Тесттік бақылау. Тест сөзін ағылшын тілінен аударғанда «есеп, түйін, сұрақ» деген мағынаны береді. Оқушыға қойылатын тест сұрақтарының саны тексерілетін білімнің көлемін қамтитын және статистикалық заңдылықты қамтамасыз ететіндей мөлшерде шамамен 15 сұрақтан кем емес болуы қажет. Тест құруда мынадай принциптер орындалуы қажет:
Тест сұрақтарының саны статистикалық заңдылықта қамтамасыз етілетіндей болуы керек. Сұрақтар тексерілетін тақырыптың пәннің мазмұнын біркелкі қамтуы, қысқаша тұжырымдалуы тиіс. Әр сұраққа берілетін жауаптардың саны – 5 болуы керек. Дұрыс емес жауаптың формасы дұрысқа ұқсас болуы тиіс.
Тест сұрақтары біркелкі болу керек. Өте қиын, оңай сұрақтар мейлінше аз болу керек. Тесттің 1 сұрағы - 1 баллға бағаланады.
Мұғалімнің әртүрлі іс-әрекеттерімен оқушының бойына сіңірген білімі мен біліктілік дағдысын қалыптастыруда жүргізілген іс-шараларының нәтижесі оқушы білімін бақылап және бағалау нәтижесінде көрінеді. Білімді бағалау - берілген теориялық материалды меңгеру оны іс-жүзінде қолдана білу, қажетті жағдайда сызбаларын толық көрсете білу, оқушының өзіндік ой-пікірлері және ізденістері ескеріледі. Бағалану кезінде әрбір оқушының өзінің қабілеті ерекшеліктерімен және бейімділіктерімен де ерекшеленеді.
Бақылау сұрақтары:
АКТ дан білімді бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер?
Бағалау түрлері?
Тестік форма арқылы тексеру?
Тесттік бақылау?
Білімді бағалау?
Дәріс 7.
Тақырыбы: Әртүрлі тәсілдер негізінде бақылау мен есепке алудың, компьютерлік оқытудың әдістері мен жолдарының, мазмұнының құрылымдары сапасын бағалау
Мақсаты: Әртүрлі тәсілдер негізінде бақылау мен есепке алудың, компьютерлік
оқытудың әдістері мен жолдарының, мазмұнының құрылымдары сапасын бағалауды үйрену
Бақылаудың есептеу міндеті.
Бақылау- түзетушілік және диагностикалық міндеттер.
Бақылаудың оқытушылық міндеті.
Бағалау мен бақылаудың тәрбиелік міндеті.
Бақылаудың қорытындыларын бағалау мен талдау оқытудың жоспарланған нәтижелерімен оқушының қол жеткізген нәтижелерінің сапасын салыстыру болып табылмақ. Мұнда оқыту нәтижелері белгілерін дұрыс таңдаудың маңызы аса зор. Сондай – ақ, жауаптарды бағалау мен талдаудың тәсілдері де маңызды қызмет атқарады. Нақтырақ айтар болсақ талдаудың әділдігінің артуы жауаптарды әр элементтік талдаудың қолдануында жатыр.Бақылаудың барлық түрлерінде сияқты бұл ағымдық бақылауға да жалпы дидактикалық міндеттер тән. Мақсаттары мен әдістемелік құралдарына байланысты оқу процесінде тексеру бірнеше функцияларды орындауы мүмкін. Әдістеме мен дидактикада оқыту нәтижелерін тексерудің мынадай міндеттері бөлініп алынған: бейімділік, диагностикалық оқытушылық, тәрбиелік, себептік, дамытушылық, бақылаушылық, басқарушылық және басқалар. Кез келген тексеру бір сәтте бірнеше міндет атқаратындықтан олардың міндеттері бойынша тексерулерді бірыңғай бағалау тым күрделі. Алайда әр нақты жағдайда бақылаудың бір – екі басым бағыттарын бөліп алуға болады. Олар тексерудің құралдарымен және әдістерімен, мақсаттарымен ерекшеленеді.Оқыту нәтижелерін ағымдық тексерудің негізгі міндеттері, оның оқу процесіндегі ролін қарастыру. Осы бақылауға тән мақсаттар мен ерекшеліктер, оның маңызды міндеттері, мыналар болып табылады.
Бақылаудың есептеу міндеті.
Ол оқыту нәтижелерін жүйелі анықтау арқылы көрініс тауып, әр оқушыға қатысты үлгерімін оқыту жұмысындағы кемшіліктер мен жетістіктерді ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді.
Бақылау- түзетушілік және диагностикалық міндеттер.
Бұлар сыныптың дайындық деңгейін, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерін туындайтын тақырыптық түрлі сұрақтар арасында оқыту уақытын бөлу , оқыту әдістемесіне өзгерістер енгізу үшін «мұғалім-оқушы» орнына кері байланысын қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижелері оқытушыға оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді болдырмауға бағыттауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, оқытушы оқушылардың білімі мен дағдысын анықтайды. Олар өз кезегінде жаңа оқу материалдарын игеруге негіз болады. Тексеру оқушылардың білім нәтижелерінің жағдайын анықтап қана қоймай, білім мен біліктілігін, кемшіліктер мен қателіктерін ашып көрсетуге міндетті. Оның диагностикалық міндеті осыдан көрініс таппақ.
Дәл қазіргі кезде оқытуда бақылаудың осы міндеттерінің маңызы аса зор. Әзірге пәндер мен оларды жаңа технологиялар арқылы оқытудың әдістемесі қалыптасу кезеңінде тұрғанда аталмыш маңыздылықтың мәні арта түседі.
Бақылаудың оқытушылық міндеті.
Ағымдық бақылаудың аса маңызды міндеті оқушылар білімін тереңдетуге әсер етіп, негізгі қателіктерді көрсетеді. Оқытушы сыныптың назарын курстын маңызды дүниетанымдылық идеяларымен басты сауалдарға аударады. Бұл маңызды міндет сондай-ақ материалды бекітумен қайталау нәтижесінде оқушылардың біліктері мен дағдыларының, білімінің жағдайын тексеру процесі арқылы көрініс табады. Сынақтық тапсырмаларды орындау оқушылар білімін жүйелеп, кеңейте түседі. Өзін -өзі бағалау мен тексеру дағдыларын, оқу еңбегін тиімді пайдалануды қалыптастыруға жол ашады.
Бағалау мен бақылаудың тәрбиелік міндеті.
Ол оқушының одан ары оқу жұмысына өз білімін тереңдетуге ынталандырады. Оқытушы оқушының жұмысын бағалау арқылы оның дағдылары мен біліктерін, білімінің жағдайын анықтап қана қоймай, оқушыны оқу жұмыстарына бағыттап, қосымша себептер береді және танымдық әрекетке деген қажеттілігін дамытады.
Ағымдық бақылау оқу процесіне тікелей енгізіліп, негізінен оқу дайындығындағы олқылықтарды анықтап, оны жоюға бағыттайды. Оқушының білімін тереңдету мен байытуға қызмет етеді. Осы бақылау оқу материалының шағын бөлігін оқытумен бейнеленеді және тәртіп бойынша әр сабақта орындалады. Ағымдық бақылаудың нәтижесі бойынша мұғалім оқушылар келесі оқу материалын толыққанды игеруге дайын ба деген мәселені шешуге тиісті.
Ағымдық тексерулердің тәрбиелік маңызы оқушыларды тәртіпке үйрету сынып және үй жұмыстарына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, жүйелі еңбекке үйретуі, білімдер мен біліктерді игеруге, өз бетімен жұмыс дағдыларын қалыптастыруға көмектесуі арқылы көрініс табады. Сонымен бірге ағымдық тексеруде оның оқушыларға психологиялық әсерін де ескеру қажет. Дұрыс қойылған жағдайда ол оқушыларды тікелей сабақта оқу еңбегіне дұрыс қарым - қатынасқа ынталандырады. Оқу нәтижелерін бағалаудың да үлкен тәрбиелік маңызы бар. Оны дұрыс қолдану арқылы мұғалім оқушының өз білімдері мен біліктерін жетілдіруге, еңбек сүйгіштігін дамытуға, өз бетінше және шыншыл ойлауына, өз еңбегін өзі бағалауға және дұрыс бағалауға тұжырымдарын жасауға тұрақты түрде ынталануына қол жеткізеді. Ағымдық бақылаудың өзіндік ерекшелігі тарау немесе тақырыпты оқытудың барлық кезеңдерінде өткізілуі болып табылады: Оқу материалымен танысу, білімдер мен біліктерді қалыптастыру мен дамыту оларды бекіту мен тереңдету. Бұдан шығатын қорытынды төмендегідей, ағымдық бақылау процесі барысында оқушылардан оқу материалын игерудің нақты кезеңімен қарастырылатын танымдық деңгейдегі білім ғана талап етіледі. Білім мен білік әлі қалыптаспаған кезде оқу дайындығына талапты күшейту- оқыту нәтижелерін жөнсіз бағалаудың басты себептерінің бірі.
Бақылау оқушылардың білімдерін анықтау, бекіту және бағалау, яғни оқу процесіне қажетті түзетулерді енгізу және оның мазмұны, әдістері, тәсілдері мен ұйымдастырылу формаларын жетілдіру мақсатымен, оқу материалының қабылдану деңгейін, сапасын, және көлемін анықтау, оқытудағы жетістіктерді, білімдегі қалыс қалған жерлерді, жеке оқушылардың және бүкіл сыныптың дағды мен біліктері жайлы мәлімет алу болып табылады. Бақылаудың негізгі мақсаты - оқушылардың алған білімдерінің дұрыстығы, көлемі және нақтылығы деңгейін анықтау, танымдық әрекет сипаты, оқу процесіндегі оқушылардың өз бетінше жұмыс істей алу қабілеті, белсенділігі жайлы мәлімет алу, оларды оқытудың әдістері, тәсілдері мен формаларының тиімділігін анықтау болып табылады.
Оқушылардың оқу – танымдық әрекетіне басшылық функциясын орындай отырып, бақылау әрқашан баға қоюмен қатар келмейді. Ол оқушылардың жаңа материалды қабылдауға дайындық әдісі, оқушылардың білімді, дағды мен біліктерді қабылдауға дайындығын анықтау, оларды жалпылау және жүйелеу құралы ретінде қолданыла алады. Бақылау маңызды білім берушілік және дамытушылық мәнге ие.
Бақылаудың педагогикалық функциялары оқушылар жұмыстарындағы кемшіліктерді, олардын сипаты мен себептерін сол кемшіліктерді жою мақсатымен анықтау болып табылады. Мұғалімге оқушылардың оқушылардың білімді қабылдауы жайлы ақпаратпен қатар, олар қандай жолмен табылғаны жайлы ақпарат алу маңызды.
Бақылау сонымен қатар оқу процесінде үлкен тәрбиелеушілік роль атқарады. Ол орындалған жұмыс үшін оқушылармен қатар, мұғалімдердің де жауапкершілігінің артуына себепші болады. Оқушыларды жүйелі еңбек етуге және оқу тапсырмаларын ұқыпты орындауға үйретеді.
Жалпы, білімді тексеру оқушылардың білімдерін бекіту, нақтылау, түйіндеу және жүйелеу формасы болып табылады .
Білімді тексеру оқушылардың оқу әрекетін педагогикалық бақылаудың формасы болып табылады
Баға - бұл мұғалімнің оқу бағдарламасымен талап етілетін білімдерді, дағды мен біліктерді оқушылармен қабылдану деңгейін анықтау және баллмен, және сонымен қатар, бағалау жағдайларымен өрнектеу. Баға мұғалімнің оқыту әрекетін басқаруда үлкен мәнге ие болуымен қатар, ол оқу процесінің өзін жетілдіру және оқушыларды жан жақты тәрбиелеу мақсатына қызмет етуге тиісті.
Баға бұл оқушының оқу процесі барысында қол жеткізкен нәтижелерінің сапасын анықтау.
Оқушының үлгерімін бағалау ретінде оқушының білімдері мен біліктерін сипаттайтын белгілі бір көрсеткіштер жиыны түсініледі.
Педагогикалық энциклопедияда баға оқушылардың білімдерді, дағды мен біліктерді оқу бағдарламасы талаптарына сай қабылдау деңгейлерін анықтау ретінде қарастырылады.
Баға оқушылардың білім мен дағдыны қалыптастыру көлемін, деңгейін және сапасын есепке алады. Белгілі пән бойынша білім көлемі бұл - берілген ғылым негізінде жатқан және оқу бағдарламасымен берілген басты ұғымдар, заңдар мен заңдылықтар, идеялар мен теориялар жиынтығы. Басты теориялық білімдер көлемін игеру оқушыда белгілі мақсатқа бағытталған әрекеттердің қалыптасуына негіз болады: не алған мәліметтерді, ұқсастық бойынша, ұқсас жағдайларда жүзеге асыру, не алған білімдерді стандартты емес жағдайларда, күрделі ой есептерін шешуге бағыттау.
Әдістердің қайсысы қолданылса да, бүгінгі мектептегі оқу үрдісінде маңызды мәселенің бірі оқушылардың қалай түсінетіндіктерін анықтап тұру қажет болады. Ол жаңа тақырыпқа дер кезінде көшіп отыру үшін өте маңызды. Оның мақсаты адамды тәрбиелеу және оқыту. Мектептегі бақылау мен есептің ерекшелігі, оның әдісі және ұйымдастыру негізі осымен анықталады. Тексерудің барысында оқушылардың материалды меңгеру дәрежесін сипаттайтын баға қойылады. Сол бағаны мұғалім талдай отырып тек оқушыны ғана емес, өзі оқытып жүрген материалды меңгеруде оқушы жіберген қателіктерден қорытынды жасайды, өз қызметіне кейбір өзгерістер енгізеді, жаңа әдістер, тәсілдер іздейді.
Сондықтан тексеру мен бағалаудың әділдігі едәуір дәрежеде бүкіл оқыту үрдісінің табысты жүргізілуіне әсерін тигізеді. Білімді тексеру және баға қою әдісін меңгеру жас мұғалімдер үшін өте маңызды және қиын міндеттердің бірі болып табылады. Оқушыны бағалау оның қабілетсіздігін, жарамсыздығын дәлелдеп беру, емес бағалау арқылы оның неге көңіл аударуын, оқытудың жоғары сапалығы мен қабылдаудың ынталылығын, білімді беру мен сіңудің сапасын көтеру.
Оқушының үлгеруін есепке алу - көпқырлы құбылыс. Солардың ішінде ең кемі төрт функциясын айтуға болады: бақылау, оқыту, дамыту және ұйымдастыру.
Бірінші, өзіндік ерекшелігі бар оқушылардың үлгерімін есепке алудың міндеті бақылау барысында іске асады. Бұл алдындағы міндет ретінде орындалады. Оның табысты болуы мұғалім мен оқушының бірлігі мен ынтымағына байланысты: мұғалімнен оқушыға, қайта мұғалімге(«қайтарым» оқу материалын игеру дәрежесіне байланысты.)
Бақылау арқылы мұғалім өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін анықтайды. Осы күнделікті, әр кездегі бақылаудың нәтижесінде оқытушы жоғарғы нәтижеге жетуді көздейді.
Екінші оқытушылық функциясы - оқушының оқуына ықпал жасау. Үлгерімді есепке алудың оқытушылық функциясының екіжақтылық сипаты арқылы. Тәрбиелік жағынан оқушының оқуын есепке алу білімге деген көзқарасын, білімді саналы, ұжымда сергек адамгершілік қатынас, ой, пиғыл, жақсы дәстүр қалыптастыруы тиіс. «Білім алуға бар күш –жігерімізді аямаймыз», «Бізде сыбырлап айту болмайды» т.б.
Оқытушылық функциясында көп жағдайда оның табысты болуы оқуға оқушының өзінің жағымды қатынаста болуына байланысты. Білімін есепке алудың оқушының моральдық, адамгершілік ерік-жігері, интеллектілік күш –қуаты жеке баснының қасиеттері қалыптасады. Олай болса мұғалім оқушының білімді саналы қабылдауына, жауапкершілікпен қарауға, сынып ұжымын білім алуға ынтымақтығын, бірлігін ұйымдастырып, білім дәрежесін көтереді.
Үшіншіден дамытушылық функциясы жоғарыда айтылғандардың жағымды әсерінен пайда болады. Оқудың барысын есепке алу оқушының рухани және күш қуатының дамуына, есінің, ақыл –ойының және тілінің дамуына бүкіл дене мүшелерінің қабілетінің дамуына мүмкіншілік береді.
Төртіншіден үлгерімді есепке алу оқушылардың тәртібін ұйымдастыруға ықпал жасап, дұрыс бағыт сілтейді, оқуға деген қатынасты жақсартып, бірін – бірі түсінуге жетіседі, ұйымдастыру функциясының оқуды есепке алудағы негізгі оқушылардың өз бетімен күн режимін түсініп, уақытты дұрыс пайдалану, бірізділік, әр тапсырманы орындау, кітап оқу, т.б. мәселелерді дұрыс түсінуі.
Дұрыс есепке алуды шешуді ұйымдастыру табысқа жетудің кілті.
Оқушының білімін есепке алудың табысты болуы төмендегі шарттарды орындауға да көпшілік жағдайда тәуелді болады.
Бірінші орынға есепке алудың әржақтылығы тұрады. Ол оқушылардың толық білім алуына, дағдыларын, іскерлігін, толық қамтуға мүмкіншілік береді. Қазақстанның бүгінгі білім беріп жатқан мектептерінде ол тереңдігімен, оны жеткізудің түрлерімен: нақтылық, образдылық, тіл, мәдениеті және еңбектену, бүгінгі күннің талабына сәйкестігімен, тұрақтылығымен т.б. ерекшеленуі тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білімді есепке алуда, әр пәннің өзіндік ерекшелігін есепке алу қажет. Мысалы географиядан картаны білу, онымен жұмыс істеуді есепке алумен ерекшеленеді. Әрине, бұл жеке пән әдістемесінің әрекеті.
Екінші шарты - есепке алудың үздіксіздігі. Ол есепке алудың жана жақтылығын қамтамасыз етеді, өйткені ол анда- санда емес, үзіліссіз әркез, бірізділікпен бүкіл оқу – тәрбие жұмысының барысында сабақтың мазмұнына және әдістемесіне жоғары талап қоюға жоғары мүмкіншілік береді. Ол есепке алудың сапасына білімді игеру тетігі ретінде, күш беріп, оқу – тәрбие жұмысында іскерлікті, жеке бастың сапалық жағын қамтамасыз етуге белсенді қатынасуға мүмкіншілік береді.
Үшінші шарты - есепке алуды жекелендіру. Өйткені мұғалім есепке алуды әр оқушының өзіндік ерекшелігін есепке алу , бір бірінен ажырату, жеке жұмыс істеу, оның табысы мен кейбір кемшілігін көріп өсуіне басшылық жасау үшін жүргізіледі. Бұл шарт жұмыс істеу үшін әр оқушыға есепке алуды түсініп, сыйлап, бағалауға ынталық білдіруі керек. Алғашқы үш шарт міндетті түрде, төртінші - әділеттікті талап етеді.
Есепке алудың жариялылығы тәрбиеге қатысты болады. Оқушыға бағаның өлшемін білу, не үшін қойылғанын түсіну қажет. Оның дағдысын, іскерлігін, білімін, дүниетанымын, пәнді меңгеруін тиянақтап, дамытуға жол сілтейді.
Есептің нақтылығы, әрекеттілігі - бұл шарттың әрекеттілігі есеп жүйесінде - белгілі нәтиже беретіндігіне, сол үшін де есеп жүйесі жасалады.
Есепке алудың бізге белгілі төрт түрі бар. Алдын ала есепке алу және материалды бөлімді белгілі курста бастар алдында мұғалім оқушылардың білімін, дағдысын, іскерлігін, анықтап алу үшін жүргізеді. Сыныптан жеке оқушының білімін алдын ала тексеру мұғалімге жұмысын дұрыс жоспарлауға, оқушылардың білетіндерімен ұштастыруға мүмкіншілік береді. Ал оқушыға білгендерін жаңа материалды қабылдауға жетістіреді, тәжірибе жинақтайды. Ол үшін мұғалім алдын ала олардың жұмыстарымен танысады, әңгімелеседі, ата – аналармен кеңеседі, сол сыныпқа сабақ бертін басқа мұғалімдердің сабағына қатынасады, оның пайдасы бірігіп жұмыс істеуге мүмкіншілік береді.
Күнбе – күнгі есепке алу - мұғалім тарапынан күнделікті жүргізіледі. Ол оқушылардың күн сайын сабаққа әзірленуіне, сергектікке тәрбиелесе, мұғалім өз жұмысына талаппен қарауға, өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Күнделікті есепке алу бақылау жұмысында жыл бойы үздіксіз жүргізіледі. Оның маңыздылығы оқушылардың ынтасын көтеріп, білімге деген ниетін, қажеттілігін туғызады. Әрине, ол мұғалім үшін өте қиын жұмыс, бірақ өте қажет жұмыс болып саналады. Күнделікті бақылау негізгі есепке алу , оқушылардың оқуға, білім алуға жауапкершілігін қамтамасыз ететін, үнемі оларды еңбек етуге жетелейтін құрал.
Оқытудың нәтижесін тексеру оқыту үрдісінің негізгі компоненті болып табылады. Тексеру нәтижесінде оқушылардың материалды меңгеру нәтижесін сипаттайтын баға қойылады.
Оқушылардың оқу үлгерімн есепке алу – көпқырлы құбылыс. Бақылау оқыту үрдісінің бір бөлігі болғандықтан білімдарлық, тәрбиешілік, дамытушылық, функциялар атқарады, бірақ бақылаудың негізгі фунциясы – диагностикалық. Дидактикаға белгілі мынадай бақылау түрлері бар: күнделікті, мерзімді, қорытынды. Күнделікті бақылаудың маңыздылығы оқушылардың ынтасын көтеріп, білімге деген ниетін, қажеттілігін туғызады, үнемі еңбек етуге жетелейді. Мерзімді бақылау әр тоқсанның сонында үлкен бағдарламаның тараулары өткенде жүргізіледі, онда күнделікті бақылау да есепке алынады.
Бақылау әдісі дегеніміз – мұғалім мен оқушылардың жүйелі түрде жүргізілетін өзара байланысты диагностикалық іс -әрекеті, соның нәтижесінде оқу үрдісінде кері байлнысты қамтамасыз етеді. Қазіргі дидактикада бақылаудың мына әдістерін атауға болады: ауызша бақылау, жазбаша бақылау, практикалық бақылау әдісі, дидактикалық тесттер т.б.
Ауызша бақылау әдістері - әңгімелесу, оқушының әңгімесі, түсіндіру, мәтінді оқу, технологиялық картаны, схеманы оқу, тәжірибе туралы айту. Ауызша бақылауды оқушының монологиялық жауабын құрайды. Сабақта күнделікті ауызша бақылау жүргізіледі. Тәжірибелі мұғалімдер әртүрлі сұрау сабағын жүргізеді.
Дидактикалық тесттер оқыту нәтижесін тексеруде жаңа әдістердің бірі болып саналады. Дидактикалық тест дегеніміз оқушылардың білім дәрежесін меңгеретін белгілі материал бойынша стандартты тапсырманың жиынтығы.Ең алғашқы тесттер 21 ғасырдың аяғында пайда болды. Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер 20 ғасырда тестіні кеңінен пайдаланған. Тест мына талаптарға сай болуы керек: объективті, сенімді, белгілі өлшемді қамтамасыз ету. Сенімді дегеніміз тестті бірнеше рет қайталағанда көрсеткіші бір нәтижені береді. Белгілі нәтижені қамтамасыз ету дегеніміз тестті жасаған адам белгілі бір қабылдау деңгейін анықтайды. Тесттің бірнеше түрлері бар.
Оқушылар білімін тексеру мен дұрыс бағалау - жауапты міндет. Егер тексеру мен бағалау бір жүйеге келтірілмей, қалай болса солай жүргізіліп, оның сұрақтары кездейсоқ алынса , онда тыңдаушылардың іс -әрекеттері тиянақты білім алуға бағытталмай, берекесіздік пайда болады. Әрбір тақырыпты өткенде оқушыларға соған қатысты қандай материалды біліп, қандай сұрақтарға жауап бере алуы қажет екені алдын ала таныстырылуы қажет.
Сонымен дұрыс ұйымдастырылған тексеру мен бағалау оқушылар біліміндегі кемшіліктерді дер кезінде байқап, оны жоюға, келешектегі істелетін жұмыстарды сыныппен немесе жеке оқушылармен, әлде белгілі бір оқушылар тобымен ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ сабақтың жоспарына негіз болып, неге баса назар аудару қажеттігін анықтауға, сөйтіп, бүкіл оқу – тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Бақылау сұрақтары:
Бақылау деген не ?
Бақылаудың түрлері?
Ауызша бақылау әдісі?
Бақылаудың шарттар?
Бақылауға тән мақсаттар мен ерекшеліктер, оның маңызды міндеттерін атаңыз?
Дәріс8.
Тақырыбы: Электрондық және виртуалдық кітапханалар және каталогтар. Электрондық оқулықтар мен қашықтық курстар. Виртуалдық мектептер.
Мақсаты: Электрондық және виртуалдық кітапханалар және каталогтар жайлы түсінік беру
Электрондық оқулықтар
Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты
Виртуалды шындық
Қашықтан оқытудың негізі
Қашықтан білім берудің сипаттамалары
Қашықтан оқыту әдістері.
Қашықтан оқыту құралдары
Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды енгізу. Өйткені, бүгінгі таңдағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқулықтардың атқаратын рөлі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдар графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.
Электрондық оқулықтар – ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың тұжырымдық негізі модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады.
Электрондық оқулық - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияларға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
- кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді;
- жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электрондық оқулық қажетті оқулықты тез мүмкіндік береді;
- гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Ең бастысы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:
- белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
- электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест, материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
- электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын, яғни, берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру;
- белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.
Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жақ тік төменгі көлденеңінен жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға–солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді. Сондай-ақ кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика, химия, биология секілді пәндерге қатысты үрдістерді анимациялап көрсету, тіпті кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін MPEG, AVI типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік әдістемелік деңгейін арттырады.
Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процессін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы принципті басшылыққа ала отырып, қазіргі заман талабына сай сабақтарда жүйелік бағдарламаны пайдаланып, оқу бағдарламасын да электрондық оқулық негізінде құрған өте тиімді. Әр сабақтарға арналған бейне көрініс электронды оқулықтарда бар. Бұл электрондық оқулықтарды пайдаланып сабақ өткізу өте тиімді, мұғалім көп ізденбей дайын сабақтарды өз жұмысында пайдалануға толық мүмкіншілігі бар. Әсіресе, логика, алгоритм, интернетке шығу, WEB сайт құру.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтардың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруіне зор ықпал етеді. Себебі, көптеген электронды оқулықтарда оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырып бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жай түрде көрсетуге пайдалы. Электронды оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіндік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет элементі – аудио хабарлар.
Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды сабақта пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін электронды оқулықтарды тиімді пайдаланып отырсақ білім берудегі еңбегіміз жақсы нәтижеге жетер еді.
Электрондық оқулықтың мазмұндық бөлігі гипермәтін арқылы жүзеге асырылады. Бұл мәліметтер жиынтығы ретінде ақпараттық–оқу ортасы болып саналады. Ол білім беру міндетті білім деңгейі талаптарына сай электронды оқулықты жасаушы автордың көзқарасымен іріктеледі. Гипермәтіндер сол пән саласы бойынша бейне материалдармен толықтырылады.
Электрондық оқулықтың операциялық бөлігі интерактивті режимдегі тапсырмаларды орындауға негізделген. Бұл әдістің жүзеге асуы, негізінен, оқыту әдістемесіндегі педагогикалық мәселенің дайындалу деңгейіне және сонымен қатар қашықтықтан оқыту әдістемесіне байланысты.
Электрондық оқулықтың бағалық - нәтижелік бөлігі тесттер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісінде кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.
Электрондық оқулықтар пән саласындағы жетекші мамандар, педагогдидактика - әдіскерлер және программист – дизайнер – операторлардың бірігуімен оқу бағдарламасына сәйкес жасалынады, олар қарым-қатынас арқылы білім бағдарламасының мазмұнын анықтайды. Алайда, берілген бағдарлама оқыту әдісінің позициясын жағынан негізі психологиялық–педагогикалық және әдістемелік талаптарға жауап беретіндей болуы керек.
Электрондық оқулықтар – оқытудың автоматтандырылған процесі болып табылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен немесе өздігінен модульдермен, гипермәтіндермен, тапсырмалармен, тестілермен таныса алады.
1-сурет. Электрондық оқулықтың құрылымы
Мұндай мәтіндік және компьютерлік деп бөлінетін екі дидактикалық бөліктен тұратын электрондық оқулықтарды оқу процесінде пайдаланудың моделін 2-суреттегідей бейнелеуге болады, ал бастауыш мектепте мұның алғашқы қадамдары ғана қалана бастайды. Мәселен, оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі мүмкін емес, оған мұғалімнің басшылығы өте қажет. Сондықтан бұл модельге түбегейлі болмағанмен өзгерістер енгізеді.
Бұл модельге сәйкес оқу материалының мазмұны электрондық оқулықтағы модульдер көмегімен беріледі. Оқу материалы компьютерлік жаттықтырғыштар, тапсырмалар арқылы сабақта бекітіледі. Электрондық оқулықтарда компьютерлік жабдықтары әдістемелік нұсқауларымен енгізіледі. Электрондық оқулықтармен жұмыс оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, оқу материалын тереңірек білуге талпындырады, таным белсенділігін күшейтеді, сонымен қатар оқу процесін қарқындандырады.
2-сурет. Электрондық оқулықты пайдалануға негізделген оқытудағы ақпараттық технологияның моделі.
«Электрондық оқулықтар жасаудың педагогикалық техникалық құрылымы оқыту үрдісінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланысты төрт бөліктен тұрады» - деп көрсетеді Г.Қ.Нұрғалиева өз еңбегінде.
Электрондық оқулық материалдарын оқу процесінде жаңа материалды оқу (танымдық іс-әрекет, аналитикалық талдау); оқушылардың ізденіс жұмыстары (тапсырма бойынша жеке көзқарасты компьютерде бейнелеу, белгілі бір сұрақ төңірегінде ізденіс жүргізу, тақырып бойынша материалдарды жүйелеу, жинақталған компьютерлік материалдарды өңдеу); аралас сабақ (оқып-үйрену, қайталау, жалпылау); өз бетімен оқу (ақпарат блоктары арасындағы қатынас бойынша жаттығу, жеке дара шығармашылық жобалармен айналысу); білім тексеру (логикалық тапсырмаларды, тестілерді пайдалану); қайталау (оқу материалдарын, тапсырмаларды қайталау) үшін пайдалануға болады.
Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты – оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық–ізденіс қабілетін дамыту.
Білім берудің кез келген саласында, соның ішінде гуманитарлық оқытылатын пәндерге «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады.
Жалпы орта білім саласына ене бастаған қазіргі мультимедиалық құралдардың бірі «виртуалды шындық» деп аталатын технологияға негізделген модельдеудің әр түрлі құралдары болып табылады.
«Виртуалды шындық» нағыз бар немесе ойдан құрастырылған нысандарға немесе процесстердің электрондық модельдері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |