Білім берудегі менеджмент



бет13/41
Дата11.06.2023
өлшемі190,6 Kb.
#178618
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Байланысты:
Шпаргалка менеджмент

Бақылау сұрақтары:

  1. Жаңашылдық (инновация) дегеніміз не?

  2. Мектепті басқаруда қандай жаңашылдық енгізілген?

  3. Мектептегі инновациялық процестерге мысал келтіріңіз

Тақырып 6. Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі
және нысаны ретінде
Жоспар

  1. «Жүйе» түсінігінің анықтамасы және оның негізгі қасиеттері

  2. Педагогикалық жүйенің құрамдары

  3. Басқару жүйесі

  4. Әдістемелік жүйе

  5. Педагогикалық үдеріс

  6. Педагогикалық жүйенің жалпы белгілері

Негізгі түсініктер: жүйе, педагогикалық жүйе, әдістемелік жүйе

Жалпы педагогикада жүйе ұғымы әр түрлі мағынада қолданылады, мысалы оқыту немесе тәрбие жүйесі, әдіс-тәсілдер жүйесі және т.б. Оқыту үрдісін жүйе ретінде сипаттау үшін осы жүйенің динамикасын, яғни оның құрамындағы элементтер мен құрылысының функцияларына сай өзгеруін бақылай отырып қана айқындауға болады. Демек, мұнда кез-келген жүйе жайында сөз болып отырғанын ескерген жөн.


Жүйе дегеніміз – жалпы қызмет ету мақсатымен және басқару бірізділігімен біріктірілген, ортамен өзара әрекеттесетін біртұтас құбылыс ретінде болатын нақты қасиеттер негізінде ерекшеленген өзара байланысты элементтер. Сонымен, жүйе ұғымы жеке бөліктерден тұратын және ол әр уақытта тұтастықты белгілейді.
Кез-келген білім беру мекемелері әлеуметтік ортаның бір бөлігі бола отырып, өзімен өзгермелі әлеуметтік-педагогикалық жүйені бейнелейді. Білім беру мекемелерін жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның белгілі компоненттерден тұратынын байқаймыз. Мұнда компоненттері ретінде мұғалімдер ұжымы, оқушылар, ата-аналар алға шығады.
Білім беру мекемелері әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде келесідей аспекттер тұрғысынан қарастырылады: жүйелі-құрылымдық аспектісі; жүйелі-функционалдық аспектісі; тарихи аспектісі; жүйелі-қатынастық аспектісі; ақпараттық аспектісі; басқару аспектісі.
1. Жүйелілік, тұтастық – бұл өз компоненттерін өндіруші. Компоненттер, элементтер және оның бөліктері арасындағы бірлік пен өзара әрекеттесу берілген сапада жүйені құрайды, оның қызмет көрсетуін және дамуын қамтамасыз етеді. Осылайша, біз жүйенің құрылымымен, оны ұйымдастырумен жұмыс істейміз, яғни жүйелілік пен тұтастықтың жүйелі-құрылымдық аспектісін қарастырады.
2. Әлеуметтік жүйелерде мақсат жүйені қалыптастырушы фактор ретінде алға шығады және оған қол жеткізу үшін құралдар мен әрекеттерді талап етеді. Мақсатты жүзеге асыруда оның компоненттері мен жүйенің әрекет етуі оның функуциясын анықтайды. Мұнда жүйенің жүйелі-функционалдық аспектісі сипатталады.
3. Әлеуметтік жүйе, қоғамдық бола тұра өзгеріп отырады, себебі оған ішкі қайшылықтар тән. Демек, жүйелер тарихи қамтылғандықтан, олар тарихи аспектіде қарастырылады.
4. Жүйе ашық және көптеген коммуникация ортасымен байланыста бола тұра әрекет етеді, сыртқы ортада дамиды. Неғұрлым жоғары деңгейдегі жүйелер жүйе бөлімшелерінің алдында мақсаттар мен міндеттер қояды, ресурстарын анықтайды, шектеулер орнатады. Мұнда жүйеліліктің жүйелі-қатынастық аспектісі айқын көрінеді.
5. Жүйеге кіретін және одан шығатын ақпарат, жүйе компоненттерінің өзара байланысын көрсетеді және компоненттердің тұтас, ал жүйені ортамен тұтастық жүйесі ретінде сипаттайды. Бұл жерде жүйенің ақпараттық аспектісінің көрінісін табамыз.
6. Келешектегі (қалайтын) жүйенің жағдайымен (мақсаты) қолданыстағы жүйе арасындағы айырмашылық басқару аспектісін анықтайды.
Бұл әдіснамалық жағдайлар білім берудің әлеуметтік-педагогикалық жүйесінде білім беру мекемелерін басқару процесін сипаттаудың негізін қалаушылары болып табылады. Алайда, әлеуметтік-педгогикалық жүйенің мәнін оқып-зерттеу, кешенді тұрғысыз мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет