарда ғылыми еңбектер мен пікірлерді салыстыра
көрсетіп зерделеу; Сол көрсетілген дәуірдегі әдеби жанрлардың 
игерілуіне әділ баға беруге қол жеткізу; 

С. Сейітовтың ғылыми ізденістеріндегі кеңестік кезең әдебиеті
қайраткерлеріне қатысты еңбектерін екшеп, жеке-жеке
қарастыру; 




ғалым еңбектерін жаңа ғылыми көзқарастарға сай сараптаумен
бірге өзі өмір сүрген дәуірінің мүмкіндіктерін ескере отырып, 
аталмыш кезең қаламгерлеріне қатысты ғалымның ой-пікірін
байыптау; 

С. Сейітовтың әдебиеттану бағытындағы еңбектерін талдап,
ерекшеліктерін саралау, ғылыми пікірлері мен
тұжырымдарының дәуір шындығын ашудағы маңызын көрсету; 

ғалым ізденістеріндегі дәстүр жалғастығы, рухани сабақтастық
сияқты әдеби құбылыстардың көрінісін ашу; 

С. Сейітовтің – көршілес халықтар әдебиеті мен қазақ әдебиетін
рухани байланыстыра қарастырған іргелі зерттеулерін саралап
көрсету; 

ғалымның әдебиеттанудың маңызды бағыттарының бірі – 
аударма саласынаарналған ауқымды еңбектерін талдай отырып,
орамды ойлары мен құнды пікірлерін айқындау;

ғалымның А.С. Пушкин поэзиясының қазақ тіліндегі аудармасы
жөніндегі арнайы зерттеулеріне тереңірек тоқталып, ондағы
пайым-тұжырымдарды бүгінгі аударма теориясымен
сабақтастыра көрсету ;
С. Сейітовтың әдебиеттану саласындағы еңбектері тұңғыш рет
арнайы зерттелді. Оның әдебиеттанушы ғалым ретінде өткен ғасыр
әдебиетінің дамуына қосқан үлесі жан-жақты тарихи-салыстырмалық
тұрғыда зерттеліп, тиісті бағаланды. Қазақ әдеби сынына қатысты
зерттеулері, белгілі қаламгерлердің ғұмырнамалық (Мысалы,“Ақын
сапары”) еңбектері мен көлемді ғылыми мақалалары алғаш рет ғылыми
нысанға алынды.
Ғалымның қырғыз, өзбек, татар, азербайжан, орыс, украин, армян,
грузин, т.б. халықтар әдебиетін терең зерттеуі, осы елдердің әдебиет 
өкілдері және олардың шығармалары туралы жазылған ғылыми
мақалалары мен еңбектері, эссе, естеліктері қазақ әдебиеттану
ғылымының қазына қорына түсті. С. Сейітовтың әлемдік тұлғаға айналған
А. С. Пушкиннің лирикалық шығармаларының қазақ тіліне аударылуы
туралы зерттеу еңбегі; В.Маяковский дәстүрінің қазақ поэзиясына әсері
туралы ғылыми тұжырымдары ұлттық әдебиетіміздегі аударма саласы 
бойынша жасалған алғашқы ғылыми еңбектердің бірі деп тануға негіз
бар. Оның осы еңбектері арқылы басқа халықтар әдебиеттерімен
байланыс жасауға және өзімізді басқа халықтарға таныту мүмкіндігіне ие
болғанымыз айқындалды. Ғалымның зерттеулері Абайдан бастау алған
аударма ахуалының кешегі және бүгінгі даму деңгейін дұрыс пайымдауға
зор септігін тигізгендігі дәлелденді. 
–ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы қазақ әдебиеттануы мен оның
жекелеген өкілдерінің шығармашылығы жайында және өткен ғасыр
әдебиетіне қатысты әр жылдары айтылған ғылыми пікірлердің
әдебиеттану ғылымының дамуына қосар үлесі айрықша; 



– Жекелеген қаламгерлердің портреттерінің жасалуы әдеби
жанрлардың дамуы және олардың бағыттары мен ағымдарын анықтау 
барысында С. Сейітов еңбектерінің маңызы зор; 
– С. Сейітовтің ақындық талантымен бірге, ғалымдық келбетін әділ 
бағалануы қазақ әдебиеттануының деңгейін де айқындайтын қажетті 
қадам. Аталған ғалым еңбектері ғылымға деген адалдықты сақтауға, 
әдебиетті құрмет тұтуға зор үлгі-өнеге болды ; 
–ғалымның басқа елдер әдебиетін, оның талантты тұлғаларын
танытудағы зерттеу еңбектері әдебиеттер арасындағы рухани
байланыстың алтын көпірі , адамдар арасындағы достық пен ізгіліктің 
үлкен насихатшысы болды;

Әлемдік тұлғаға айналған А.С. Пушкин шығармаларын
аударған қазақ ақындарының шығармаларына сын тұрғысынан
талдау жасау арқылы қазақ әдебиетінің аударма саласындағы
ғылыми бағытын айқындап берді; 

Ол Кеңес кезеңіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі әрі
зерттеуші ғалым-ақын ретінде әдебиетіміздің төрінен орын
алатын тұлға. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет