Білім беруде тұлғаға бағытталған (персонализация) үлгі-модель парадигмасы



бет10/10
Дата26.02.2022
өлшемі1,94 Mb.
#133417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жоғары мектептің педагогикасы

Жаңа парадигмалар келешектегі ғылыми зерттеулердің бағыттарын анықтайды, оларға негіз болады. Мысалы, қазіргі отандық педагогикада мынандай парадигмалардың ауысуы байқалады: «білімді адам» парадигмасының орнына «өмірге бейімделген, белсенді, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, және өзін-өзі адамгершілік, ақыл-ой жағынан дамытуға қабілетті адам» парадигмасына ауысуы айқын көрінеді. Яғни, бұрынғы көзқарастар бойынша адамға білім, білік, дағдылар жүйесін меңгерту жеткілікті деп есептелінген болса, қазір ол жеткіліксіз. Себебі адам тек дайын білімдерді меңгерген болса, бірақ оны шығармашылықпен практикада қолдана алмаса, өзін-өзі жетілдіріп отыруға бейімделмеген болса, онда бұндай адам қоғам талабына жауап бере алмайды.

  • Сондықтан қазіргі білім беру саласында жаңа педагогикалық парадигма қалыптасуда. Білім беру жүйесі педагогикалық жаңашыл идеяларды енгізуге дайын, ашық салаға айналып келеді. Осыған байланысты білім беру парадигмасы да өзгереді: адамның еркіндігін шектейтін білім берудің қатаң жүйесінің орнына өзінің қызығушылықтарына, қабілеттеріне сәйкес жеке білім алу жолын (траекториясын) саналы түрде таңдай алатын адам парадигмасы дүниеге келді.
  • Білім беру саласындағы дағдарыстық жағдайлардан шығудың басты тетіктерінің бірі – педагогикалық парадигманың өзгеруін талап етіп отырған білім берудің нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы. Бұл бағыттардағы зерттеулердің барлығы өз алдына жеке-жеке педагогикалық теорияларға айналуда.
  • Білім берудегі жеке тұлғаға бағдарлану тұғыры (тұлғалық-бағдарлық бағыт) оқыту мен тәрбиелеуүдерісіндегі әр оқушы тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауды көздейді.
  • Педагогикалық сөздіктерде тәрбие барысындағы жеке тұлғаға бағдарлану тұғыры деп педагогтардың оқушыны тәрбиелік ықпалдың саналы, жауапты субъектісі ретінде қабылдайтын бірізді қатынасын атайды. Педагогика саласында бұл теория тәрбиенің субъект-субъектіліүдерісретінде анықталуына байланысты ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап қалыптаса бастады. Оның әр түрлі философиялық, психологиялық-педагогикалық қырларын Б.Г.Ананьев, А.Г.Асмолов, М.С.Каган, В.В.Сериков, И.С.Якиманская т.б. көптеген ғалымдар зерттеген.
  • Бұл теория бойынша педагог әрбір балаға объект ретінде емес, керісінше, оны белсенді позицияға қойып оқушы тұлғасын субъект ретінде қабылдауы қажет. Яғни әрбір баланың жеке дара тұлға екені ескеріліп, оның құндылығын басты мәселе ретінде қарастырған абзал.
  • Бұл идеяның негізгі мақсаты - балаға құрмет көрсете отырып оның өзін-өзі жеке тұлға ретінде сезінуіне жағдай жасау, өзіндік санасын, өзін-өзі іске асыра алу, өз күшіне деген сенімділікті арттыру сияқты әлеуетідамыту. Білім беру үдерісінің тұлғаны дамытуға бағ-дарлануы оқушылардың білімді меңгеру арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізе алатындығын басты назарға алады.
  • Барлық дамыған мемлекеттер білім беруге инвестиция жасаудың ұтымдылығын бағалай отырып,оның нәтижелілігін негізгі басымдық ретінде қарастыруда. Сондықтан білімнің практикалық құндылығын арттыру мақсатында оқушылар бойында қажетті сапаларды қалыптастыру үшін олардың функционалдық сауаттылығын дамыту қажеттілігі заман талабына айналды. Кең мағынадағы функционалдық сауаттылық білім беру үдерісінің адамдардың көп жоспарлы қызметімен байланысын кіріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Функционалдық сауаттылықтың маңыздылығы адамның қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасқа тез бейімделіп, өз білімдерін өмірлік тәжірибеде тиімді пайдалана алуында.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет