Білім берудегі менеджмент



бет16/60
Дата11.06.2023
өлшемі309,25 Kb.
#178621
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60
Байланысты:
әдістемелік құрал Менеджмент

Басқарудың экономикалық әдiстерi – бұл адамдардың экономикалық қатынастары мен олардың экономикалық мүдделерiн пайдаланатын адамдарға ықпал етудiң тәсiлдерi.
Басқарудың экономикалық әдiстерiне орталық орын берiледi. Бұл басқару қатынастары ең алдымен экономикалық қатынастармен және оның негiзiнде жататын адамдардың объективтi қажеттiлiктерiмен және мүдделерiмен анықталатындығына байланысты.
Фирмадағы еңбектi ұжымдық ұйымдастырудағы маңызды сұрақ – ұйымды басқаруға қатысты олардың көмегiмен тұтастай ұжымның және жекелей адамдардың талаптарын қанағаттандыратын әсер алынатын экономикалық тұтқалардың жиынтығын бiлдiретiн басқарудың экономикалық әдiстерiн меңгеру. Басқаша айтқанда, қойылған мақсатқа басқарылатын объектiнiң экономикалық мүдделерiне ықпал ету арқылы қол жетедi.
Басқарудың экономикалық әдiстерi әсерлi болуы үшiн кем дегенде ұйымның экономикалық тұтқаларға жауап қайтаруын қамтамасыз ету қажет. Онсыз құрылымдық бiрлiктердiң құқығын кеңейту мен ұйымның өзiн-өзi қаржыландырудың мәнi жойылады. Өз кезегiнде дербестiктi кеңейту ұжымдардың шаруашылық қызметiнде үлкен еркiндiкке және басшылықтағы экономикалық әдiстерге әкеледi. Тек негiзделген дербестiк жағдайында ғана басшылықтың экономикалық әдiстерiне нақты көшу мүмкiн болады: ұжым материалдық қорлармен, алынған кiрiспен (пайдамен), жалақымен иелiк етедi және өзiнiң экономикалық мүдделерiн iске асырады. Экономикалық әдiстер жаңа мүмкiндiктердi, резервтердi табуға жәрдемдеседi, ал ол нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде әсiресе маңызды. Сөз өндiрiстiк процеске барлық қатысушылардың экономикалық мүдделерiн ескере отырып материалдық ынталандыру жүйесiн өзгерту туралы болып отыр. Мұндағы мәселе экономикалық әдiстер әсерлi және мақсатты болып табылатындай жағдай жасау.
Мәселенiң барлық күрделiлiгi еңбек ұжымының ұйымдармен, мекемелермен, халық шаруашылық кешенiнiң өзге құрылымдарымен және өз ұжымының мүшелерiмен қатынастарда экономикалық тәуелдiлiктер мен шаруашылық байланыстардың кешендi субординациясын қамтамасыз етуден тұрады. Байланыстардың бұл жүйесiндегi әлдебiр буынның түсiп қалуы немесе әлсiреуi экономикалық басшылықтың тиiмдiлiгiн төмендетедi.
Басқарудың экономикалық әдiстерi жалпы жоспарлы-экономикалық көрсеткiштер мен оларға жету құралдарын әзiрлеудi ұйғарады. Мұны шаруашылық қатынастардағы экономикалық механизм деуге болады. Экономикалық тұтқалар мен ынталардың әсерлiгiн арттыру нәтижесiнде еңбек ұжымы мен оның мүшелерi тиiмдi жұмысқа әкiмшiлiк ықпалмен емес, экономикалық ынталандырумен талаптанады. Басқарудың экономикалық әдiстерi негiзiнде ұйымдастыру-өкiмдiк және әлеуметтiк-психологиялық әдiстерi дамып және нығайып, кәсiбилiк пен оларды қолдану мәдениетi артуы тиiс.
Нарық жағдайында басқарудың экономикалық әдiстерi одан әрi дамып, олардың әрекет ету өрiсi кеңейедi. Жеке экономикалық қызығушылықты пайдалана отырып, қайсыбiр ұйым алдында мемлекет қойған мақсаттарға жетуге болады.
Экономикалық ықпал ету тұтқаларының нақты жинағы мен мазмұны басқарылатын жүйенiң ерекшелiгiмен анықталады. Осыған орай басқарушылық тәжiрибесiнде басқарудың экономикалық әдiстерi көбiне келесi нысандарда болады: жоспарлау, талдау, шаруашылық есеп, баға белгiлеу, қаржыландыру.
Ұйымды басқарудағы экономикалық мiндеттердi шешу үшiн экономика-математикалық әдiстер де кеңiнен қолданылады, себебi экономикалық мiндеттердiң негiзгi қасиетi шектегiш шарттардың көп саны мен шешiмдердiң көптiгi болып табылады. Олардың экономикалық мәнiн белгiсiз айнымалыларға салынатын шектегiш шарттардың жүйесiн бiлдiретiн математикалық үлгi бейнелей алады.
Экономика-математикалық әдiстердiң көмегiмен қайсыбiр экономикалық құбылысты сипаттайтын нақты деректердi алуға және барынша тиiмдi шешiм табуға болады. Бұдан өзiндiк «керi байланысты» байқауға болады: тек математика экономиканың дамуы үшiн қызмет етпей, экономика да математиканың дамуына жәрдемдеседi. Алайда бұл салада әзiрше белгiлiктi үзiк бар: экономиканың қажеттiлiктерi математиканың мүмкiндiктерiнен озық.
Көбiне алуан түрлi экономикалық әдiстердi шешуге арналған сызықтық үлгiлердi қолданады, ал экономикадағы барлық дерлiк тәуелдiлiктер сызықтық емес. Экономикалық тәжiрибе бiрқатар математикалық пәндердiң пайда болуына себеп болды: математикалық бағдарламалау, ойындар теориясы, бұқаралық қызмет көрсету, қорларды басқару, операцияларды зерттеу және т.б.
Еңбек нәтижелері көбіне бірталай психологиялық факторларға байланысты екендігі анықталды. Бұл факторларды ескеру және олардың көмегімен жекелеген қызметкерлерге ықпал ете білу басшыларға мақсаттары мен міндеттері бірыңғай ұжымды қалыптастыруға көмектеседі. Әлеуметтік зерттеулер шаруашылық жүргізуші басшы қызметінің жетістігі 15%-ке оның кәсіби біліміне, 85% адамдармен жұмыс істей білуіне байланысты болатындығын көрсетті.
Әрбір жекелеген адамның мінез-құлық ерекшелігін біле отырып, ұжым үшін қажетті бағыттағы оның мінез-құлқын болжауға болады. Бұл әр топқа өзіндік психологиялық ахуал тән екендігіне байланысты. Сондықтан еңбек ұжымын құру мен дамытудың маңызды шарты психофизиологиялық үйлесімділік қағидасын сақтау болып табылады. Жапон әлеуметтанушылары адамның жұмыс істеу ынтасы, көңіл-күйі, ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдай есебінен еңбек өнімділігі шамамен 1,5 есе артуы немесе бірнеше есе төмендеуі мүмкін деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет