Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Мамандықтын бәрі жақсы.
Мақсаты:Балалардың өз ата-анасының мамандығы туралы білуге үйрету,құрметті білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:Мамандықтар туралы ұғымды пысықтау.
Өздерінің жақын туыс адамдарына қатысты мамандықтар иелерін атап айту әр мамандық иесіне құрмет көрсету сезімін тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, .
Ұйымдастыру:топпен Көрнекілік:Мамандықтар суреттері.
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
Сәлемдесу:
-Жақындарымызбен және туыстарымызбен кездескенде «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!»,«Сәлеметсіз бе!» деп айтатынымыз қандай жақсы».
|
Тәрбиешіні тыңдайды.
|
|
|
Ізденіс ұйымдастыру
|
Бүгін мамандықтар туралы әңгіме болатынын айтады.
-Мамандық дегенді қалай түсінесіңдер?
Балаларға өздерінің ата-анасының мамандығы туралы айтып беруді ұсынады.
Ойын:«Мамандықтын бәрі жақсы»Шарты:Таратпалы суреттер ішінен өз анасымен әкесінің мамандығын таңдап алып әңгімелеп береді.
Өлең оқу:
Бүгін сәби баласың,
Ертең өсіп,толасың.
Жігіт болып өскенде,
Білдеи маман боласың.
Әр кәсіптің сыры бар,
Өзіне тән құны бар.
Қыр-сырын толық,
Жаттап біліп ал.
Сергіту сәті:
«Шаңырақ»ойыны арқылы өтеді.
Балаларды шеңберге тұрғызады.
Көтеріліп шаңырақ,
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өріліп,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрініп.
Ой тастау:
-Қалай ойлайсыңдар,тек ер адамдарға немесе тек әйел адамдарға лайық мамандық бола ма?
Ойын: «Мамандықтың атауын ата»
-Мен әріпті атаймын,ал сендер сол әріптен басталатын мамандықты атаңдар.
-Сонымен «А»,«Д»,«М»,«С».
-Кәнекей,мен сендерге көмектесейін.Сәулетші мамандығы туралы кім біледі?Ол немен айналысады?
(Сәулетші әр түрлі ғимараттардың сұлбасын сызады.Аспазшы дәмді тамақ дайындайды.Дәрігер-адам жанының арашасысы.Құрылысшы адамдарға ыңғайлы,әдемі үйлер салады).
-Сонымен,адамдарға барлық мамандық маңызды және қажет.
Ата-аналарының мамандықтары жөнінде әңгіме айту.
|
Жаупа береді.
Балалар анасы,әкесінің мамандығы туралы айтып береді.
Ойынға барлығы белсенді қатысады.
Өлең жолдарын жаттап алуға тырысады.
Өлең жолдарын қосылып айтып,мазмұнына байланысты
қимыл-қозғалыстар жасайды.
|
|
|
Рефлексия
|
-Сендердің ата-аналарың да мамандық иелері,солай емес пе?Олардың мамандығы қандай,кім болып істейді?
Өскенде қандай мамандық иесі болғылары келетіні жөнінде ойларын ортаға салу.
|
Балалардың өз ойынан шығарылған әңгімесі.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
-Балалрға әр түрлі мамандық туралы мағлұмат беріп,білімдерін кеңейту.
-Әр түрлі мамандыққа қызығушылықтарын арттыру.
-Еңбектің барлық түрін құрметтеуге тәрбиелеу,қойылған сұрақтарға жауапты толық,дұрыс беруді дағдыландыру.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Көкөністер мен жемістер.
Мақсаты:Балаларды көкөністер мен жемістермен тереңдетіп таныстырып,ерекшеліктерін айта білуге үйрету.
Міндеттері:Жемістер мен көкөністердің құрамындағы кездесетін дәрумендердің адам ағзасына тигізетін маңызын айта білуге үйрету,адамның табиғатпен тығыз байланысы туралы түсінік қалыптастыру,табиғат сыйларын,оларды еңбек арқылы табатынын есте сақтау.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру,ойын.
Ұйымдастыру:топпен Көрнекілік:суреттер,сюжетті таратпалы карточкалар.
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
Жылулық шеңбері: Балаларды шеңберге тұрғызып,өлең жолдарын айтады: Ашық менің жүрегім, Ылғи күліп жүремін. Бірге ойнап,бірге жүрер, Достарым көп,білемін!
Дидактикалық ойын:»Ненің дәмі?»Шарты:Көзерін жұмып, қорапша ішінен не алып шықса,соның дәмін татып көкөніс пе жеміс пе екенін айту. Сұрақ қою: -Жылдың қай мезгілі? -Осы кезде нелер піседі? -Көкөністер мен жемістер немен бай? -Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы бар ма? -Қашан жинап аламыз?
Сергіту сәті:
Алма кетті домалап, Көше бойын жағалап, Кім алманы табады, Сол алманың дәмін татады.
«Кім тапқыр?»ойыны арқылы жұмбақ жасырады.
1.Домаланған ала бас, Дәмді шырын,даяр ас. 2.Аспай піскен ,қайнамай түскен.
3.Бақшада өседі,көп өнімдерін береді.
|
Қол ұстасып шеңберге тұрып,өлең жолдарын
тәрбиешімен бірге айтады.
Балалар орындарына отырып,кезек-кезек келіп тұрады.
Күз мезгілі.
Көкөністер мен жемістер.
Дәрумендермен бай.
Жауаптарын айтады.
Балалар шеңберге тұрып қимылдар орындайды.
Жұмбақ жауабын шешеді де сурет арқылы көрсетеді.
|
|
|
Рефлексия
|
«Көңілді бақша»өлеңін оқу. Шолып едім бақшаны, Көкөніс біткен көңілді. Жасыл,сары,қызыл, көк, Сан алуан көкөніс.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады желімдеп.
Қорытынды:-Өлеңде не туралы айтылған?
Бақшада не өседі?Бақта не өседі?
|
Өлең жолдарын жаттап алған балалар марапатталады.
Жауаптар береді.
|
|
|
|
|
|
|
|
Күтілетін нәтиже:Жемістер мен көкөністер туралы түсініктері қалыптасып,адамдарға дәрумендер пайдасы туралы білу.Табиғат сыйларын аялап,қорғап, қамқоршы болып тәрбиелену.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Құстарға не үшін көмектесу керек.
Мақсаты:Табиғат аясында қауіпсіздік ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:-Адамдар мен жануарлар әлемінің бір-біріне тәуелділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
-Табиғат құбылыстарын бақылағандағы сезімдерін жеткізе білу қабілетін дамыту;
-Табиғаттың бүтіндігін,әдемілігін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, әңгімелеу,ойын
Ұйымдастыру:топпен.
Көрнекілік:құстар суреттері
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
«Кім көп құс түрлерін айтады» дидактикалық ойыннан ойнауды ұсынады.
Ойынға белсенді қатысқандары үшін балаларды мақтап,құстар туралы әңгіме өткізеді.
|
Ойынға қызығушылық білдіріп,белсене қатысады,құс атауларын еске түсіреді.
|
|
|
Ізденіс
ұйымдастыру.
|
-Құстардың адамға пайдасы бар ма,әлде зиян келтіре ме,қалай ойлайсыңдар?
Құстар бейнеленген суретке (қарға,сарышымшық,қараторғай,тырна,қоқиқаз,
көкек,колибри)балалардың назарын аударып,олардың атауын сұрайды.
-Осы аталған құстардың қай түрі біздің өңірді мекендейді?
-Аталған құстардың қандай түрлері «Қызыл кітапқа» енгізілген?
Сұрақтар қойып,қыстап қалатын жіне жыл құстарын атауды ұсынады.
Көктем мезгіліндегі құстардың ұясына қатысты іс-әрекеттері туралы әңгімелеп беруді өтінеді.
Қыс мезгілінде құстарға қандай көмек көрсеткендерін еске алып,әңгімелеп берулерін сұрайды.Шығармашылық тапсырма орындауды ұсынады.Қыстап қалатын құстарға арналған жемсалғыш және балалар бейнеленген суретті өз өркімен толықтыру қажеттігін түсіндіреді.
|
Сұраққа жауап беріп,
Жауаптарын дәйектейді.Суретті мұқият қарастырып,
құс атауларын атайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Қастап қалатын және жыл құстарын атайды.
Көктемде құстар ұя салатын жерлерде
адамның өзін ұстау ережелері туралы айтады.Қыс мезгілінде құстарға қандай көмек көрсеткендерін еске алып,әңгімелейді.
Қызығушылық білдіріп,
суретті толықтырады.
|
|
|
Рефлексия
|
Қиялға шомып,көз алдарына мына жағдайды елестетулерін өтінеді:егер жер бетінен құс біткен ғайып болса,адам өміріне бұл жағдай қалай әсер етеді?
Балалардың жауаптарын жинақтап,келесі өлең жолдарын оқиды;
Қандай құсты білесің?
Торғай отыр томпиып,
Құйрықтары шолтиып.
Сауысқаның сақ отыр,
Жапалағың тағы отыр.
Ұзақ отыр үңіліп,
Қарға қарар түңіліп.
Үнсіз бір сәт тұрмайды,
Әнші бұлбұл жырлайды.
Адамзаттың жақыны,
Қарлығаш та ақылды.
Көгершінмен екеуі
Жайлайды бір шатырды. (Р.Зайытов)
Құстар туралы өздері білетін өлеңдерді айтқызып,тақырыпты қорытады.
|
Оқиғаны көз алдарына
елестетіп,не сезінгендерін айтады.
Өлеңді мұқият тыңдап,
мазмұнын түсініп алады.
Өздері білетін өлең жолдарын айтады.
|
|
|
Күтілетін нәтиже: Өз өңірлерінде мекендейтін құс атауларын;адамның құстарға көрсететін көмегін және оның қажеттігін.
Адам өмірі мен құстар әлемінің бір-біріне тәуелділігі тіралы түсінікті;Табиғат аясында адамгершілік танытып,өзін дұрыс ұстау қажеттігін.
Құстардың жайын ойлап,оларға қамқорлық көрсетуді,қалай көмек көрсетуге болатынын,жалпы құстар туралы әңгімелеуді.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Мен Қазақстан Республикасының азаматымын.
Мақсаты:Патриоттық және азаматтық түсініктерін қалыптастыру. Міндеттері:-Өзінің елі мен қалық қаһармандары туралы түсінік беру;
-Халық қаһармандарыңың әрекеттеріне қызығушылық танытып,құрмет көрсету сезімдерін дамыту;
-Патриоттыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, өлең оқу,түсіндіру
Ұйымдастыру:топпен.
Көрнекілік:Қаһармандар суреттері
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
-Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-«Азамат»сөзінің мағынасын білесіңдер ме?
-Сендер Қазақстан Республикасының азаматтары қатарына жатасыңдар ма?
Сұрақтар қойып, «азамат» сөзінің мағынасын түсіндіреді.
|
Сұрақтарға жауап беріп,мұқият тыңдап,есте сактайды.
|
|
|
Ізденіс
ұйымдастыру.
|
Т.Мұсабаевтың,Т.Әубәкіровтың,Б.Момышұлы-
Ның,Ә.Молдағұлованың суреттерін жұмыс дәптерлерінен қарап көруді ұсынады.Бұлар-халық қаһармандары екенін,әр жылдары өл елдері үшін асқан қайраттылық танытып,ерлік жасаған батыл азаматтар екенін хабарлайды.
-Бұл адамдар және олардың ерліктері туралы хабарларың бар ма?
-Оларды халық қаһармандары деп айтуға бола ма?
-«Батыр туса-ел ырысы»мақалын қалай түсінесіңдер?
Мақалды есте сақтауларын өтінеді.
Жұмыс дәптеріндегі қару-жарақ асынған қазақ
жауынгерінің суретін бояуды ұсынады.
-Сендерге батырдың қандай қару-жарағы таныс?
Сұрақтар қойып,туған жерді қорғаған батырлар туралы әңгімелейді.Балалардың білетіндерін айтқызады.Олардың әңгімесіне баға береді.
Әңгімелерді жинақтап,қорытады:
-Қазақтың жауынгерлері-нағыз батырлар,жаужүрек,туған жерінің нағыз патриоттары.
Қ.Ыдырысовтың «Менің өлкем» өлеңін оқиды.
Менің өлкем.
Қазақстан-астықты,алтын атырап,
Жалғанның мына жартысын жалпақ жатыр ап.
Қазақстан-батырлар елі,ер елі.
Бауырмалдық,достықтың елі өрелі.
Қазақстаным-сары жайлау,асқар тауларым,
Мәңгі бақи жырланып бітпес өлеңім!
Сергіту сәті.
Секіріп біз ойнадық,
Шаршасақ та қоймадық.
Тапырлаттық аяқты,
Қимылдаттық иықты.
Шеңберді де біз құрдық,
Бір отырып,бір тұрдық.
Қатар тұрған құрбыға
Күлімсіреп қарадық!
(Ауд.Г.Нурузова)
Әңгіме өткізеді.
-Қалай ойлайсыңдар,неліктен өлең «Туған өлкем»деп аталады?
-Қазақстанды-бай,бақытты ел деп айтуға бола ма?
-Ақынөз елін жақсы көре ме,қалай ойлайсыңдар?
|
Суреттерге мұқият қарап,өздеріне таныс қаһармандарды атап шығады.Олардың өмірі жайында білетін-дерін әңгімеледі.
Сұрақтарға жауап береді.
Мақалды қайталап,ес-
теріне сақтайды.
Суретті бояиды.
Өздері білетін қару-жа-
рақтарды атайды.
Сұрақтарға жауап бер-
іп,өз қалаулары бойынша әңгімелейді.
Мұқият тыңдап,мазмұ-
нын түсініп алады.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Сұрақтарға жауап беріп,жауаптарын дәлелдейді.
|
|
|
Рефлексия
|
Болашақта өз елі үшін қандай игі істер жасай алатыны туралы ойланып,әңгімелеуді ұсынады.
Қызықты әңгімелері үшін балаларға алғыс білдіріп,болашақта өз елінің нағыз азаматтары,мақтанышы болатындарына сенім артатынын айтады.
|
Болашақтары туралы
ойланып,қиялдап,
сұрақтарға жауап
береді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
«Азамат»сөзінің мағынасын:халық қаһармандарының есімдерін,олардың ерліктерін.
Азаматтық көрсетуді.
Өз елі үшін мақтанып,қуана білуді.
Қазақстан халқы және оны әлемге танымал еткен қайраткерлер жайында әңгімелеуді;
Туған жеріне,еліне сүйіспеншілікпен қарауды.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Оюлы ыдыс-аяқ пен жиһаздар.
Мақсаты:Балаларды ұлттық жиһаздар мен ыдыс-аяқтар түрлерімен таныстыру.
Міндеттері:Қоршаған әлемдегі заттар,олардың белгілері мен мақсаттары туралы түсінік беру;заттардың қандай материалдан жасалғанын,қолдану мақсатына қарай жіктей білуді үйрету;Халықтың әдет-ғұрып,салт-дәстүрін,мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, .
Ұйымдастыру:топпен серуен Көрнекілік:Ұлттық ыдыс-аяқтар,ойыншық жиһаздар,сюжетті таратпалы карточкалар
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
Сәлемдесу:-Жақындарымызбен және туыстарымызбен кездескенде «Қаиырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш», «Сәлеметсіз бе!»деп айтатынымыз қандай жақсы.
|
Балалар тәрбиешіні тыңдайды.
|
|
|
Ізденіс ұйымдастыру
|
Супермаркетке топсеруен жасауды ұсынады. «Жиһаз», «Ыдыс-аяқтар»бөлімдерін аралап көреді.
Дидактикалық ойын: «Бір сөзбен атаңдар»
Сұрақ-жауап: Бұл заттар не үшін қажет? Қандай материалдан жасалған?
Ұлттық оюлар түрлерін атаңдар?
Ұлттық ыдыс аяқтарды атаңдар?
Қандай жиһаз түрлерін көріп тұрсыңдар?
Ойын «Не екенін тап»Шарты:Таратылған суреттер ішінен ұлттық заттарды тауып неден жасалғанын айту.
Сергіту сәті. «Тау үстінде»
Тау үстіне қарайық,
Жайлауға біз барайық.
Дөңгеленіп,аппақ боп,
Киіз үй тұр ғажайып!
Атам,әжем сол жерді,
Мекен етіп тұрады.
Қонақтарын,достарын,
Балаларын күтеді
Өзеннен біз өтеміз,
Қонақ болып барамыз!!!
Ойын: «Не неден жасалған»Шарты:Әр заттың
адамның қолымен жасалатынын түсіндіріп ұқыптылықпен қарау керек екенін әңгімелеу.
|
Ұлттық нышанда жасалғандарды тәрбиеші артынан қайталайды.
Ыдыс –аяқтар мен жиһаздарды топтастырады.
Заттардың не үшін керек екенін қандай материалдан жасалғанын айтады.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.
Тыңдайды өз ойларын айтады.
|
|
|
Рефлексия
|
Мынадай сұрақтар қояды.
Сендерге топ серуен ұнады ма?
Нені анықтап білдіңдер?
|
Сұрақтарға жауап береді.
Қорытынды жасайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Жиһаздардың,ыдыс аяқтардың атауын,заттардың қасиеттерін сипаттап айта алады,қоршаған орта заттары және олардың ұлттық нышанды жасалғанын біледі.
Ұқыптылықпен қарау қажеттігі туралы түсінік алады.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Менің отбасым.
Мақсаты:Отбасы мүшелерін,олардың бір-бірімен қарым қатынасы жөнінде түсініктерін молайту.
Міндеттері:
-Отбасындағы туыстық қатынастар туралы ұғымды пысықтау;
-Өздерінің жақын,туыс адамдарына қатысы бар екенін сезінуіне көмектесу;
-Өздерінің жақындарына құрмет көрсету сезімін тәрбиелеу.
Алдын ала істелетін жұмыс:«Жақын адамдар»,«Отбасы»тақырыбына әңгімелер өткізу;«Менің отбасым»,«Өз үйім-өлең төсегім»фотоальбомдарын қарап көру;анасы,әкесі,атасы,атасы,әжесі туралы өлеңдер жаттау;«Отабасы дәстірлері»
фотокөрмесін безендіру.
Сөздік жұмысы:дәстүр.
Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу,сұрақ-жауап.
Ұйымдастыру:топпен
Көрнекіліктер:суреттер,альбомдар
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
Сәлемдесу:
-Жақындарымызбен және туыстарымызбен кездескенде «Қайырлы таң!»,«Қайырлы күн!»,
«Қайырлы кеш!»,«Сәлеметсіз бе!»деп айтатынымыз қандай жақсы».
|
Тәрбиешіні тыңдайды.
|
|
|
Ізденіс
ұйымдастыру.
|
Бүгін отбасы туралы әңгіме болатынын айтады.
-Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
Балаларға өздерінің туыстары туралы білетін өлеңдерін айтып беруді ұсынады.
Атасы және әжесі үшін балалардың немерелер болатынын айтады.Олардан өздерінің кімнің ұлы және қызы екенін айтуды сұрайды.Өз әкесінің немесе анасының фотосуретіне қарап,оларға жылы сөздер айтуды ұсынады.
-Демек,бұл отбасында атасы,әжекі,анасы,әкесі бар. Ал енді көбіңнің отбасыңда өздеріңнен үлкен және кіші бауырларың бар. Олардың бәрінің өз міндеттері бар. Осылар туралы әңгімелесейік.
Сұрақтар қояды:
-Кімнің ағасы бар? ... Ол не істейді? т.б.
Балалардың жауаптарына қарай қорытынды шығарады.«Мен үлкендерге қалай көмектесемін» ойыны.Үйдегі дәстүрлер туралы айтып беруді ұсынады.
Дидактикалық ойын: Отбасы мүшелері Мақсаты: Өз отбасы мүшелерін атап беріп, әр біреуіне сипаттама береді.
Тірек-сызбамен жұмыс.
Тақтаға ілінген сурет арқылы әңгіме құрастыру және сөйлемді тірек-сызба арқылы жазу
|
Жауап береді.
Балалар анасы,әкесі,
т.б. туралы алдын ала жаттаған өлең-
дерін айтып береді.
Сұрақтарға жауап береді.Қолдарына
ата-анасының фото-
суреттерін алып,
жылы сөздер айтады.
Сұрақтарға жауап береді.Өздерінің от-
Басы мүшелеріне қалай көмектесетін-
дері туралы әңгімелейді.
Тірек сызба арқылы отбасы туралы айтып береді.
Сөйлем құрап, тірек сызба арқылы жазады
|
|
|
Рефлексия
|
Шай ішуге шақырады (әжелері мен аналары пісірген тағамдар ұсынылады)
|
Дәмді тағамдары үшін әже,аналарына
Рахмет айтады.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Отбасы дәстүрі дегеннің не екенін;өзінің жақын,туыс адамдарына қатысы бар екенін.
Отбасындағы туыстық қатынастар туралы түсінікті.
Жақындарына құрметпен қарауды,оларға қамқорлық көрсетуді.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Наурыз той.
Мақсаты:Балалардың ұлтжандылық сезімдерін туған жеріне,салт-дәстүрлеріне сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Міндеттері:Наурыз мейрамы туралы түсініктерін кеңейту.
Наурыз айы береке мен бірлік екендігі туралы білім беру.
Халқымыздың салт-дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,әңгіме,сұрақ-жауап.
Ұйымдастыру:топпен
Көрнекілік:Салт-дәстүрімізді бейнелейтін заттар,Наурызға арналған суреттер.
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
Наурыз баталары
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсың!
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Бәле-жала жерге енсін!
|
Тәрбиешінің артынан қайталап отырады.
|
|
|
Ізденіс ұйымдастыру
|
Кіріспе әңгімеден бастау.
Наурыз мейрамы-көктем мен еңбектің негізгі мерекесі.Жыл басы-Наурыз тойлағанда айнала тегіс көгеріп,талдар бүршік жарады.Құстар сайрап,жер беті құлпырады.
Наурыз дәстүрін,оны өткізу ғұрыптарын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеді.Тәжіектер мұны «Гүлгордон», «Гүлнавруз»,ал татарлар «Нардуган» деп атаса,ежелгі гректерде бұл мереке «Патрих» деген атпен мәлім.
«Наурыздың» құрметіне ағаш отырғызады,гүл егеді.Наурыз мерекесінің белгісі-қызғалдақ.
Наурыз мерекесінің басты белгісі «Наурыз» деген жазуы бар қызғалдақтың бейнесі.
Наурыз-көктем мерекесі,жыл басы.Бұл күні жұрт арнайы пісірген наурыз көже ішеді,
бір-бірінің үйлеріне қыдырып барады.
Сұрақтар:
-Күнтізбе бойынша жаңа жыл қай айдан басталады?
-Қазақ елі Наурыз мейрамын қалай қарсы алған?
-Қазақ елінен басқа тағы қандай елдің өкілдері Наурыз мейрамын тойлайды?
-Наурыз мерекесінің белгісі қандай гүл?
-Ал,енді,балалар,біз наурыз мерекесі туралы әңгімелестік,Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстық.Бұл-біздің халқымыздың ұлттық мерекесі.Мен сендерге «Наурыз ертегісі» атты әңгімені оқып беремін.
Сендер зер салып,мұқият тыңдап отырыңдар.
«Наурыз ертегісі»
|
Орындарына отырады.
Мұқият тыңдайды.
Жауаптар береді.
Ертегіні зер салып тыңдайды.
|
|
|
Рефлексия
|
-Мен сендерге наурыз ертегісі бойынша сұрақтар қоямын.Сендер сол сұрақтарға жауап беріңдер.
-Балалар,ертегіні кім жазды?
-Ертегі не туралы жазылған?
-Балалар,Наурыз ертегісі сендерге неге ұнады?
Балалардың әр түрлі жауап береді (егер білмесе педагог өзі толықтырады)
-Қазақша жыл басы қай ай?
-Иә,дұрыс,наурыз айы.
|
Сұрақтарға толық мағыналы жауаптар береді.
Мадақталады.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
-Наурыз мерекесі жайлы түсініктерін кеңейтеді.
-Қазақ халқының өз төл мерекесі жайлы білім алады.
-Татулыққа,үйымшылдыққа тәрбиеленеді.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:»Ғаламшардың әуе мұхиты».
Мақсаты:Экологиялық мәдениетті тәрбиелеу.
Міндеттері:-Өлі және тірі табиғат арасындағы өзара байланысты,оның адамның іс-әрекетіне тәуелді екені туралы ұғымды анақтай алуға көмектесу;
-Адамзат,өлі және тірі табиғат нысандары арасындағы өзара байланысты түсінуге,табиғатты тануға деген қызығушылықтарын дамыту;
-Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру.
Ұйымдастыру:топпен.
Көрнекілік:глобус,суреттер
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
Балалардың назарын глобусқа аударады.
Глобустың бір бөлігі неліктен көкшіл түспен бейнеленгенін сұрайды.
Балалардың жауаптарын жинақтайды:
-Глобустағы көкшіл түс-бұл біздің ғаламшарымызды алып жатқан су.Бұл-мұхиттар мен теңіздер (мұхиттарды көрсетеді).Жер ғаламшарындағы ауа мұхиты
туралы не білесіңдер?Ол жайында әңгіме қозғайықшы.
|
Глобусқа назар аудар-
ып,қызығушылық танытады.
Көрсетілген мұхиттар-
ға мұқият қарайды.
|
|
|
Ізденіс
ұйымдастыру.
|
-Біздің ғаламшарымызда ауа қабаты қоршаған.Жақын арада көрінбесе де,аспанға көз салып қарасақ,көкшіл түсті екенін байқауға болады.Сондықтан да біз оны ауа мұхиты деп атаймыз.
Көзімізге көрінбес,
Салмағы да білінбес.
Дем алатын ауаның,
Иісі де сезілмес.
Тыныс алып,жай ғана,
Демді ішке тартамыз.
Қажет бізге таза ауа,
Молдір,тұнық,саф ауа!
(М.Рыльский,ауд.Г.Нурузова)
Өлең жолдарын оқып,балаларға сұрақтарын қояды:
-Өлең жолдарынан ауа туралы қандай мағлұмат алдыңдар?
-Қалай ойлайсыңдар,ауа тыныс алу үшін ғана керек пе?
Сергіту сәті
Сергіті сәтін балалардың қалаулары бойынша өткізеді. Жұмыс дәптеріндегі суретке назаларын аударады:аспан,аспанда ұшқан ұшақ,тікұшақ,құстар,көбелек,инеліктер.Суреттің
төменгі бөлігінде қаланың көрінісі,зауыттың
түтіндеген мұржасы бейнеленген.
Түсіндіреді,сұрақтар қояды:
-Теңіздер мен мұхиттарды қорғап,сақтау қажет екенін білесіңдер ме?Әуе мұхиты да қорғап ,сақтауды қажет етеді.
-Әуе мұхитына қандай зиянды әрекеттер әсер етуі мүмкін?
-Әуе мұхитында зиян келтіретін қандай нысандарды білесіңдер?
Адамдар орнын ауыстыру үшін,алыс жерлерге жету үшін әуе тасымалдау құралдарын ойлап шығарғанын айтады.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауды ұсынады,әуе тасымалдау құралдарын қарындашпен айналдыра қаршауды ұсынады.
Адамдардың тасымалдау құралдарын қалай пайдаланатыны жөнінде айтып беруге тапсырма береді.
|
Мұқият тыңдайды.
Өлең мазмұнына қы-
зығушылық білдіріп,
тыңдайды.
Сұрақтарға жауап бе-
реді.
Өздері қалаған жатты-
ғуды жасайды.
Қызығушылық білдіріп,
суретті мұқият қарастырады.
Сұрақтарға жауап береді.
Мұқият тыңдап,
тапсырманы орындайды.
|
|
|
Рефлексия
|
Балаларды екі топқа бөледі.Топтарға сұрақтар қояды:
1.Әуе мұхиты қатты ластанса,қандай жағдай орын алуы мүмкін?
2.Әуе мұхиты таза болған жайғдайда,адамның өмірі қалай жақсарады?
|
Сұрақтарға жауап бе-
реді.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
«Әуе мұхиты»дегеніміз не?
«Әуе мұхитын»адамдар қатынас жолы ретінде пайдалана ма?«Әуе мұхитындағы»басты мәселелерді;
Адамдар,жануарлар мен құстар,жәндіктер үшін ластанған ауаның зияны туралы түсінікті.
Өлі және тірі табиғат нысандары мен табиғаттың бір бөлшегі ретіндегі адамдар арасындағы өзара байланысты орната білуді.
Күні:
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы:Менің отанымды қорғаушылар.
Мақсаты:Қазақстан Республикасының шекарасын қорғаушылар,әскери адамдар туралы білімдерін дамыту.
Міндеттері:Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет екендігі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.
Әскери адамдар туралы,оларды құрметтеу сезімдерін дамыту;
Патриоттық сезімдерін қалыптастырып,өз отанын мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу.
Ұйымдастыру:топпен Көрнекілік:Суреттер,портреттер
Әрекет кезеңі
|
Тәрбиеші әрекеті
|
Баланың әрекеті
|
Жағымды
|
Жағымсыз
|
Мотивация
|
Амандасу рәсімі:
Амансыз ба!-дейміз барлық адамға,
Амандасу парыз маған,саған да!
Бәлкім,содан ұзарады жасымыз,
Ауырмаймыз мен де,сен де,бәріміз!
-Келіңдер,балалар,бір-бірімізбен амандасайық.
-Біз бәріміз білеміз,біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы-үлкен де күшті мемлекет.Бүгін айтылатын әңгімеміз елімізді қорғаушылар туралы.
|
Амандасу рәсіміне қызығушылық танытып,бір-бірімен амандасады.
Әңгіме тақырыбына қызығушылық танытады.
|
|
|
Ізденіс ұйымдастыру
|
Кіріспе әңгіме:-Балалар, біздің туған жеріміз Қазақстан Республикасының өз шекрасы бар. Сол шекарамызды қорғап тұратын азаматтарымыз- Отан қорғаушыларымыз деп аталады. Олар күн демей,түн өз борыштарын Отан алдында өтейді.
Мақал-мәтел айту:-Ер намысы-ел намысы.
Ер бір рет өледі,қорқақ мың рет өледі.
Сурет арқылы жұмыс:-Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен Қазақстандық батыр ағаларымыз бен апаларымыз бар.Олар кімдер екен?Ұшқыш Талғат Бигельдинов,батыр әрі жазушы Бауыржан Момышұлы,Мәншүк Маметова,Әлия Молдағұлова ерліктері жөнінде айту.
Сергіту сәті: «Отан»психогимнастикасы.
-Төмен қараңдаршы,қандай байтақ дала,ал үстімізде аспан,ол қандай көгілдір, таза.
Ойын:Мен -Отан қорғаушы боламын.
|
Әңгімені мұқият тыңдап отырады.
Мақалды жаттап алады.
Балалар портреттерін қарастырады.
Тыңдап ,қимыл-қозғалыстар жасайды.
Өз ойларын айтады.
|
|
|
Рефлексия
|
Қорытынды:-Қазақстан Республикасы картасын қолданып,еліміздің шекарасын анықтау.
|
Картамен жұмыс жасайды.
|
|
|
Күтілетін нәтиже:Туған ел,туған жер,Отан,Қазақстан сөздерінің мағынасын,
Батырлық туралы мақалдарды білу.Қазақстанның үлкен,бай, күшті ел екенін білу.
Отан қорғаушылар-әскери адамдар туралы білім беру.
Достарыңызбен бөлісу: |