Білім беру саласындағы қызметтерге нәтижелі қолжеткізу


Интегративті, біріктіріп білім беру



бет2/7
Дата12.12.2023
өлшемі43,27 Kb.
#196526
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ИББ лекция тезис (3)

Интегративті, біріктіріп білім беру - мүмкіндігі шектеулі баланы құрдастарының ұжымында оқыту.
|Инклюзивті – inclusive – қосылған, біріктірілген, inclusion – қосу, біріктіру; инклюзивті білім беру – барлық балаларды жалпыға білім беру процесіне толық қосуға, балалардың жасына, жынысына, діні мен этникалық ұстанымдарына, даму тежелуіне қарамастан, отбасының белсенді қатысуы мен баланың жеке қажеттіліктерін әлеуметтік және түзету–педагогикалық қолдау көрсетуге бағытталған білім берудің қағидасы.
3.Дамуында қиындықтары бар адамдардың қоғамға интеграциялануы қоғамның өзінің осы адамдарға қатынасына, мүгедектердің өмірлері, ерекшеліктері жайлы мәліметтеріне байланысты. Зерттеушілер даму мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қоғамдық қатынас модельдерінің түрлі классификацияларын ұсынады. Қоғам дамуының түрлі кезеңдерінде мүгедектік туралы түрлі пікірлер қалыптасқан: діни, медициналық, әлеуметтік. Мүгедектіктің медициналық моделі мүгедектікті медициналық феномен деп анықтайды («ауру адам», «ауыр физикалық кемістіктері бар адам» жәнет.б.). Медициналық модельдің ерекшелігі – мүмкіндігі шектеулі адамдарды өзіне жауап бере алмайды, еңбектене алмайды, деп қарастырды. Қазақстандық авторлар А.Е.Думбаев пен Т.В.Попованың классификациясы мәселені жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.
Мүгедектіктің әлеуметтік моделі. 20-шы ғасырдың 70-жылдарында Скандинавияда «медициналық модельдің» альтернативасы ретінде «қалыптандыру» түсінігі пайда болды. Қалыптандыру концепциясы даму ерекшеліктері бар баланы жаңа бағыттан қарастырып, ол тұратын қоғамда қабылданған мәдени ережелерге сай тәрбиелеуге назар аударады. Әлеуметтік модельге сәйкес, мүгедектігі бар адам қоғамдық қарым-қатынастың тең құқылы субъекті болуы тиіс, және де қоғам оған тең құқықтар, тең мүмкіндіктер, тең жауапкершілік және оның ерекше қажеттіліктеріне сай еркін таңдау мүмкіндік беруі керек.
Мүгедектіктің медициналық және әлеуметтік модельдерінің дифференциалды көрсеткіштері

Медициналық модель

Әлеуметтік модель

Бала жетілмеген

Әр бала құндылықдепқабылданады.

Диагноз

Бала мен оның ортасы анықтайтын оның күшті жақтары және қажеттіліктері.

Кемістіктердің мағынасын күрделендіру.

Кедергілерді анықтау және қиындықтарды шешу.

Бұзылысқа назар аудару

Нәтижеге бағытталған іс-шаралар жүргізу.

Қажеттіліктерді бағалау, мониторинг, бұзылыстарды түзету терапиясы.

Қосымша ресурстарды қолдану арқылы стандарты қызметтерді қолжетімді жасау.

Шеттеу, оқшалау және нақты, ерекше қызметтер ұсыну.

Ата-аналар мен мамандарды оқыту мен дайындау.

Тұлға аралық қарым-қатына с қажеттіліктері ескерілмейді .

Бір-біріне ұқсамайтын адамдар арасында қарым-қатынасты орнату.

Қалыптылыққа жақын жағдайда қаллпына келтіру, болмаса ауруханаларда (интернаттардажәнет.б.) дәрігерлердің қарамағын да өмір бойы қалу.

Айырмашылықтарды қолдау жасалып, қабылданады. Әр баланы «қосу».

Қоғам өзгермейді

Қоғам дамиды.



4. Әлемдік білім беру кеңістігінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға сапалы білімге қол жеткізу тенденциялармен үйлеседі.
1) Мемлекет пен қоғамның ЕББҚ тұлғаларға деген жағымды, жақсы көзқарасы мен қатынасы. ЕББҚ балалардың құқықтарын қорғай отырып, олардың өзгешелігі мен ерекшеліктеріне деген гуманистік, адамгершілік шыдамдылықты көрсету қажет. Мемлекет сол тұлғаларға еркін өмір сүру үшін нақты шаралар ұйымдастырып, арнайы білім беру саласына құқықтық базасын жетілддіру, қаржыландыру мәселесін шешумен қатар әлеуметтік - медициналық білім беру қызмет жүйесін қалыптастыруды ұсынады.
2) Білім беру сапасын арттыру. Лайықты мәртебелі білім алуды құқықтар теңдігін іске асыру құралы ретінде, арнайы білім келесі жағдайларды қамтамасыз етуін талап етеді; олар:

  • Мемлекет стандарт аясында қатыссыз орта білім беру;

  • Білім алуда барлықтары теңдей;

  • Тұрғын мекен жайымен жан ұясының табыс деңгейінен тәуелсіз оқу мекемесімен білім бағдарламаларын таңдау ;

  • білім беруді қазіргі талаптарға сәйкес оқу материялдық базасымен қамтамасыздандыру және қазіргі құрал жабдықтармен соңғы оқу әдебиеттерін белсенді қолдану.

  • Білім беруде, тұлғаның құқығын қорғайтын және психологиялық, дене қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын ұйымдастыру;

  • Жан ұясына медициналық- әлеуметтік педагогикалык - психологиялық қолдау көрсету мен ерте жастан бала бойындағы даму кемістіктерін анықтау;

3) Балалардың түрлі мүмкіндіктермен өзгешеліктерін ескере отырып оқытуда табиғи жағдайын ескеруді талаптау .
4) Білім беру мазмұнын білімнен - дағды, біліктілікке көшу, аудару ықпалы баланың психикалық, танымдық - дене адамгершілік қасиеттерін дамытуды өзекті талап етеді.
5) Оқытуда тұлғаға бағытталған ықпалы педагогикалык процесте баланың жеке дамуын қамтамасыз етеді. Өзіндік тұлғалық дамуды қамтамасыз ету жағдайдың бірі түрлі деңгейде оқытуды ұйымдастыру. Бұл жағдай оқу бағдарламалардың түрлі нұсқауларын әзірлеуді анықтайды
6) Білім берудің түрлі нұсқаулығы. Жалпы орташа оқушыдан «балардың барлығы бірдей» деген көз қарастан бас тарту, балалардың барлығына білім алу мүмкіндіктеріне жол ашады.
7) Жеке, дербес және жалпы бірлестігі дамудың түрлі формалар мен мазмұны негізінде құрастылады. Бұл жағдай балалардың мүмкіндіктері органикалық үйлесімдігін жеке ерекшелігін дамытуда іске асырылады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет