басшылықтың демократиялық стилі – толық сенім білдірумен сипатталады, ұйымды басқаруға көптеген қызметкерлерді тартуға негізделген. Шешім қабылдау процесі барлық деңгейде орын алған, кіріктірілген. Қарым-қатынас жасау ағыны вертикальды бағытта ғана емес, горизонтальды бағытта да жүргізіледі. Формальды және формальды емес ұйымдар конструктивті өзара әрекет етеді.
Р.Лайкерт бірінші модельдегі басқару жүйесін қатаң құрылымдалған міндетке бағдарланған деп атады. Ал төртінші модельді өзара қатынасқа бағдарланған деп, оның негізіне еңбекті топтық түрде ұйымдастыру, алқалық басқару, тапсырмаларды бөліп беру және жалпы бақылау жататынын атап көрсетті. Р.Лайкерттің пікірінше, соңғы тәсіл ең тиімді болып табылады.
Көшбасшының екі мүмкін болатын мінез-құлқы айрықшаланған:
Адами қатынасқа бағдарланған мінез-құлық (қызметкерлердің қажеттіліктерін құрметтеу, қызметкерлерді дамытуға қамқорлық таныту);
Қандай бағамен болса да, өндірістік міндетті орындауға бағдарланған мінезқұлық (қарамағындағылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескермеу, қызметкерлерді дамытудың қажеттілігіне назар аудармау).
Жалпы айтқанда, көшбасшылықтың мінез-құлықтық теориясы тиімді мінезқұлық формаларын үйрену сұрақтарына назар аударуды күшейтуге септігін тигізді.
Ұйымның міндеті тек қызметкерлерді іріктеуде тиімді көшбасшыны тану ғана емес, сонымен бірге адамдарды табысты басқарудың дағдыларына үйрету екені анықталды. Мінез-құлықтық тәсіл басшылықтың стилін классификациялауға арналған негізді қалады, дегенмен 1960-шы жж. басында бұл шектеулі деп қарастырылды. Өйткені қандай да бір жағдаятта, басқару іс-әрекетінің тиімділігін анықтайтын бірнеше басқа маңызды факторлар ескерілмеді.
Достарыңызбен бөлісу: |