Білім берудегі менеджмент



бет14/60
Дата11.06.2023
өлшемі309,25 Kb.
#178621
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60
Байланысты:
әдістемелік құрал Менеджмент

Европалық басқару стильдері:
Европа мен Германияда адам ресурстарын басқару мекемелері мемлекеттік мекемелерде немесе жеке фирмаларда І-ші орында тұр. Олардың қызметі келесі функциялары көшуге арналған:

  • Барлық өндіріс бөлімдерін жұмысшымен қамтамасыз ету.

  • Жұмысшының қызметін реттеу үшін шаралар қолдану.

  • Жұмысшыларға үздіксіз білім беріп, мамандануын жоғарылату.

Германияда үлкен фирмаларда персоналды басқаруды маманданған мекеме жүзеге асырады. Мысалы, 130-150 адамға бір-ақ маман. Адам ресурстарының басқару қоршаған ортаға байланысты болады. Бұған біз мемлекетті реттеуді нарықтық шарттарды техниканың, кәсіпорын мақсаты мен стратегиясын жатқызамыз.
Өнімді жұмысты ұйымдастыру үшін басшыларға мына шараларды қолдану керек:

  • Жұмысшыны уақытында ақпараттандыру.

  • Персоналдық жұмыс деңгейін қай салада көтеру керек екенін көрсетеді.

  • Жұмысшы ретінде оның мамандандыруын арттыру.



Қазақстанда менеджмент пәні бойынша алғашқы қазақша оқулық қазақстандық менеджмент мектебінің негізін қалаушылардың бірі профессор К.Ғ. Ахметовтың «Менеджмент негіздері» (1993) кітабы болып есептеледі. Біздің отандастарымыздың арасынан «Менеджмент негіздері» (1994), «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» (2001) жұмыстарының авторы К.Б. Бердалиевті де атауға болады. Осы еңбектерінде ол қазақстандық кәсіпорындарды басқару ерекшеліктерін мазмұндады. Қазақстанда кадр менеджментінің мәселелерін алғаш рет зерттеген қарағандылық ғалым Р.С.Кареновтің одан басқа «Өндірістік менеджмент» (1996), «Инновациялық менеджмент» (1997) деген еңбектері бар. Ол «Кадрлық менеджмент» (2001) атты еңбегінде нарықтық экономика жағдайындағы кадрлармен жұмыс жүргізудің отандық тәжірибесін қорытты және біздің еліміздің кәсіпорындарында позитивті шетел тәжірибесін пайдалану жөнінде кейбір пікірлерін ұсынды. Қазақстандық кәсіпорындар тұрғысынан өндірістік менеджменттің теориялық аспектілері Ә.Ә. Әбдрешевтің «Кәсіпорынның өндірістік менеджменті» (2001) кітабында келтірілген. Онда стратегияны, жоспарлауды, еңбекті басқаруды дамытудың әдістемелік ұсыныстары көрсетілген. Нарықтық жағдайда қаржы менеджерінің рөлі айтарлықтай өскендіктен қаржы менеджментінің мәселелері де Қазақстан ғалымдарының еңбектерінен көрініс табуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет