Жағдаяттық тәсілде (1960-шы жж. басы) көшбасшылық тиімді болу үшін, шешуші рольді жағдаяттық факторлар алатынын белгіледі, сонымен бірге тұлғалық және мінез-құлықтық сипаттардың маңызы да терістелмеді. Жағдаяттық модельдердің көпшілігінің негізіне басқару жағдаятының табиғатын және оның негізгі факторларын анықтап талдау нәтижесінде анықталатын басқару стилін таңдау жатады. Жағдаяттық тәсілдің алғашқы теорияларының бірі Ф. Фидлердің басшылық моделі болды, онда жағдайға назар шоғырландырылды және басшының мінез-құлқына ықпал ететін үш фактор бөлінді:
басшы мен қарамағындағылардың өзара қатынасы (сенім мен құрметтің деңгейі);
міндеттер құрылымы (еңбек регламенті);
басшының билігі (қызметтік тапсырманың көлемі).
Фидлердің теориясы тиімді басшылықты қамтамасыз етуге байланысты екі маңызды фактіні жасады:
жағымды және жағымсыз жағдайда топтың жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін міндеттерді орындауға бағдарланған басшы. Аралық жағдайда топтың жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін қатынасқа бағдарланған басшы;