Білім берудегі менеджмент



бет15/41
Дата18.10.2022
өлшемі276,86 Kb.
#153595
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
Менеджмент Арай

Бақылау сұрақтары:

  1. Диагностика дегеніміз не?

  2. Мектепішілік бақылау қандай қызмет атқарады?

  3. Мектепішілік бақылаудың түрлеріне мысал келтіріңіз

  4. Педагогикалық талдау дегеніміз не?



Тақырып 8. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау
Жоспар

  1. Жоспарлау – мектепті басқарудың функциясы ретінде

  2. Мектеп жұмысын жоспарлаудың түрлері

  3. Мектеп құжаттары

Негізгі түсініктер: мектеп жұмысын жоспарлау, жоспар түрлері, мектеп құжаттары

Кез келген педагогикалық процесті басқару мақсатты қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогиалық жүйенің үнемі қозғалысты, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді.


Мақсат жоспарлаудың өзегі болғандықтан, ол педагогтың да, оқушының да әрекетін қамтуы керек. Басқару қызметінің мақсаты – жұмыс түрлері мен тәсілдерін, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау.
Сапалы түрде мақсат белгілегенде директормен бірге мұғалімдер, оқушылардың да осы жұмысқа тартылуы, олардың әрқайсысының педагогикалық процесте белгілі бір құқық, міндет, жауапкершілік арқалауына жағдай жасайды. Мақсат қоюды осылай түсіну кешенді мақсатты бағдарламаны іске асыратын жоспарластыруға мүмкіндік береді. Кешенді мақсатты бағдарлама мектеп жұмысы жоспарынан бөліп алынған барынша маңызды 3-4 мәселені нақтылана түскен бөлігі.
Мектеп жұмысының жоспарын дайындағанда бірқатар талаптарды ескерген дұрыс:

  1. Мақсатты бағыттылық талап – белгілі бір мақсатты қондырғы деп есептеу керек. Мұғалім, сынып жетекшісі, қоғадық ұйымдардың әрекетінде мақсат болуы керек.

  2. Перспективалық талап – біріншіден мақсаттың түсініктілігі, айқындығы, жақындығы, екіншіден стратегия ретінде мақсаттың ұзақ мерзімділігін, іске асыруға болатын шынайылығын білдіреді.

  3. Комплестілік талап – жоспарды құру барысында әртүрлі құралдар, әдістер мен тәсілдер, әрекет түрлерін біртұтас байланыста қарастыруды қажет етеді.

Мектеп жұмысының практикасында жоспардың үш түрі кездеседі: перспективалық, жылдық, ағымдық.
Перспективалық жоспар бес жылға арналады. Оның құрылымы мынадай сипатта болуы мүмкін:

  1. Жоспарланған мерзімдегі мектептің міндеттері.

  2. Оқушылар контингентінің жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкіндігінің перспективасы.

  3. Оқу-тәрбие процесін жаңалаудың, педагогикалық инновация енгізудің перспективасы.

  4. Мектептің педагог кадрларға деген сұранымы.

  5. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру.

  6. Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту.

  7. Мұғалімдер мен оқушыларды әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту.

Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жылдық жұмыс жоспарын жасау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде (бірінші тоқсан) мектеп директоры мен оның орынбасарлары нормативтік, әдістемелік құжаттармен танысады. Екінші кезеңде (екінші тоқсан) директордың басшылығымен жобалаушы топ құрылады, олар қажетті мәліметтер жинақтайды. Үшінші кезеңде (үшінші тоқсан) жинақталған мәліметтерге талдау жасалады, комиссия мүшелерінің есептері тыңдалады, туындаған қиындықтар мен оларды жою жолдары анықталады. Төртінші кезеңде (төртінші тоқсан) жоспардың жобасы дайындалып, талқылауға ұсынылады. Жоба оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесінде мектептің жұмыс жоспары ретінде бекітіледі.
Ағымдағы жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанына арналып жасалады.
Мектептің жылдық жоспарының мынадай үлгісін ұсынуға болады:

  1. Мектеп жұмысының өткен оқу жылының қысқаша қорытынды талдауы және жаңа оқу жылының міндеттері.

  2. Мектеп жұмысының жалпы білім қорының жұмысын анықтауы. Мектеп оқушыларының жалпы орта білім алуына бағытталған шаралар жоспарланады. ҚР «Білім туралы» Заңының баптары басшылыққа алынады. Ата-анасы жоқ, қамқорлыққа зәру балаларға материалдық көмек ұйымдастырылады, баланың құқын қорғау, үйде оқыту, тәрбиесі қиын оқушыларға көмек көрсету қамтылады.

  3. Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру қызметі. Оқытуды ұйымдастыру, мектептен тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.

  4. Мектеп, отбасы, қоғамдық ұйымдар мен мен еңбек ұйымдарының бірлескен қызметі. Мектептің отбасымен жұмысы, ата-аналар жиналысы, педагогикалық лекторийлер, ашық есік күндері кіреді.

  5. Педагог кадрлармен жұмыс. Педагогтардың кәсіптік деңгейін көтеру, аттестациялау, семинар, конференция, тренингтер ұйымдастыру, педагогикалық және әдістемелік кеңестер өткізу.

  6. Мектепішілік бақылау жүйесі.

  7. Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту, оқу кабинеттерін жабдықтау, кітапхана қорын толықтыру, мектептегі ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстары.

  8. Ұйымдық-педагогикалық іс-шаралар. Мектеп кеңесінің отырысы, педагогикалық кеңестің тақырыптары жазылады. Мектеп басшыларының міндеттері, кезекшілік кестесі, мектептің жұмыс тәртібі, оқу жүктемесі, сынып жетекшілері, кабинет меңгерушілері, т.б. анықталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет