көшбасшылықтың авторитарлық стилі – қатаңдығымен, талапшылдығымен, бір өзі басқаруымен, қатаң бақылауы және тәртібімен, нәтижеге бағытталғандығымен, әлеуметтік-психологиялық факторларды ескермейтіндігімен сипатталады;
көшбасшылықтың демократиялық стилі – алқалық сенімге, бағынушылардың хабардарлығына, бастамашылдығына, шығармашылығына, өзіндік тәртіпке, саналылыққа, жауапкершілікке, мадақтауға, жариялылыққа, нәтижеге ғана емес, оған жетудің тәсілдеріне бағдарлануына сүйенеді;
көшбасшылықтың либералдық стилі – төмен талапшылдығымен, салғырттығымен, тәртіп пен талаптың жоқтығымен, басшының қарамағындағыларға еркіндік беруімен айрықшаланады.
К. Левиннің зерттеуі еңбектің жоғары өнімділігі жеткізетін басқару стилін іздеуге негіз болды.
Р. Лайкерттің еңбектерінде 1961 ж. басқару стилінің континумын ұсынған басқарудың стилін зерттеуге көп назар аударды. Оның позициялары басқару, жұмысқа жұмылу, адамға бағытталу, басқа көшбасшылық мінез-құлық типтері болып табылады.
Лайкерттің теориясына сәйкес, басқарудың төрт стилін бөледі:
Достарыңызбен бөлісу: |