Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Экология негіздері.
Тақырыбы:Саябақта,орманда өзіңді қалай ұстау керек? Мақсаты:Табиғат аясындағы өз әрекеттеріне және қоршаған ортаға байланысты адам қылықтарына баға бере білуге дағдыландыру. Міндеттері: -Табиғат аясында өзін дұрыс ұстауды,экология ережелерін қайталап,табиғатқа аяушылық сезіммен қарауды үйрету; -Ойлау қабілеттерін,білімге деген құмарлықтарын,зейіндерін дамыту;
-Табиғат байлығына күтіммен қарауға тәрбиелеп,экологиялық мәдениетті тәжірибе жүзінде іске асыру.
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап, саяхат,түсіндіру
Ұйымдастыру:топпен.
Көрнекілік:слайд,орман суреттері
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
Музыкалық сүйемелдеумен балаларға саябақ,орман тоғайлар бейнеленген слайдтарды көрсетеді.
Сол сәтте орманшы келеді.Балалар қонақты қарсы алады.
-Бізге қонаққа келген кім,қалай ойлайсыңдар?
Орманшы балаларды орманға қонаққа шақырады.
Саяхатқа барамыз,
Орманға бет аламыз.
Қараңдаршы,айнала
Қандай ғажап,тамаша!
(«Орман шуы»,музыкалық сүйемелдеу)
|
Слайдты қарап,орман-
Шының шақыруына
Қуана келіседі.
Өлең жолдарын бірге
айтады.
|
|
|
Ізденіс
ұйымдастыру.
|
-Орманға жақсы ниетпен келдіңдер ме,әлде жаман ойларың бар ма? –деп орманшы балалардан сұрайды.Орманда өзін дұрыс ұстау ережелері туралы балалардың білімдерін тексеретінін хабарлайды.Әртүрлі жағдайларды оқып,дұрыс жауаптары үшін балаларға жаңғақ сыйлайды.
1-жағдай
Сендер орман ішінен саңырауқұлақ көрдіңдер,бұл шынайы ақ саңырауқұлақ па,әлде тек соған ұқсайтын саңырауқұлақ па,білмейсіңдер,қандай іс-әрекет қолданасыңдар?
1.Тұрған орнында қалдырамын.
2.Кесіп алып,өзіммен бірге алып кетемін.
3.Ата-анамнан немесе достарымнан сұраймын.
4.Дәмін татып көруге әрекеттенемін.
2-жағдай
Сен орманға жидек теру үшін бардың.
1.Бәрін қатарынан жұла беремін.
2.Піскен жидектерді ғана бір-бірден теремін.
3.Жидектерді көп-көптен бұтағымен қоса жұламын.
3-жағдай
Орманда серуендегеннен кейін,көп қоқыс қалдықтары қалғанын байқаған кездегі сендердің іс-әрекеттерің.
1.Жерге көміп тастаймыз.
2.Үйге алып кетіп,қоқыс жәшігіне лақтырамыз.
3.Қағаздарды өртейміз.
4.Онсыз да қоқыс көп деп,бәрін өз орнында қалдырамыз.
Балалардың іс-әрекеттерді дұрыс болған жағдайда суреттегі шеңберлерді қызыл түспен,бұрыс жағдайда жасыл түспен бояу керектігін түсіндіріп,жұмыс дәптеріндегі тапсырманы өз бетімен орындауды тапсырады.
Сергіту сәті.
Қане,қатар тұрайық,
Бойымызды жазайық,
Қаздарға біз ұқсайық,
Мойнымызды созайық,
Секірейік,шулайық,
Қояндарға ұқсайық,
Армансыз бір секіріп,
Көзден ғайып болайық.
(Ауд.Г.Нурузова)
Орманшы балаларға «Ормандағы жабайы» атты тиін оқиғасын баяндап береді.
-Өлең сендерге қандай әсер қалдырды?
-Бала неліктен тиінге ұнамады?
Орманның әр жерінде орманшының тыйым салу белгілері ілінген.Орманшы балаларды бір белгіден бір белгіге жетелеп,білімдерін тексереді.
1.Ағаштардың қабықтарын зақымдама.
2.Саябақтарда,орманда,көгалда гүлдерді жұлма.
3.Піскен жидектерді жинағанда,бұтақтарын бүлдірме.
4.Саңырауқұлақтарды таптама.
5.Ормандағы өрмекшінің торын бұзба,өрмекшіні өлтірме.
6.Көбелектерді,инеліктерді,бақа да жәндіктерді аулама.
7.Ұяларды бұзба!
8.Жабайы аңдарға жақындама.
9.Орманда,саябақта тыныштық сақта.
10.Қураған шөптерді өртеме.
11.Орманға,саябаққа,өзен бойына қоқыс қалдықтарын тастама.
Орманшы балаларды мақтап,тиіннің атынан жаңғақ толған себетті сыйға тартады.
Көздерін жұмуды ұсынады:
«Дөңгелейміз,айналамыз,
Бақшамызға ораламыз»
(Музыкалық сүйемелдеумен балалар балабақшаға оралады,орманшы ғайып болады)
|
Орманшының сұрағына жауап береді.
Өздерінің пікірлерін білдіріп,әртүрлі жағдайларда өзін дұрыс ұстау әрекеттерін атайды,
сұрақтарға жауап береді.
Дұрыс жауаптарды таңдайды,түсіндіреді.
Өз беттерімен тапсырманы орындайды. Орындау барысында өз ойларымен бөліседі.
Өлең мазмұнына с қимылдар жасайды.
Мұқият тыңдап,өлең
мазмұнына мін береді Сұрақтарға жауап береді.
Ұсынасқа ынталылық танытып,белгілерді табады.Мұқият қарастырып,өз пікірлерін білдіреді.Жауаптарын дәлелдейді.
Сыйлыққа қуанады.
Балабақшаға «оралады».
|
|
|
Рефлексия
|
Тәрбиеші балалардың назарын жұмыс дәптеріне аударып,тапсырманы орындауды ұсынады:
-Өзімен бірге орманға қандай зат алып баруға болмайды,соны үстінен сызып,қажет заттарды айналдырып белгілейміз.
|
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже.
Табиғат аясында өзін дұрыс ұстау ережелерін. Табиғаттың адамның іс-әрекетімен өзара байланысты,өзара тәуелділігі жайындағы түсінікті.Айналасындағы табиғатқа қатысты өзінің және досының іс-әрекеттерін бағалауды;Саябқтарда,орманда өзін дұрыс ұстау ережелерін орындауды.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Экология негіздері.
Тақырыбы:Экологиялық белгілер
Мақсаты:Табиғатқа сүйіспеншілік сезімін ояту,оны қорғай білуге тәрбиелеу. Міндеттері: -Балаларға қоршаған ортаны сақтап,қорғауды,оның сұлулығын сезіне білуді үйрету;адам мен табиғаттың біртұтастығын түсіндіру;
-Қоршаған әлемге қақорлықпен қарау дағдыларын дамыту;
-Экологиялық мәдениетті тәрбиелеп,еңбексүйгіштікке баулу.
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,саяхат,әңгімелеу
Ұйымдастыру:топпен.
Көрнекілік:суреттер,жұмыс дәптері
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
Шаттық шеңберін ұыймдастырады.
-Айналға қарап,табиғатты тамашалаңдар-бізді қандай сұлулық қоршаған.Өзімізді билеген қуаныш сезімімен бөлісіп,қоршаған әлемге алғыс сөздерімізді айтайық:
«Жарық берген,жыл берген,
Рахмет саған,күн көзі!
Таза ауа сыйлаған,
Рахмет саған,аспан!
Рахмет саған,самал жел,
Салқындығын сақтаған!
Рахмет саған,ағашым,
Маған әркез панасың!»
|
Тәрбиешінің ұсынысына қызығушылық білдіреді.
Өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап айтады.
|
|
|
Ізденіс
ұйымдастыру.
|
Табиғат үшін адам қандай пайдалы, қайырымды,игі шараларды жасай алатыны туралы ойланып,әңгімелеп беруге тапсырма береді.Үлгі ретінде әңгімелейді:
-Мен табиғатты жақсы көремін!Орманда серуендеген кезде бұлақ,бастауларға кір-қоқыстарды тастамаймын.Олар таза да молдір болса,суын ішкен адамдарға шаттық сезімін сыйлайды.
-Ал сендер бізге қандай әңгіме айтасыңдар?
Өлең жолдарын оқиды:
Адамзат қашан түсінер,
Табиғаттың байлығын.
Ұрпағы қалай кешірер,
Тартылған көлдің зардабын.
Ағаш егіп,гүл егіп,
Жайнатайық бақтарды.
Егін егіп,жер жыртып,
Жайқалтайық алқапты.
(И.Трофимова,ауд.Г.Нурузов
-Неліктен ақындар өлеңдерінде табиғатты қорғау қажеттігін жырлаған?
-Табиғатты кімнен қорғауымыз керек?
-Табиғат қатігез адамдардан қорғануы қажет деп неліктен айтады?
-Адамның қоршаған әлемге қамқорлық көрсетіп,күтіммен қарауы жайында не айта аласыңдар?
Балалардың жауаптарын қорытып,жинақтайды:
-Біз ағаштар отырғызып,құстарға үйшік жасап,қыс уақытында құстарға жем беріп,табиғатқа көмектесе аламыз.Тіпті біздің елеусіз,ең кішкентай қайырымды болуға үйретеді.
Еңбек іс-әрекеттерін ұйымдастырады:
-Балалар,қалай ойлайсыңдар,табиғатқа көмектесу үшін өзімізбен бірге қандай затты
алып шығуымыз керек,айыр,су сепкіш,қоқыс қалдықтарын жинау үшін қанар,сыпыртқы бар.
Балаларды үш топқа бөліп,оларға ерекше белгілері-үшкіл орамалдар,галстуктар,
бөкебайлар таратады.Атқаратын жұмыстары-
ның ретін түсіндіреді.Жұмыс аяқталғаннан
соң тәрбиеші балаларға алғыс білдіреді.
-Жарайсыңдар,атқарған жұмыстарыңа қарап,сендердің табиғатты шынайы бағалап,қорғай алатындарыңды түсіндім.
Сондықтан да бүгін мен бәріңе «Табиғаттың жас досы» лауазымын беремін (балаларға марапаттарын таратады)
|
Қызығушылық білдіріп,
әңгімелейді.
Өлеңдерді мұқият
тыңдап,мазмұнына ерекше мән береді.
Сұрақтарға жауап береді.
Ой талқасына салып,
өз пікірлерін білдіреді.
Ерекше белгілерін
тағып,әр топ өз жұ-
мысымен айналысады:
қоқыс қалдықтарын
жинайды,ағаштарды
түптейді,көшеттерді
суғарады.
|
|
|
Рефлексия
|
Жұмыс дәптеріндегі бір отбасының мүшелерінің табиғатта жұмыс істеп жүрген сәтті бейнеленген суреттерге балалардың назарын аударады.
Суреттің астындағы мақалды оқып беріп,
мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды,
балалардың жауаптарын толықтырады.
|
Иллюстрацияларды қарап көреді.Ойланып,
Мақалдың мағынасын
өз сөздерімен түсіндіруге тырысады.Тәрбиешінің түсіндірмесін таңдайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:Адамдардың қоршаған ортаға қолынан келетін көмегін беруі қажеттігін.
Қоршаған ортаға күтіммен қарау дағдыларын:Қоршаған орта мен адамдардың бір-біріне тәуелділігі туралы түсінікті:
Табиғат аясында адамгершілік құндылықтарын танытуды;Шамасына лайық еңбек ету дағдыларын:
Адамның қоршаған ортаға деген ықыласы мен қамқорлығы туралы қарапайым әңгіме құрастыруды;Қоршған ортаны қорғау мақсатында өзінің атқара алатын іс-әрекетін;Табиғатқа қамқорлықпен және күтіммен қарауды.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Құстарға не үшін көмектесу керек.
Мақсаты:Табиғат аясында қауіпсіздік ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:-Адамдар мен жануарлар әлемінің бір-біріне тәуелділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
-Табиғат құбылыстарын бақылағандағы сезімдерін жеткізе білу қабілетін дамыту;
-Табиғаттың бүтіндігін,әдемілігін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, әңгімелеу,ойын
Ұйымдастыру:топпен.
Көрнекілік:құстар суреттері
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
«Кім көп құс түрлерін айтады» дидактикалық ойыннан ойнауды ұсынады.
Ойынға белсенді қатысқандары үшін балаларды мақтап,құстар туралы әңгіме өткізеді.
|
Ойынға қызығушылық білдіріп,белсене қатысады,құс атауларын еске түсіреді.
|
|
|
Ізденіс
ұйымдастыру.
|
-Құстардың адамға пайдасы бар ма,әлде зиян келтіре ме,қалай ойлайсыңдар?
Құстар бейнеленген суретке (қарға,сарышымшық,қараторғай,тырна,қоқиқаз,
көкек,колибри)балалардың назарын аударып,олардың атауын сұрайды.
-Осы аталған құстардың қай түрі біздің өңірді мекендейді?
-Аталған құстардың қандай түрлері «Қызыл кітапқа» енгізілген?
Сұрақтар қойып,қыстап қалатын жіне жыл құстарын атауды ұсынады.
Көктем мезгіліндегі құстардың ұясына қатысты іс-әрекеттері туралы әңгімелеп беруді өтінеді.
Қыс мезгілінде құстарға қандай көмек көрсеткендерін еске алып,әңгімелеп берулерін сұрайды.Шығармашылық тапсырма орындауды ұсынады.Қыстап қалатын құстарға арналған жемсалғыш және балалар бейнеленген суретті өз өркімен толықтыру қажеттігін түсіндіреді.
|
Сұраққа жауап беріп,
Жауаптарын дәйектейді.Суретті мұқият қарастырып,
құс атауларын атайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Қастап қалатын және жыл құстарын атайды.
Көктемде құстар ұя салатын жерлерде
адамның өзін ұстау ережелері туралы айтады.Қыс мезгілінде құстарға қандай көмек көрсеткендерін еске алып,әңгімелейді.
Қызығушылық білдіріп,
суретті толықтырады.
|
|
|
Рефлексия
|
Қиялға шомып,көз алдарына мына жағдайды елестетулерін өтінеді:егер жер бетінен құс біткен ғайып болса,адам өміріне бұл жағдай қалай әсер етеді?
Балалардың жауаптарын жинақтап,келесі өлең жолдарын оқиды;
Қандай құсты білесің?
Торғай отыр томпиып,
Құйрықтары шолтиып.
Сауысқаның сақ отыр,
Жапалағың тағы отыр.
Ұзақ отыр үңіліп,
Қарға қарар түңіліп.
Үнсіз бір сәт тұрмайды,
Әнші бұлбұл жырлайды.
Адамзаттың жақыны,
Қарлығаш та ақылды.
Көгершінмен екеуі
Жайлайды бір шатырды.
(Р.Зайытов)
Құстар туралы өздері білетін өлеңдерді айтқызып,тақырыпты қорытады.
|
Оқиғаны көз алдарына
елестетіп,не сезінгендерін айтады.
Өлеңді мұқият тыңдап,
мазмұнын түсініп алады.
Өздері білетін өлең жолдарын айтады.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Өз өңірлерінде мекендейтін құс атауларын;адамның құстарға көрсететін көмегін және оның қажеттігін.
Адам өмірі мен құстар әлемінің бір-біріне тәуелділігі тіралы түсінікті;Табиғат аясында адамгершілік танытып,өзін дұрыс ұстау қажеттігін.
Құстардың жайын ойлап,оларға қамқорлық көрсетуді,қалай көмек көрсетуге болатынын,жалпы құстар туралы әңгімелеуді.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Мен Қазақстан Республикасының азаматымын.
Мақсаты:Патриоттық және азаматтық түсініктерін қалыптастыру. Міндеттері:-Өзінің елі мен қалық қаһармандары туралы түсінік беру;
-Халық қаһармандарыңың әрекеттеріне қызығушылық танытып,құрмет көрсету сезімдерін дамыту;
-Патриоттыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, өлең оқу,түсіндіру
Ұйымдастыру:топпен.
Көрнекілік:Қаһармандар суреттері
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-«Азамат»сөзінің мағынасын білесіңдер ме?
-Сендер Қазақстан Республикасының азаматтары қатарына жатасыңдар ма?
Сұрақтар қойып, «азамат» сөзінің мағынасын түсіндіреді.
|
Сұрақтарға жауап беріп,мұқият тыңдап,есте сактайды.
|
|
|
Ізденіс
ұйымдастыру.
|
Т.Мұсабаевтың,Т.Әубәкіровтың,Б.Момышұлы-
Ның,Ә.Молдағұлованың суреттерін жұмыс дәптерлерінен қарап көруді ұсынады.Бұлар-халық қаһармандары екенін,әр жылдары өл елдері үшін асқан қайраттылық танытып,ерлік жасаған батыл азаматтар екенін хабарлайды.
-Бұл адамдар және олардың ерліктері туралы хабарларың бар ма?
-Оларды халық қаһармандары деп айтуға бола ма?
-«Батыр туса-ел ырысы»мақалын қалай түсінесіңдер?
Мақалды есте сақтауларын өтінеді.
Жұмыс дәптеріндегі қару-жарақ асынған қазақ
жауынгерінің суретін бояуды ұсынады.
-Сендерге батырдың қандай қару-жарағы таныс?
Сұрақтар қойып,туған жерді қорғаған батырлар туралы әңгімелейді.Балалардың білетіндерін айтқызады.Олардың әңгімесіне баға береді.
Әңгімелерді жинақтап,қорытады:
-Қазақтың жауынгерлері-нағыз батырлар,жаужүрек,туған жерінің нағыз патриоттары.
Қ.Ыдырысовтың «Менің өлкем» өлеңін оқиды.
Менің өлкем.
Қазақстан-астықты,алтын атырап,
Жалғанның мына жартысын жалпақ жатыр ап.
Қазақстан-батырлар елі,ер елі.
Бауырмалдық,достықтың елі өрелі.
Қазақстаным-сары жайлау,асқар тауларым,
Мәңгі бақи жырланып бітпес өлеңім!
Сергіту сәті.
Секіріп біз ойнадық,
Шаршасақ та қоймадық.
Тапырлаттық аяқты,
Қимылдаттық иықты.
Шеңберді де біз құрдық,
Бір отырып,бір тұрдық.
Қатар тұрған құрбыға
Күлімсіреп қарадық!
(Ауд.Г.Нурузова)
Әңгіме өткізеді.
-Қалай ойлайсыңдар,неліктен өлең «Туған өлкем»деп аталады?
-Қазақстанды-бай,бақытты ел деп айтуға бола ма?
-Ақынөз елін жақсы көре ме,қалай ойлайсыңдар?
|
Суреттерге мұқият қарап,өздеріне таныс қаһармандарды атап шығады.Олардың өмірі жайында білетін-дерін әңгімеледі.
Сұрақтарға жауап береді.
Мақалды қайталап,ес-
теріне сақтайды.
Суретті бояиды.
Өздері білетін қару-жа-
рақтарды атайды.
Сұрақтарға жауап бер-
іп,өз қалаулары бойынша әңгімелейді.
Мұқият тыңдап,мазмұ-
нын түсініп алады.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Сұрақтарға жауап беріп,жауаптарын дәлелдейді.
|
|
|
Рефлексия
|
Болашақта өз елі үшін қандай игі істер жасай алатыны туралы ойланып,әңгімелеуді ұсынады.
Қызықты әңгімелері үшін балаларға алғыс білдіріп,болашақта өз елінің нағыз азаматтары,мақтанышы болатындарына сенім артатынын айтады.
|
Болашақтары туралы
ойланып,қиялдап,
сұрақтарға жауап
береді.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |