Білім берудегі менеджмент



бет19/41
Дата11.06.2023
өлшемі190,6 Kb.
#178618
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
Шпаргалка менеджмент

Бақылау сұрақтары:

  1. Мектептің педагогикалық ұжымына анықтама беріңіз

  2. Педагогикалық ұжым мәселесін кімдер зерттеген?

  3. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері?



Тақырып 12. Адами ресурстарды басқару
Жоспар

  1. Адами ресурстарды басқарудың мақсаты

  2. Адами ресурстарды басқарудың әдістері

  3. Адам ресурстарын басқару стратегиясы мен саясаты

Негізгі түсініктер: қызметкерлер, кадрлар, адами ресурстар


Адам ресурстарын басқарудың мақсаты компанияның қызметкерлерін рационалды қолдануды қамтамасыз ету, яғни адам ресурстарының іскерлігі мен қабілеттіліктерінен жалдаушы максималды мүмкін тиімділікті алу, ал жұмысшылар жұмысынан материалдық және психологиялық максималды қанағаттанулары керек. Қызметкерлерді басқарудан адам ресурстарын басқарудың ең басты ерекшелігі – бұл адамдарды басқарудың стратегиялық бағыты. Адам ресурстарын басқару – бұл кәсіпорынның негізгі 4 мақсатына жету үшін қызметкерлерге байланысты өзара байланысқан саясаттардың жиыны. 4 мақсаты: кәсіпкерлік интеграция, қызметкерлердің адалдығы, икемділік және сапа. Адам ресурстарын басқарудың мақсаты бұл бар адам ресурстарын, квалификацияны және қызметкерлердің потенциалын компанияның стратегиясы мен мақсатымен біріктіру. Адамдар корпоративті стратегияның заты, фирма инвестициясының бөлігі болады. Адам ресурстарын басқару бүтін корпоративті мәдениеттің дамуына және қоршаған іскерлік ортадағы кәсіпорынның қажеттілігін теңгеру. Біздің ойымызша, адам ресурстарын басқару – бұл белгілі бір саясат, кәсіпорындағы адам потенциалының өсуіне бағытталған, стратегиялық мақсаттарға жету үшін іскерлікті жүргізу және ұйымдастыру, кәсіпорынның жалпы стратегиясына кызметкерлерді басқаруды енгізгенде жоғарғы экономикалық жетістіктерге жету.
Адами ресурсты басқарудың мақсаты – компаниядағы адам әлеуетін қолдануды жұмыс беруші жұмысшылардың дағдылары мен білімінен жоғары дәрежеде пайда алатындай және жұмысшыларда өз жұмысынан жоғары психологиялық және материалдық қанағат алатындай етіп ұйымдастыру болып табылады. Адам ресурстарын басқару еңбек психологиясы жетістігіне негізделе отырып, кәсіпорын штатын қалыптастыру, жұмысшылардың мұқтаждықтарын және ұйым мен оның қызметкерлерінің арасындағы қарым-қатынасты басқаратын практикалық ережелер мен процедураларды анықтау және қанағаттандыруға және бір сөзбен «кадрларды басқару» деп аталатын технологиялар мен процедураларды қолданады. Адам ресурстарын басқарудың қызметі дәстүрлік қызмет барысында құрылады: кадрлар бөлімшесі, ұйымның еңбек және еңбекақы бөлімшесі, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік бөлімшесі және т.б. жатады. Бұл қызметтің мәселесі – кадрлық саясатты өткізу және ұйымдағы еңбек ресурстарын басқарушылық қызмет көрсету координациясынан құрылады. Осыған байланысты олар өздерінің қызметтерін көбейтеді және таза кадрлық мәселелерден еңбек қызметін көрсетудің ынталандыру жүйесін құру, мамандану басшылығының қозғалуы, конфликтерінің болмауы, еңбек ресурс нарығын оқып білу сияқты мәселелерге көшеді.
Кадрлық саясатты басқару қызметінің құрылымы көбінесе ұйымның көлемі және оның өндіретін, шығаратын өніміне байланысты болады. Кіші және орташа ұйымдарда Адам ресурстарын басқарудың көп функцияларын сызықтық басшылар атқарады. Ал ірі ұйымдарда әр функцияға байланысты өз бетімен жұмыс жасайтын құрылымдық бөлімшелер құрылады. Ұйымның көлеміне байланысты бөлімшелердің құрылымы өзгереді: ұсақ ұйымдарда бір бөлімше бірнеше бөлімшелердің жұмысын атқарады, ал ірі ұйымдарда әр жүйенің бөлімшесінің қызметін бөлек бөлімшелер атқарады.
Кәсіпорынның кадрлық саясаты дегеніміз кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасының өзгеруін байқап отыратын, жауапты және жоғары өнімді коллективті жасау мақсаты бар, әр түрлі қызмет түрлерін біріктіретін қызметкерлермен жұмыс жасау жүйесі.
Адам ресурстарын басқару аспектілері мен әдістері. Нарықтық арақатынастар жағдайындағы кәсіпорынның дұрыс дамуы бәсекеге қабілетті күресті ұстау және осы күресте жеңіп шығу үшін барлық ресурстар түрлерін және ең басты адам ресурстарын максималды және рационалды қолдану. Адамдар – бұл кәсіпорынның ең бағалы ресурстары. Көптеген мемлекеттерде қазіргі кезде «қызметкер» және «кадрлар» терминдерінің орнына «адам ресурстары» терминінің қолданылуы кездейсоқ емес. Бұндай жағдайда адамдар кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына жетуі үшін компанияның жетістігі ретінде, бағалы ресурстар ретінде қарастырылады. Қазіргі кездегі бәсеке күресінде аман қалып, дұрыс дами алады тек сол компаниялар және фирмалар қасыларының даму концепциясы дұрыс көрсетілген және олардың кәсіпкерліктерінің ішкі және сыртқы жағдайларының жүйелік анализі негізінде құрылған кадрлық саясаттары. Адам ресурстарын басқару, ол мекемені басқарудың адам аспектісі және қызметкерлердің өз компанияларымен қарым-қатынасы. Адам ресурстарын басқарудың мақсаты компанияның қызметкерлерін рационалды қолдануды қамтамасыз ету, яғни адам ресурстарының іскерлігі мен қабілеттіліктерінен жалдаушы максималды мүмкін тиімділікті алу, ал жұмысшылар жұмысынан материалдық және психологиялық максималды қанағаттанулары керек. Адам ресурстарын басқару стратегиясы мен саясаты. АРБ стратегиясы ұйымды дамытудың жалпы стратегиясының ажыратылмайтын бөлігі. Ол - ұйым дамуының болашағын ескеріп жасалынады, ұйымның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінің іс жүзіне асыруын қолдау-оның мақсаты болып келеді. Стратегия кәсіпорын шығаратын өніс рыногын тұжырымдамасын қамтиды және кәсіпорынның мақсаттарына жетуге қажет ресурстар мен амалдарын белгілейді. АРБ стратегиясының мақсаты - кәсіпорын бизнес стратегияларын адам ресурстарын қалыптастыруға, оларды сақтау және пайдалану бойынша нақты шешімдер мен іс-әрекеттері түрлеріне айналдыру. АРБ стратегиясы кәсіпорының бәсекелестік стратегиясына елеулі үлес қосады. АРБ басқару саясаты орнына өмірде ұйымның кадр саясаты деген түсінік кең тараған, бірақ осы уақытқа дейін ортақ көзқарас қалыптаса қоймаған. Кадр саясаты АРБ стратегиясы мен қызметкерлерді күнделікті басқару қызметі арасындағы бөлімі болып келеді. Ұйымның кадрлық саясаты деп нормалар мен ережелер жүйесін айтамыз, олардың негізінде қызметкерлерді басқару бойынша қызметтің негізгі бағыттары (іріктеу, оқыту, уйрету, қызмет бабында көтерілу) алдын ала жоспарланады және олар ұйым мақсаттары мен міндеттерімен үйлестіріледі. Кадрлық саясат кәсіпорынның негізгі мақсаттарына – орнықты қызметін сақтауға, бәсекелістік қабілетін жоғарылатуға, өз саласында көшбасшы болуға бейімделеді. Кадрлық саясаттың болуы көп мәселелердің дұрыс шешілуіне өз ықпалын жасайды: кадрлық жұмыстың элементтеріне және олардың өзара байланысына қалай кірісу керектігіне,кадр шешімдер қабылдауға кететін уақытты үнемдеуге, жеке тұлғалардың қате шешімдер қабылдау тәуелділігін азайтуға,заңдарды бұзбауға және т.б. Кадр саясатымен жете танысу тиісті ұйымдастырушылық мәдениетті қалыптастыруға себепші болады, тәртіп бұзу мен кадр тұрақсыздығын төмендетеді, орынсыз еңбек дау тууын жояды, қызметкерлердің алаңдауына, өзгерістерге қарсыласпауына көмек тигізеді. Осының барлығы кадрлық шешімдерді қабылдайтын менеджерлер қызметін елеулі күрлендіреді және заманауи кадрлық қызмет орны қалыптасуына ерекше талаптар қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет