Білім алуында ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға кіріктіру
мен еңбек қабілеттілігінің
шектеушілігін Н.Н.Малофеев интеграцияның «қалыпты жағдайға ұмтылу»
концепциясына
негіздеген және оның негізгі ой түйіні - мүмкіндігі шектеулі баланың
өмірі мен тұрмыстық
жағдайы қоғамның өмір сүру стилі мен жағдайына жақын болуына негізделген.
Н.Н.Малофеевтің жоғары да айтқан мәселелеріне қарай қорытынды жасауға болады:
1. Білім алуында ерекше қажеттілігі бар
бала барлығына тән – дамуын
ынталандыратын жағдайлар мен
сүйіспеншілікке бөленуді талап ете алады;
2. Бала қалыпты деңгейде өмір
сүретін қоғамдық өмірге жақын
болуы қажет;
3. Баланың тиімді дамуында үй ең
қолайлы орта болып табылады.
Сондықтан да жергілікті өкімет білім
алуында ерекше қажеттілігі бар баланың
отбасында болуына қажетті
жағдайлармен қамтамасыз етеді;
4. Барлық бала білім алады, демек
дамуындағы ауытқушылықтың
деңгейіне қарамастан, білім алуға
мүмкіндік беріледі.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру жолында үкіметтердің
көптеген проблемаларына қарамастан, прогресс көптеген
аймақтардағы білім беруді қаржыландыруды
орталықсыздандырудан кейін пайда болды.
Көбінесе мәселе ресурстардың деңгейі емес, қаражат қалай
бөлінеді деген сұрақтар негізінде пайда болып жатады.
Білім беруді қаржыландырудың орталықтандырылған саясаты
мен тәсілдері инклюзивті білім беруді жүзеге асыруды қолдау
үшін қаржыландыру реформасын енгізуге негізгі кедергі
болып қала береді.
Достарыңызбен бөлісу: