Бақылау сұрақтары:
Менеджмент терминіне анықтама беріңіз
Менеджментке кәсіби қызмет түрінде анықтама беріңіз
Менеджмент басқару туралы ғылым ретінде қалай дамыды?
Менеджменттің америкалық типі
Менеджменттің жапондық типі
Менеджменттің батыс еуропалық типі
Тақырып 2. Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқарудың теориясы және технологиясы ретінде
Жоспар
Білім берудегі басқару түсінігі
Педагогикалық менеджмент теориясының негізгі түсініктері
Педагогикалық менеджмент мақсаттары мен міндеттері
Педагогикалық менеджмент әдістері
Негізгі түсініктер: білім беруді басқару, педагогикалық менеджмент, білім берудің сапасы, жүйе құраушы факторлар, мемлекеттік-қоғамдық басқару
Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу 20 ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредерик У.Тейлордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлордың пікірінше тиімді ғылыми басқару ұдайы бақылау, тәжірибе жасау және ой- саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизенсті жпандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай келе, мынадай тоқтамға келеді: «дәстүрлі әдістің орнына – ғылым, қарама- қарсылықтың орнына – үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, еңбек өнімділігін арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау...»
Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің бірі болып табылады. Бірақ басқару процестерін тарихтан тыс және басқаруды жүзеге асыру саласынан қол үзген деп қарастыруға болмайды.
Басқарудың анықтамалары көп. Олардың кейбіреулері мынандай:
Басқару дегеніміз жүйенің жаңа сол жүйеге арналған күйге көшуі (академик Берг);
Басқару – не істеуге тура келетінін және мұны қайткенде, мейлінше жақсы және арзан істеуге болатынын білу өнері (Тейлор).
Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы еңбек бөлінісінің қажеттігіне байланысты. Екінші жағы басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік экономикалық аспект), белгілі бір мақсатты іске асырумен байланысты.
Барлық қоғамдық жүйелер ішінен зерттеу үшін басқару ғылымы қоғамдық өндірісті басқаруды таңдап алады. Ол мынандай буындардан: жалпы қоғамдық өндірісті басқару, материалдық игіліктер өндіруді басқару, рухани игіліктер өндіруді басқару және қызмет көрсетуді басқару буындарынан тұрады.
Бұл арада олардың арасында көлбеу байланыстар бар екені әбден айқын көрінеді. Материалдық игіліктер өндіру басым болады, өйткені басқарудың басты объектісі сол. Ол материалдық негіз ретінде рухани игіліктер өндіру мен қызмет көрсетуді алдын – ала анықтайды, ал сонымен қатар, олар материалдық игіліктер өндіруге ықпал жасайды.
Басқарудың бастапқы негізі басқарудың қалыптастырылуы мен мақсатын таңдап алу болып табылады. Адамның кез-келген қызметінің басты белгісі – нысаналы қызмет. Сондықтан да ерекше әлеуметтік қызмет ретінде басқаруға нысаналық тән.
Әлеуметтік басқарудың айырмашылығы мынада: басқару субъектісі басқару объектісіне қызметтің мақсатын анықтау жолымен ықпал жасайды.
Кең мағынасында алғанда, басқару дегеніміз - қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғаттағы тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф. Энгельс еңбек құралдарын басқаруға «заттарды басқару» деген анықтама берген:
тірі организмдерді (биологиялық жүйелердегі) басқару процестері;
қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет педагогикалық жүйелерді басқару мәнін, принциптерін, мазмұнын толық білуді қажет етеді.
Педагогикалық үрдісті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады.
Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді.
Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады.
Білім беру мекемелерін басқару – кез келгені жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, ол терең меңгеруді қажет ететін ғылыми білімдер жүйесі, және туа біткен қабілетті, ерекше дарындылықты, лидерлік қасиеттерді талап ететін өнер. Заманауи білім беру мекемесінің басшысы – ол тек қызмет қана емес, кәсіп те, өйткені бұл қызмет кәсіптің барлық белгілеріне ие: жетекші іс-әрекет, арнайы білімді, білік пен дағдыны, арнайы тұлғалық әрі кәсіби сапаларды міндеттейді.
1920 жылы орта мектептің білім құралында «Бастық жоқ, мектеп меңгерушісі жоқ, сынып жетекшісі жоқ, тек қана мектептің барлық өміріне ұжыммен жауап беретін, бір-бірімен тең дәрежедегі мектеп жұмыскерлері ғана бар», – деп көрсетілген. Әрине, мұндай жағдайда ішкі мектеп басқаруындағы теория жайында сөз қозғау қиын. 1921 жылы мектеп кеңестерінде өз басқару күшін көрсететін меңгеруші дәрежесі пайда болады.
Соңғы рет ішкі мектеп басқармасы өзінің толық күшін 30 жылдардың бірінші жартысында талап етті. Осы уақытта елімізде әрі қарай халықтық білімнің даму жүйесі мектеп басқармасында жалғыз басшының рөлінсіз болмайтыны анық айқын болды.
1934 жылдың 15 мамыр айында ССР және ЦК ВКП(б) СНК Одағының «СССР бастауыш және орта мектебінің құрылысы туралы» құрылымы жарыққа шығады, оның бір бөлігінде толық емес орта мектептер мен орта мектептердің меңгерушілері міндетті түрде директор атымен аталсын деп айтылған. Бұл құрылым мектептің директор фигурасын мемлекет алдында мектеп іс-әрекетіне толығымен жауап беретін администратор, мамандандырылған педагог ретінде анық көрсетті.
Мектеп жетекшісін тағайындау оның міндеттерінің нақты анықтамасын талап етті. Алдағы баспаларда мектеп басқармасының тәжірибесі туралы мақалалар шыға бастады.
1939 жылы 4 қыркүйекте РСФСР наркомының №123 жарлығында мектеп басшыларының міндетіне бірінші рет мұғалімнің жұмысын жүйелі зерттеу жарлығы шығады, кейін директорлардың олақтығына терең педагогикалық талдау, жүргізу көп уақытқа дейін ішкі мектеп басқаруының өзегі болып тұрған, мектеп ішіндегі бақылаудың бәрін қамтитын, өнімсіздік жүйесіне айналдырады.
Соғыс жылдарынан кейін оқу жылының жоспар әдістемесіне және 60 жылдардың басына дейін мектеп директорларының жылдық есебінің технологиясына көп назар бөлінеді.
40 жылдардың аяғында мектеп ішінде басқаруды қалыптастыратын, басқарудың тәжірибесі мен әдебиетінде «жетекшілік пен бақылау» термині пайда болады. Әрине, бұл уақытта ешқандай мектеп ішіндегі басқару теориясы туралы айтуға болмайды. Оның басты екі функциясы оқытылады және өңделеді: мектеп ішіндегі бақылау және жоспарлау, онда ізденістің үлкен бөлігі эмпирикалық мінездеме мен қосымшаны ұстанады және барлық мектеп ішіндегі басқару циклінде өткізіледі.
60 жылдардың басында педагогикалық әдебиеттерде «мектепті басқару», «мектеп ішіндегі басқару» терминдері пайда бола бастайды, бұнда көбінесе оқымыстылар-мектеп басшылары және халықтық білім органдары, олардың жоғары эшелондары арасында қайшылықтар көп кездесті. Барлық мектеп басқару циклы туралы арнайы ізденіс, мектеп ішіндегі басқару қызметіне педагогикалық талдау сияқты, бірінші рет «оқу жылы» сияқты басқару циклы туралы ізденістер пайда болды.
80 жылдардың аяғында «мектеп ішіндегі басқару» термині аты шулы барлық кезең бойы педагогикалық ғылымда мазмұны толығымен ашылмаған «жетекшілік және бақылау» терминін біржолата ығыстырады.
70-80 жылдары ғалымдардың мектеп ішіндегі басқару проблемасын зерттеу жүйесін кең түрде қолдану әрекеті сипатталады.
Педагогикалық менеджмент – іс-әрекеттік жүйе, ол өзінің құрамына келесі құрылымдық-функционалдық компоненттерді және жүйе үлгілер факторларын кіргізеді:
- іс-әрекет мақсаты (жоспарланған, күтілген нәтиже);
- іс-әрекет субъектісі (директор, оның орынбасары, оқытушы, оқушылар, студенттер және т.б.);
- іс-әрекет объектісі (ол екінші субъект) – жетекшінің айтқанын орындаушы (оқушы, студент, оқытушы, ди-ректордың орынбасары және т.б.);
- іс-әрекет мазмұны (оқу, басқару және басқа да ақпараттар);
- іс-әрекет қабілеті – (жетекшінің оқытушымен және оқушылармен, оқытушының оқушылармен арақатынасының стилі мен әдісі және т.б.).
Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық процесстің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі.
Білім беру ұйымының тиімді қызмет атқаруы менеджментті ішкі басқару жүйесінің тұжырымдамалық негізі ретінде пайдалануға негізделеді, соның нәтижесінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда адамға бағдарланған тәсіл іске асырылып, ұйым қызметінің күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуде барлық ресурстар жұмылдырылады.
Басқару әдісі - педагогикалық менеджмент оның негізгі функцияларының іске асыруындағы қойылған мақсаттарының іске асуы. Педагогикалық менеджмент әдістерінің төрт түрі. Ынталандырудың экономикалық әдістері. «Әркімнің қабілетіне, әркімге еңбегіне қарай» маңызды ұстаным. Педагогикалық қызметкерлердің санға және еңбек сапасындағы сәйкестіктеріне орай экономикалық ынталандыру әдістерін жетілдіру. Әкімшілік әдістер. Орындау қызметіндегі уақыттың шектелуін нұсқаулау, бұйрықтар талаптар және т.б. түрлеріндегі орындаушыларды инструкциялау және нормаға келтіру. Басқарудың автократиялық стилін қалыптастыру. Психология – педагогикалық әсерлердің әдістері.
Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру);
- əкімшілік – ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т.б.);
- психологиялық – педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);
- қоғамдық əсер əдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау).
Достарыңызбен бөлісу: |