Білім беруде тұлғаға бағытталған (персонализация) үлгі-модель парадигмасы


Гуманистік (Феноменологиялық) парадигма



бет8/10
Дата26.02.2022
өлшемі1,94 Mb.
#133417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жоғары мектептің педагогикасы

Гуманистік (Феноменологиялық) парадигма


Басты назарда оқушының дамуы, оның жеке мұқтаждықтары, тұлғааралық қарым-қатынастар. Түйіні: ізгілікті амал, тұлғалық өсуге көмек беру, өмірге дайындығына назар аудару.
Бұл амалдың негізінде даму, өзіндік даму, өзін-өзі көрсету, шфғармашылық жатыр.
Даму – оқушының берілген тапсырманы шешуде белсенділік пен дербестіктің жоғары деңгейіне өтуі.
Выгодскийдің айтуынша, даму балаға берілетін көмек шамасымен анықталады. Выгодский бойынша, дамудың екі аймағы бар:
Өзекті даму аймағы, яғни БИД (білім, икем, дағды) меңгеріп, оны өздігінен пайдалану аймағы.
Жақын даму аймағы, яғни білім игеру үшін баланың ересектер көмегін пайдалану аймағы.
Сонымен бірге, жалпы даму (әмбебап қабілеттер), арнайы даму (салалық қабілеттер, дарындылық), мәдени даму салалары бар.
Дамудың ең жоғары деңгейі – өзіндік даму.
Бастысы: таным жолын әркімнің өздігінен табуы.
Ұраны: «Таным – күш!».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет