Білім берудегі менеджмент



бет18/41
Дата18.10.2022
өлшемі276,86 Kb.
#153595
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
Менеджмент Арай

Бақылау сұрақтары:

      1. Білім беру реформалары басқаруға қалай ықпал етеді?

      2. Мектепті басқару мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?

      3. Басқару қызметінің мақсаты неде?

      4. Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары қандай?



Тақырып 11. Педагогикалық ұжым басқарудың обьектісі мен субьектісі ретінде
Жоспар

  1. Педагогикалық ұжым басқару обьектісі ретінде

  2. Ұжымды басқару кезіндегі қарым-қатынас

  3. Мектеп ұжымының бағдарламалық іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері

Негізгі түсініктер: Педагогикалық ұжым, ұжымды басқару, адами ресурстар, басқару элементі, бағдарламалық іс-әрекет

Басқарудың субьектісі ретінде педагогикалық ұжым туралы орыс педагогтары Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Н.И.Пироговтардың еңбектерінде жазылған. Олар оқушылар мен мұғалімдердің бірлесіп жұмыс істеу туралы жазады.


Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалы туралы ХХ ғ. 20-30 жылдары Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде кездеседі.
Соңғы жылдары педагогикалық ұжымның дамуы мен қызметінің ішкі механизмін ашуға арналған Н.С.Дежиннова, Л.И.Новикова, т.б. еңбектері жарияланды.
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік және кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық және кәсіптік сипаттар тән.
Педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшеліктері бар. Оның басты ерекшелігі оның кәсіптік қызметіне байланысты, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу. Педагогикалық ұжымның кәсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің педагогикалық мәдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, ұжымдық және дербес жауапкершілікті сезінуімен, ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейімен анықталады.
Мұғалімдер ұжымының педагогикалық қызметі оқушылар ұжымымен өзара тығыз қарым-қатынаста дамиды. Сондықтан педагогикалық міндетті шешу оқушылар ұжымының тәрбиелік мүмкіндігі қай деңгейде екеніне тәуелді. Басқару ілімінің категориясы ретінде педагогикалық ұжым басқарушы, ал оқушылар ұжымы басқарылушы болады. Ал қазіргі кезде әрекет пен қатынастың субьектісі ретінде жеке тұлғаға баса назар аударылған жағдайда педагогикалық және оқушылар ұжымы басқарудың да, өзін-өзі дамытудың да субьектісі болып отыр.
Педагогикалық ұжымның тағы бір ерекшелігі мұғалімдік қызметтің көп қырлылығы. Қазіргі мұғалім әрі пән мұғалімі, әрі сынып жетекшісі, үйірме, студия жетекшісі, қоғамдық жұмыстарды атқарушы. Бұндай көпқырлылық барлық педагогикалық ұжымдарға тән. Өзінің кәсіптік міндеттерін шешуде педагогикалық ұжым мектеп шегінен шығып кетеді. Қоршаған әлеуметтік ортаны педагогикаландыру, яғни ата-аналар мен жұртшылықтың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру тұтастай педагогикалық ұжымның қызметі.
Көптеген мұғалімдердің педагогикалық әрекетіне зерттеушілік қызмет тән. Қазіргі мұғалім-зерттеуші педагогикалық жаңалықтың жетістігі мен кемшілігін тез аңғаратын, жаңа құндылықтар мен технологияларға баға беріп, игеріп және практикада қолдануға қабілетті педагог.
Педагогикалық ұжымның тағы бір ерекшелігі оның жоғары деңгейде өзін-өзі басқаруында. Ұжымдағы мектеп кеңесі, әдістемелік комиссиялар, қоғамдық ұйымдарға қатардағы мұғалімдердің сайлану арқылы өкілеттік алуы ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып, дербестік пен белсенділікті дамытады.
Педагогикалық ұжымның келесі бір ерекшелігі оның қызметінің ұжымдық сипаты мен нәтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі. Егер жекелеген мұғалімдердің іс-әрекетін өзге мұғалімдердің іс-әрекетімен сәйкестендірмесе, оқушылардың білімін бағалауда, мектеп жұмысын ұйымдастыруды табысқа жету мүмкін болмас еді. Балаға деген махаббат, оны оқытуға деген ынта, оқушы тұлғасына деген құрмет, педагогикалық шығармашылық, оптимизм, жалпы және кәсіптік мәдениет мұғалімдердің іс-әрекетінің біртұтастығының материалдық негізін құрайды.
Педагогикалық ұжым өмірінің ерекшеліктерінің қатарына мұғалімдердің жұмысбастылығын жатқызуға болады. Педагогикалық еңбекті атқаруға шамадан тыс көп уақыт жұмсауына байланысты мұғалімдер өздерінің кәсіптік деңгейін жоғарылатуға уақыт таба алмайды. Материалдық жағдайының төмендеуіне байланысты, соңғы жылдары мұғалімдердің баспасөзге жазылуы, түрлі әдебиеттерді сатып алуы, кино, театр, мұражай, көрмелерге барулары да төмендеді.
Педагогикалық ұжымның өзіне тән ерекшеліктерінің бірі оның құрамында ер адамдардан гөрі әйелдердің басым болуы. Бұл өзара қарым-қатынасқа да әсер етеді. Ер адамдар басым басқа ұжымдарға қарағанда әйелдер ұжымы тез әсерленгіш, барынша дау-жанжалға бейім, көңіл-күйі де тез алмасады. Алайда әйелдер жаратылысынан тәрбие ісіне бейім, педагогикалық ықпал жасаудың әдіс-тәсілдерін таңдауда барынша икемді. Педагогикалық ұжымда әйелдердің басым болуы жаңа проблема емес. Алайда бұл проблеманы шешудің түрлі жолдарын қарастыруға болады. Өндірістік ұжым, ата-аналар арасынан ер адамдарды сыныптан тыс жұмыстарға, үйірмелерге тартуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет